Қарқаралы ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № VIII-42/327 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 726-бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарқаралы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезең үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады