Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 31/12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау жүктелсін.

      3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 4 маусымдағы
№ 31/12 қаулысына
қосымша

Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Р/с №

Газ тұтыну сипаттамасы (тауарлық газ)

Өлшем бірлігі

Газ тұтыну нормасы

1.

Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамту болған кезде

1 адамға айына текше метр

9,4

2.

Газ плитасы және суды газбен ысытқыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған кезде)

1 адамға айына текше метр

23,0

3.

Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен қамту және суды газбен ысытқыш болмаған кезде

1 адамға айына текше метр

13,8

4.

Жеке жылу беруге

1 шаршы метр ауданға айына текше метр

9,3

      Ескертпе: Тауарлық мұнай газын тұтыну нормалары "Тауарлық мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес есептелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады