Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 2 қазандағы № 329 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2025 жылғы ____ _________
№ _____ шешіміне
қосымша

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XIV сессиясының № 298 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4698 болып тіркелген).

      2. "Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XIV сессиясының № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі XVІІІ сессиясының № 248 шешімі.

      3. "Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XIV сессиясының № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 37 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады