"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ж. Маханбетов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылындағы:
1) Ақсуат ауылдық округі, Ж. Маханбетов ауылындағы келесі көшелерге:
№17 көшеге Ермек Төлепбайұлының есімі;
№19 көшеге Жамаладин Қорғанбековтің есімі;
Атауы жоқ көшеге Байқадам Байқуатовтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсуат ауылдық округінің әкімі | Н. Бакытов |
