1. Қоса беріліп отырған өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
№ р/с
|
Атауы
|
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды
|
1
|
Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетігі бар немесе онысыз); толтырылған немесе толтырылмаған от сөндіргіштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары: ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған шашыратқыштар: өзгелер; ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған
|
842449, 842482
|
2
|
Басқа да жүк көтеруге, өткізуге, тиеуге немесе түсiруге арналған машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, экскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар) өзгелер: өзге де жабдықтар: ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген жүктегіш құрылғылар; ауыл шаруашылығы тракторларына ілу үшін әзірленген
|
8428 90 710 0
|
3
|
Бұрылмайтын күрегi бар бульдозерлер; грейдерлер, жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық күректер, эксковаторлар, бiр шөмiштi тиегiштер, тегістейтін машиналар, өздігінен жүретін жол аунақтары
|
8429
|
4
|
Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша, орман шаруашылығы машиналары; көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар
|
8432
|
5
|
Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престерді, тайлағыш престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар
|
8433
|
6
|
Аталған топтың басқа жерiнде аталмаған және енгізілмеген дербес функциялары бар машиналар мен механикалық құрылғылар: өзгелер: өзгелер
|
8479 89 970 8
|
7
|
Тракторлар (8709 тауар позициясы тракторларынан басқа)
|
8701
|
8
|
Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан астам адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
|
8702
|
9
|
Жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) арналған өзге де моторлы көлiк құралдары
|
8703
|
10
|
Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
|
8704
|
11
|
Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себу-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
|
8705
|
12
|
8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарына арналған орнатылған қозғалтқыштары бар шассилер
|
8706
|
13
|
Орнатылған қосалқы қозғалтқышы бар, арбасы бар немесе арбасыз мотоциклдар (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер; арбалар
|
8711
|
14
|
Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; өзге де өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөлшектері
|
8716
|
15
|
Көлік құралдарына арналған бекіту бұйымдары мен фурнитура немесе пластмассадан жасалған ұқсас бұйымдар және 3901 - 3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар
|
3926 30 000 0
|
16
|
Өзгелері, пластмассадан жасалған өзге де бұйымдар және 3901-3914 тауар позицияларының өзге де материалдарынан жасалған бұйымдар
|
3926 90 970 9
|
17
|
Жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар
|
4011
|
18
|
Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге де еден төсеніштері мен кілемшелер
|
4016 91 000 0
|
19
|
Көлік құралдарына арналған артқы көрініс айналары
|
7009 10 000
|
20
|
Қысымнан тұтанатын поршеньді Іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер)
|
8408
|
21
|
Тек қана немесе негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөліктер
|
8409
|
22
|
Айналмалы әрекетті суару жүйесі және фронтальды әрекетті суару жүйесі
|
8424 49 100 0
|
23
|
Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге арналған ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған бүріккіштер
|
8424 49 910 0
|
24
|
Тракторларға орнатуға немесе тракторлармен сүйретуге, ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған ұнтақтарды бөлгіштер
|
8424 82 910 0
|
24
|
Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған өзге де құрылғылар, өзгелері
|
8424 82 990 0
|
26
|
Ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген өзге де тиеу құрылғылары
|
8428 90 790 0
|
27
|
Соқалы және роторлы қар тазалағыштар
|
8430 20 000 0
|
28
|
Тікбұрышты (оның ішінде шаршы) немесе өзге нысандағы сепараторларды қоса алғанда, электр аккумуляторлары
|
8507
|
29
|
Моторлы көлік құралдарында, ұшақтарда немесе кемелерде пайдаланылатын оталдыру шырақтарына арналған сымдардың өзге де жиынтықтары және сымдардың жиынтықтары
|
8544 30 000 7
|
30
|
8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарына арналған (кабиналарды қоса алғанда) шанақтар
|
8707
|
31
|
8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары
|
8708
|
32
|
Күрделі полиэфирлерге, акрил немесе винил полимерлерге, синтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы емес ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда)
|
3208 10 900 0
3208 20 900 1
3208 20 900 9
3208 90 910 1
3208 90 910 9
3208 90 990 0
|
33
|
Акрил немесе винил полимерлерге, cинтетикалық полимерлерге немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлерге негізделген, сулы ортада шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда)
|
3209 10 000 1
3209 10 000 9
3209 90 000 0
|
34
|
Пластмассадан жасалған өзі жабысатын, рулонда немесе рулонда емес тақтайлар, табақтар, пленка, белдіктер, таспалар және өзге де жазық нысандар
|
3919 90 000 0
|
35
|
Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған 8701-8705 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бұйымдар
|
4016 99 570 9
|
36
|
Химиялық тоқыма материалдардан жасалған өзге де мата кілемшелер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері
|
5702 32 900 0
|
37
|
Моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бекіту арматурасы, фурнитура және ұқсас бөлшектер
|
8302 30 000
|
38
|
Ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы бар желдеткішпен және аспаптармен жабдықталған ауаны баптауға арналған қондырғылар, соның ішінде моторлы көліктердегі адамдар үшін пайдаланылатын ылғалдылық бөлек реттелмейтін кондиционерлер
|
8415 20 000
|
39
|
Қозғалтқышы бар желдеткішпен және ауа температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған аспаптармен жабдықталған, ылғалдылығы бөлек реттелмейтін кондиционерлерді қоса алғанда, ауаны баптауға арналған қондырғылардың бөліктері
|
8415 90 000
|
40
|
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған өзге де кептіргіштер
|
8419 34 000 0
|
41
|
Ауыл шаруашылығына және бағбандыққа арналған суаруға арналған өзге де құрылғылар
|
8424 82 100 0
|
42
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де шөмішті элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 32 000 0
|
43
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де ленталы элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 33 000 0
|
44
|
Тауарларға немесе материалдарға арналған үздіксіз қозғалыстағы өзге де элеваторлар мен конвейерлер
|
8428 39 900 9
|
45
|
Өзге де ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына және омарташылыққа арналған жабдықтар, соның iшiнде механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсiруге арналған жабдықтар; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер
|
8436 80 900 0
|
46
|
Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәндi дақылдарды тазартуға, сұрыптауға немесе iрiктеуге арналған машиналар;
|
8437 10 000 0
|
47
|
Аккумуляторларды зарядтауға арналған өзге де құрылғылар
|
8504 40 550 0
|
48
|
Өзге де статикалық өзгерткіштер
|
8504 40 910 0
|
49
|
Көлік құралдарында пайдаланылатын, дыбыс жазатын немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен бірге орнатылған, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын кең ауқымда хабар таратқыш радиоқабылдағыштар
|
8527 21
|
50
|
Өзге де түрлі түсті мониторлар
|
8528 59 900 9
|
51
|
8604 тауар позициясына кіретіндерді қоспағанда, сыртқы электр энергиясы көзінен қоректенетін өзге де жолаушылар, тауар немесе багаж моторлы теміржол немесе трамвай вагондары, ашық платформалар
|
8603 10 000 8
|
52
|
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын орындықтар
|
9401 20 000
|
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.