"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 08/06 қаулысының күші жойылсын.
2. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |