"Осакаров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 72/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Осакаров ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров аудан әкімінің жетекшілік орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "01" тамыздағы
№72/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) аудан аумағында жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар .

      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла Байғабылов көшесі 48.

      9. Осы ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі..

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Тапсырмалары:

      жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;

      жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      ауданның жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

      көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жоғары тұрған органдарға жер учаскелерін ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      жер қатынастары саласындағы реттеу мәселелері бойынша ауданның уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген комиссиялар құру;

      мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қосымша ақпарат алу үшін жүгіну;

      заңнамада белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      жер учаскелерін пайдалану тиімділігіне бақылауды жүзеге асыруға;

      мекеме әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудан әкімдігіне енгізуге;

      жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысуға;

      Мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз етуге;

      Мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беруге;

      лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті кәсіби білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдау және дамыту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

      жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын молайтуды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды, климаттың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеуге;

      шаруашылықтың барлық нысандарын тең құқықты дамыту үшін жағдайлар жасауға;

      жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайтуға;

      жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға;

      жер учаскесін жалдау және сатып алу-сату шарттарын бұзуға талап арыз беруге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

      15. функциялары:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      5) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) жер сауда-саттығын (аукциондарын)өткізуді ұйымдастыру;

      10) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      12) ауданның жер балансын жасау;

      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      16) Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағының алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      17) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі бойынша ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      19) Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      20) жерді резервтеу бойынша ұсыныстар дайындау;

      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;

      23) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер бөлігінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізу;

      24) Мекемеге жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеме басшысының өкілеттіктері:

      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады, Мекеменің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      2) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіреді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхат береді;

      6) Мекеме шығыстарының сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;

      7) банктік шоттар ашады;

      8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) заңнамаға сәйкес Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

      11) заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      12) Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады