Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану тәртібі белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы15 қазандағы № 60/02 қаулысына 1-қосымша |
Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
Қарағанды қаласы | ||||
1 | Кіші Бұқпа өзені | Қарағанды қаласы | 75-500 | 35-100 |
2 | Үлкен Бұқпа өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
3 | Солонка өзені | Қарағанды қаласы | 300-500 | 50-100 |
4 | Веснянка өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
5 | Көкпекті өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-75 |
6 | Узенка өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
7 | Ащилыайрық өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
8 | Федоров су қоймасы | Қарағанды қаласы | 70-430 | 35-100 |
9 | Соқыр өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35 |
Балқаш қаласы | ||||
10 | Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) | Балқаш қаласы | 500-3170 | 35-100 |
Приозерск қаласы | ||||
11 | Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) | Приозерск қаласы | 500-3170 | 35-100 |
Саран қаласы | ||||
12 | Саран су қоймасы | Саран қаласы, Карагандинка өзеніңде | 500 | 35-100 |
13 | Соқыр өзені | Саран қаласы | 500 | 35 |
14 | Қарағанды өзені | Саран қаласы | 500-1000 | 55-75 |
Шахтинск қаласы | ||||
15 | Тентек өзені | Шахтинск қаласы | 500 | 35-50 |
16 | Соқыр өзені | Шахтинск қаласы | 500 | 35 |
17 | Шерубай-Нұра өзені | Шахтинск қаласы | 500 | 35 |
Теміртау қаласы | ||||
18 | Нұра өзені | Теміртау қаласы | 80-1000 | 35-100 |
19 | Самарқанд су қоймасы | Теміртау қаласы | 300-500 | 35-100 |
Абай ауданы | ||||
20 | Тентек өзені | Абай ауданы | 500 | 35-50 |
21 | Сасықкөл көлі | Абай ауданы, Шахтинск қаласының оңтүстік-батысқа қарай 8 километр | 500 | 35-100 |
22 | Шерубай-Нұра су қоймасы | Абай ауданы, Топар кентінің оңтүстік-батысқа қарай 3 километр жерде, Шерубайнұра өзенінде | 500 | 35-100 |
23 | Топар өзені | Абай ауданы | 500 | 35-50 |
24 | Сулу өзені | Абай ауданы | 500 | 50 |
25 | Есен өзені | Абай ауданы | 500 | 35-75 |
26 | Нұра өзені | Абай ауданы | 80-1000 | 35-100 |
27 | Шерубай-Нұра өзені | Абай ауданы | 500 | 35 |
28 | Ынтымақ су қоймасы | Абай ауданы | 1000 | 55-100 |
Ақтоғай ауданы | ||||
29 | Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) | Ақтоғай ауданы | 500-3170 | 35-100 |
30 | Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған) | Ақтоғай ауданы | 500 | 35 |
31 | Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады) | Ақтоғай ауданы | 500-3500 | 55-100 |
32 | Қусақ өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 35 |
33 | Жәмші өзені | Ақтоғай ауданы | 500-1300 | 55-100 |
34 | Қараменды өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 35-50 |
35 | Мойынты өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 55-100 |
36 | Ақтайлақ өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 35-36 |
37 | Қаршығалы өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 35-36 |
38 | Шерубай-Нұра өзені | Ақтоғай ауданы | 500 | 35 |
Бұқар-Жырау ауданы | ||||
39 | Шідерті өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 100 |
40 | Шайлы өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 55-100 |
41 | Көкпекті өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
42 | Узенка өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-100 |
43 | Ащилыайрық өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-100 |
44 | Ошағанды өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
45 | Көкпекті су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы, Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 2 километр жерде, Көкпекті өзенінде | 500 | 35-50 |
46 | Ащысу су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 90 километр жерде | 500 | 35-75 |
47 | Баймырза өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 55-100 |
48 | Шоқай өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 55-100 |
49 | Ащысу өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
50 | Шоқай су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы, Баймырза селосынан солтүстікке қарай 0,5 километр жерде | 500 | 100 |
51 | Өткелсіз өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 55-100 |
52 | Қарасу (Жартас) өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
53 | Теректы өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
54 | Алтынсу өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
55 | Аделсу өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-75 |
56 | Нұра өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 80-1000 | 35-100 |
57 | Соқыр өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35 |
58 | Шерубай-Нұра өзені | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35 |
59 | Ынтымақ су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы | 1000 | 55-100 |
60 | Ботақара Су Қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-40 |
61 | Буденов су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-100 |
62 | Чкалов су қоймасы | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 55-75 |
63 | Шалқаркөл көлі, Семізбұғы | Бұқар-Жырау ауданы | 500 | 35-100 |
Қарқаралы ауданы | ||||
64 | Қарасор көлі | Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр жерде | 500 | 35-50 |
65 | Талды өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 35-100 |
66 | Балықтыкөл көлі | Қарқаралы ауданы, Қоянды кентінең оңтүстік-шығысына қарай | 500 | 35-75 |
67 | Жарлы өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 75-100 |
68 | Матақ өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 50-75 |
69 | Каркаралинка өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 35-100 |
70 | Тұндық өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 35-75 |
71 | Аделсу өзені | Қарқаралы ауданы | 500 | 35-75 |
72 | Үлкен Қарқаралы көлі | Қарқаралы ауданы | 500 | 35-100 |
73 | Нұра өзені | 80-1000 | 35-100 | |
Нұра ауданы | ||||
74 | Балықты көлі | Нұра ауданы | 500 | 35-50 |
75 | Бикеш өзені | Нұра ауданы | 500 | 100 |
76 | Сарыозек өзені | Нұра ауданы | 500 | 35-50 |
77 | Ащилы өзені | Нұра ауданы | 500 | 35-50 |
78 | Қыпшақ өзені | Нұра ауданы | 500 | 35-50 |
79 | Керей өзені | Нұра ауданы | 500 | 35-50 |
80 | Кон өзені | Нұра ауданы | 500 | 75-100 |
81 | Жаманқон өзені | Нұра ауданы | 500 | 75-100 |
82 | Жақсықон өзені | Нұра ауданы | 500 | 75-100 |
83 | Соналы өзені | Нұра ауданы | 500 | 75-100 |
84 | Құланотпес өзені | Нұра ауданы | 500 | 55-100 |
85 | ҮлкенКұндұзды өзені | Нұра ауданы | 500 | 35-100 |
Осакаров ауданы | ||||
86 | Шідерті өзені | Осакаров ауданы | 500 | 100 |
87 | Ошағанды өзені | Осакаров ауданы | 500 | 35-75 |
88 | Бикеш өзені | Осакаров ауданы | 500 | 100 |
89 | Баймырза өзені | Осакаров ауданы | 500 | 55-100 |
90 | Қарғалы өзені | Осакаров ауданы | 500 | 50 |
91 | Тоқсымақ көлі | Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округінің солтүстік-батысына қарай 10 километр жерде | 500 | 35-100 |
92 | Есіл су қоймасы | Осакаров ауданы, Есіл өзенінен 40 километр жерде | 500 | 35-100 |
93 | Есіл өзені | Осакаров ауданы | 500 | 35-75 |
94 | Шоқай өзені | Осакаров ауданы | 500 | 55-100 |
95 | Оленты өзені | Осакаров ауданы | 500 | 75-100 |
96 | Ақбастау өзені | Осакаров ауданы | 500 | 35-55 |
97 | ҮлкенКұндұзды өзені | Осакаров ауданы | 500 | 35-100 |
98 | Коммунар су қоймасы | Осакаров ауданы | 500 | 35-70 |
99 | Ошағанды су қоймасы | Осакаров ауданы | 500 | 100 |
100 | Комсомол су қоймасы | Осакаров ауданы | 500 | 35 |
Шет ауданы | ||||
101 | Тұматай өзенінің учаскесі | Шет ауданы | 500 | 35 |
102 | Краснополянский су қоймасы | Шет ауданы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 70 километр жерде | 500 | 35-100 |
103 | Сарыбұлақ өзені | Шет ауданы | 500 | 100 |
104 | Шажағай өзені | Шет ауданы | 500 | 100 |
105 | Жәмші өзені | Шет ауданы | 500-1300 | 55-100 |
106 | Талдыманака өзені | Шет ауданы | 500 | 50 |
107 | Курманака өзені | Шет ауданы | 500 | 50 |
108 | Талдыэспе өзені | Шет ауданы | 500 | 50 |
109 | Сулу өзені | Шет ауданы | 500 | 50 |
110 | Мойынты өзені | Шет ауданы | 500 | 55-100 |
111 | Есен өзені | Шет ауданы | 500 | 35-75 |
112 | Апарсу өзені | Шет ауданы, "Солтүстік Қатпар" кен орнының жоспарланған қызметінің іргелес учаскесі | 500 | 35 |
113 | Шерубай-Нұра өзені | Шет ауданы | 500 | 55-75 |
114 | Қызылтау су қоймасы | Шет ауданы | 500 | 55-75 |
115 | Жақсысарысу өзені | Шет ауданы | 500 | 35-50 |
116 | Жамансарысу өзені | Шет ауданы | 500 | 35-50 |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/02 қаулысына 2-қосымша |
Қарағанды облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану тәртібі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/02 қаулысына 3-қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 "Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6666-09 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/06 "Қарағанды облысының әкімшілік шекарасындағы Нұра өзенінде, Қарағанды облысының Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр, Карагандинка өзендерінде, Көпкөл, Барақкөл, Ащыкөл көлдерінде, Федоров, Самарқант, Ынтымақ, Жартас Cу қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1913 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/02 "Қарағанды облысының Қон, Жаманқон, Жақсықон, Үлкенқұндызды, Соналы, Құланөтпес, Жақсысарысу, Жамансарысу өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1909 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/05 "Қарағанды облысының Ботақара, Буденов, Ошағанды, Чкалов, Ақтасты, Бидаиқ, Қылыш, Коммунар, Комсомол және Қызылтау су қоймаларында су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2876 болып тіркелген).
