"Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидаларын, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 41/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 55/01 қаулысы

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 41/02 "Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидаларын, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5940 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидаларында, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшерінде 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" төсбелгісіне және құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 800 (сегіз жүз) еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады