Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 134 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 шілдедегі № 181 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      1) Арай-Шұғыла-1 көшесі - "Ырысты" атауымен;

      2) Арай-Шұғыла-2 көшесі "Айнакөл" атауымен;

      3) Арай-Шұғыла-3 көшесі "Қарғалы" атауымен;

      4) Арай-Шұғыла-4 көшесі "Тораңғыл" атауымен;

      5) Арай-Шұғыла-5 көшесі "Бозарал" атауымен;

      6) Арай-Шұғыла-6 көшесі "Кендірлі" атауымен;

      7) Арай-Шұғыла-7 көшесі "Көлтоған" атауымен;

      8) Сұлтанбек Қожанов көшесі "Талас" атауымен;

      9) Төле би-2 тұйық көшесі "Алтынбек Сейдахметов" есімімен қайта аталсын.

      2. Қызылорда қаласындағы келесі атауы жоқ құрамдас бөліктерге мынадай атаулар:

      1) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атаусыз көшеге "Қайым Мұхамедханов" есімі;

      2) Сол жағалаудағы Абылай хан даңғылы бойындағы айналма жолдан бастау алып "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізіне қарай түйісетін атаусыз көшеге "Сейілбек Шаухаманов" есімі;

      3) Сол жағалаудағы Абылай хан даңғылынан Сырдария өзеніне түйісетін атауы жоқ көшеге "Нұртас Оңдасынов" есімі;

      4) Сол жағалаудағы негізгі көпірден бастау алып "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізіне шығатын жолға дейінгі атауы жоқ көшеге "Сұлтанбек Қожанов" есімі;

      5) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атаусыз көшеге "Серікбол Қондыбай" есімі;

      6) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Рақымжан Қошқарбаев" есімі;

      7) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Хамит Қалиев" есімі;

      8) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Махамбет Тәшімов" есімі;

      9) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Сексенбай Тұрбаев" есімі;

      10) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Әбілхақ Дәуітов" есімі;

      11) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Шайхы Бейсембаев" есімі;

      12) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Елеусін Қайназаров" есімі;

      13) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Үдербай Баймаханов" есімі;

      14) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Қазтай Кенжеғараев" есімі;

      15) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Жаутбек Мусаев" есімі;

      16) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Пірімжан Қалымбетов" есімі;

      17) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Әбдіраш Іскендіров" есімі;

      18) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Мұсылманбек Мәжитов" есімі;

      19) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Жылқайдар Қоянбаев" есімі;

      20) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Қаратай Қуаңбаев" есімі;

      21) "Саяхат" шағын ауданындағы №10 көшеге "Ибрагим Нұрымбетов" есімі;

      22) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Ғабден Габсаттаров" есімі;

      23) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Нұрділдә Байманов" есімі;

      24) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Жұман Тұяқбаев" есімі;

      25) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Төлеген Оспанов" есімі;

      26) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Әлімбай Әлиасқаров" есімі;

      27) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Үсейін Ысқақов" есімі;

      28) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Молдағали Сариев" есімі;

      29) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Қартаңбай Замединов" есімі;

      30) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Кеңесбай Қалиев" есімі;

      31) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Темірбай Дүйсенов" есімі;

      32) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Тоқжан Әділов" есімі;

      33) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Сағындық Сейтпенбетов" есімі;

      34) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Тәнеш Оразов" есімі;

      35) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Ағайынды Әбілдаевтар" есімі;

      36) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Тажмахан Қойшыбаев" есімі берілсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы __________ Д. Жаналинов

      Қызылорда облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы __________ Б. Сандыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады