Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3491 болып тіркелген);
2) "Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 49/02 қаулысына өзгеріс енгізі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 27/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | М. Кожухов |