"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттамасы және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
10 шағын аудан - Ер Жәнібек батыр шағын ауданы;
90 орам – Бейбітшілік орамы;
Цветочный тұйық көшесі – Қызғалдақ тұйық көшесі;
Станционная көшесі – Жолашар көшесі;
Мехколонна орамы – Мирас орамы;
Қ.Сәтбаев көшесі – Серпін көшесі;
"ВЛКСМ–ге 30 жыл" саябағы – "Достық" саябағы деп қайта аталсын.
2. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
Садык Мухамеджанов шағын ауданы – Сыдық Мұхамеджанов шағын ауданы;
К.Сатпаев шағын ауданы – Қаныш Сәтбаев шағын ауданы болып транскрипциясына өзгеріс енгізілсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Қобжанов |
