Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативін, сондай-ақ өлшемшарттарын, өтінім нысанын және өтінім беру мерзімін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 241 қаулысы

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алу өтінім нысаны.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Д. Жаналинов

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 241 қаулысына 1-қосымша

Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі

Субсидиялау бағыты

1 бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия алуға өлшемшарттар

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді
беру
мерзімі

1

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату
(сүтті және сүтті - етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы)

160 000

1. Есепке алу нөмірінің болуы;
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердің болуы;
3. Өтінім беру сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының тіркелген болуы;
4. Өтінімді берген сәтте (жасы 13 ай және одан асқан) ауыл шаруашылығы жануарларының 400 бастан басталатын меншікті аналық басының болуы

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен интеграциялық өзара әрекеттесу

ағымдағы жылдың 30 желтоқсанды қоса алғанда

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 241 қаулысына 2- қосымша
  Нысан
____________________________
(облыстың,) жергілікті
атқарушы органы

Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алу өтінімі

  Өтінім нөмірі: _____________
Өтінімнің қалыптастырылған
күні: _____________________

      1. Тауар өндірушінің атауы
______________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/заңды тұлғаның атауы)

      2.Тауар өндірушінің мекенжайы:__________________________________
______________________________________________________________
(облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)

      3. Тауар өндірушінің телефон нөмірі ______________________________

      4. Банктік деректемелері (ЖСК, Кбе, БСК):_________________________

      5. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі:_____________________________

      6. ЖСН-сы/БСН-сы_____________________________________________

      7. Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер

Кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы, гектар

Жер санаты

Нысаналы мақсаты

1

2

3

4

5

1.





2.





      8. Жасы 13 ай және одан асқан ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы туралы мәлімет:

АЖБ-да тіркелген мал басының ЖСН-сы

1

2

1.


2.


      9. Субсидиялауға жататын аналық мал басының саны________бас.

      10. Субсидиялау нормативі 1 бас үшін ________________ теңге.

      11. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы _______________ теңге.

      12. Сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі.

      13.Электрондық шот-фактура (импорт кезінде талап етілмейді):

ЭШФ беру күні

Айналым жасалған күн

ЭШФ нөмірі

Сатушының ЖСН/БСН

Сатушының атауы

Жалпы құны

1

2

3

4

5

6

7

      14. Құны толық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі
(ел ішінен сатып алынған кезде: бақылау-касса аппараттарының кіріс кассалық ордері
мен чектері немесе төлем тапсырмасы немесе банктік үзінді-көшірме; шетелден сатып
алған кезде: тауарларға арналған кедендік декларация/тауарларды әкелуге және
жанама салықтарды төлеуге арналған өтініш(тер) және ақша аударуға өтініш).
Субсидияларды алу үшін қолданылған электрондық шот-фактураларды бұғаттау
туралы хабардармын. Мәлімделген мал басының күнтізбелік жыл ішінде сақталуын
қамтамасыз ететінімді растаймын (мал шығынның зоотехникалық нормасын және
асыл тұқымды өткізуді қоспағанда), мал басының азаюы (өтініш берген күнге) және
сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, жануарларының сақталмаған басына
алынған субсидияларды қайтаруға келісемін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын
растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімдіі жинауға, өңдеуге,
сондай-ақ уәкілетті органға бюджетті орындау бойынша көрсетілген мемлекеттік
қызмет бойынша деректерді беруге келісім беремін. Дербес деректердің
трансшекаралық түрде берілуі болмағанын, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға
бірдей қолжетімді көздерде таратылуы орын алмағанын хабарлаймын. Жиналатын
деректердің тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер,
электрондық почта, телефон нөмірі.
Өтінім беруші 20__ жылғы ___ сағат ____ қол қойып, жіберді
Өтінім беруші туралы ЭЦҚ-дан алынған мәліметтер.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Кбе – бенефициар коды; БСК – банктік сәйкестендіру коды;
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
ЭШФ – электронды шот фактура;
ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады