БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер беру" қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 440, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 759/НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 446 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 107 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну" қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу алгоритмінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы – есепті айдың алдындағы айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша пилоттық жоба жүргізілетін өңірлерде тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) тұрғын үй көмегін алушы;";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Ваучерді белсендіруді Көрсетілетін қызметті алушы ай сайын ағымдағы айдың 7-нен бастап 29-ін қоса алған күні жүзеге асырады. Ваучерді ағымдағы айдың 29-інен кейін белсендіру мүмкін болмайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызмет шеңберінде берілген, белсендірілмеген ваучерлердің ағымдағы айдың 29 - күніне дейін қолданылу мерзімі бар.";
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда, 7 күнтізбелік күн өткеннен кейін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға қайтадан SMS–хабарлама жіберіледі. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан ағымдағы айдың 29-күніне дейін жауап болмаған кезде немесе Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілген қызметтен бас тартқан кезде ағымдағы айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі тоқтатылады.
31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Әмиян, ағымдағы айдың 30-күні белсендірілген ваучерлердің қалыптастырылған тізімін Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жібереді.";
көрсетілген Алгоритмге қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыға Проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге оның келісімін алу үшін сұрау салу.
1. SMS-хабарлама – бастапқы:
"Құрметті азамат(ша)! Сіздің отбасыңыз "QazaqGaz Aimaq" АҚ-да ваучер түрінде тауарлық газға жеңілдік ала алады. Ваучерлерді шығару үшін дербес деректерді өңдеуге келісім немесе бас тарту мынадай комбинациямен жүзеге асырылады: 21*1 – "Келісемін" дегенді білдіреді. Келісімді ағымдағы айдың 29-күніне дейін беру қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда 5169 нөміріне хабарласа аласыз".
2. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы келісім берген жағдайда, берілетін жауап, SMS-хабарлама (Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы 21*1 тереді):
"Сіздің "Әлеуметтік әмиянда" тауарлық газға ваучер алуға келісіміңіз" оң өңделді. Ваучерді алу үшін Сіз eGov mobile мобильді қосымшасына https://egovmobile.page.link/socwallet сілтемесі арқылы өтіп, тіркелуіңіз қажет".