Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылында шектеу қою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының әкімінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Кәрім Мыңбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малының арасында туберкулез ауруының анықталуына байланысты, Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының аумағында шектеу қою белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А. Жуматаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады