Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 "Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 7 шешімі

      Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 "Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 шешімінің қосымшасындағы бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жайылымдар туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады