Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қрашадағы "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 13/130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 шілдедегі № 36/368 шешімі

      Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 13/130 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің Шідерті ауылы (бұдан әрі – Шідерті ауылы).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Сакқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады