Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының “Қарқаралы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” 2023 жылғы 29 қарашасындағы № VIII-13/103 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | С.Оспанов |
