"Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18615 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы А. Құрманова

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады