"Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 2772 қаулысы

      Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. "Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6675 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады