Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 102 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 165 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      1) Сайыпназар ахун тұйық көшесі "Қалмағанбет Оспанов" есімімен қайта аталсын;

      2) Яссауи-6 тұйық көшесі "Мәди Кереев" есімімен қайта аталсын;

      3) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Дүкенбай Досжан" есімі берілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі ___________ Н. Нәлібаев

      Қызылорда облыстық
мәслихатының төрағасы
_________ М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады