Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 27 және 85-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 10 шілдедегі № 01-04-21-03/8192 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
4. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына 1-қосымша |
Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектілерінің атауы | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы | Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1 | Сырдария өзені | Сырдария ауданы | 6962,5 | 500 | 100 |
2 | Сырдария өзені | Шиелі ауданы | 25979,9 | 500 | 100 |
3 | Сырдария өзені | Арал ауданы | 29606,17 | 1000 | 100 |
4 | Сырдария өзені | Қазалы ауданы | 41790,54 | 1000 | 100 |
5 | Сырдария өзені | Қармақшы ауданы | 54350,27 | 1000 | 100 |
6 | Сырдария өзені | Жаңақорған ауданы | 17503,46 | 500 | 35 |
7 | Сырдария өзені | Жалағаш ауданы | 6293,91 | 500 | 35 |
8 | Сырдария өзені | Қызылорда қаласы | 18336 | 43-569 | 35 |
9 | Арал теңізі | Арал ауданы Бөген ауылдық округі | 31266,300 | 500 | 35 |
10 | Қарашалаң көлі | Арал ауданы Бөген ауылдық округі | 3410,42 | 500 | 35 |
11 | Жалаңаш көлі | Арал ауданы Қосжар ауылдық округі | 1594,03 | 500 | 35 |
12 | Қаязды - Бидайкөл көлі | Арал ауданы Қосжар ауылдық округі | 1182,88 | 500 | 35 |
13 | Лайкөл көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 1467,75 | 500 | 35 |
14 | Ақшатау - Сорғақ көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 2428,53 | 500 | 35 |
15 | Қаракөл көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 1366,05 | 500 | 35 |
16 | Суықкөл көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 200,09 | 500 | 35 |
17 | Райым көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 725,16 | 500 | 35 |
18 | Алашакөл көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 598,68 | 500 | 35 |
19 | Шөмішкөл көлі | Арал ауданы Райым ауылдық округі | 638,56 | 500 | 35 |
20 | Құмкөл көлі | Қазалы ауданы Әйтеке би кенті | 246,11 | 500 | 35 |
21 | Қотанкөл көлі | Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округі | 2047,04 | 500 | 35 |
22 | Ақкөл көлі | Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі | 852,37 | 500 | 35 |
23 | Ащыкөл көлі | Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі | 371,66 | 500 | 35 |
24 | Қаракөл көлі | Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округі | 455,96 | 500 | 35 |
25 | Қуандария көлі | Қазалы ауданы Тасарық және Сарыбұлақ ауылдық округтері | 15371,106 | 500 | 35 |
26 | Қалғандария көлі | Сырдария ауданы А. Тоқмағанбетов ауылдық округі | 262,52 | 500 | 35 |
27 | Таушұқырой көлі | Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі | 401,4 | 500 | 35 |
28 | Алабие көлі | Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі | 1599,2 | 500 | 35 |
29 | Үлкен барша көлі | Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округі | 439,4 | 500 | 35 |
30 | Ханқожа көлі | Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі | 4130,1 | 500 | 35 |
31 | Қараөзек арнасы | Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары | 17200,3 | 500 | 35 |
32 | Қалғандария – 200 көлі | Қызылорда облысы Қызылорда қаласы | 341,9 | 500 | 35 |
33 | Иіркөл көлі | Қызылорда қаласы | 393,243 | 500 | 35 |
34 | Сасықкөл көлі | Қызылорда қаласы | 390,503 | 500 | 35 |
35 | Иіркөл көлі (Прудхоз) | Қызылорда қаласы | 482,587 | 500 | 35 |
36 | Жарықкөл көлі | Арал ауданы | 3476,122 | 500 | 35 |
37 | Тұщыкөл көлі | Арал ауданы | 3846,711 | 500 | 35 |
38 | Домалақкөл көлі | Арал ауданы | 385,083 | 500 | 35 |
39 | Мариямкөл көлі | Қазалы ауданы | 1988,134 | 500 | 35 |
40 | Томайкөл көлі | Қазалы ауданы | 852,9 | 500 | 35 |
41 | Жанай №1 көлі | Қазалы ауданы | 347,801 | 500 | 35 |
42 | 9-Құдық-Әлтәй көлі | Қармақшы ауданы | 1748,243 | 500 | 35 |
43 | Таскөл көлі | Қармақшы ауданы | 536,352 | 500 | 35 |
44 | Лайкөл көлі | Қармақшы ауданы | 591,576 | 500 | 35 |
45 | Меңей көлі | Қармақшы ауданы | 269,977 | 500 | 35 |
46 | Иіркөл көлі | Жалағаш ауданы | 546,647 | 500 | 35 |
47 | Бәйбіше көлі | Жалағаш ауданы | 539,992 | 500 | 35 |
48 | Қаракөл көлі | Жалағаш ауданы | 72,078 | 300 | 35 |
49 | Серкеш көлі | Жалағаш ауданы | 574,641 | 500 | 35 |
50 | Қазымбет көлі | Сырдария ауданы | 757,487 | 500 | 35 |
51 | Қаракөл көлі | Сырдария ауданы | 440,932 | 500 | 35 |
52 | Байсары көлі | Сырдария ауданы | 303,621 | 500 | 35 |
53 | Итатқан көлі | Шиелі ауданы | 317,505 | 500 | 35 |
54 | Домалақ көлі | Шиелі ауданы | 640,232 | 500 | 35 |
55 | Құмшұқырой көлі | Шиелі ауданы | 452,728 | 500 | 35 |
56 | Өзгент көлі | Жаңақорған ауданы | 590,644 | 500 | 35 |
57 | Жашыкөл көлі | Жаңақорған ауданы | 589,578 | 500 | 35 |
58 | Қойлық ата көлі | Жаңақорған ауданы | 672,161 | 500 | 35 |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына 2-қосымша |
Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдаланудың режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникациялары:
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына 3-қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қызылорда облысының Шиелі және Сырдария аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 283 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелген).
2. "Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5341 болып тіркелген).
3. "Қызылорда облысының Жаңақорған және Жалағаш аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген).
4. "Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5758 болып тіркелген).
5. "Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 1247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6481 болып тіркелген).
6. "Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 1335 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 болып тіркелген).
7. "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8139 болып тіркелген).
8. "Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8605-11 болып тіркелген).
