ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
15-тармақтың 16) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 60) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"60) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық мұнай-газ ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;";
15-тармақтың 69) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 80-5), 80-6), 80-7), 80-8), 80-9), 80-10), 80-11), 80-12) және 80-13) тармақшаларымен толықтырылсын:
"80-5) Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі шығындарды есепке алу бөлігінде кен орнын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу;
80-6) жерасты су объектілерін мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
80-7) жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштерге қоса берілетін геологиялық есептерге мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
80-8) жерасты суларын зерттеу саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
80-9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Су кодексінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты суларын зерттеу, есепке алу, қорғау және пайдалану бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
80-10) жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібін келісу;
80-11) тәулігіне бір мың текше метрден астам көлемде жерасты суларын алу кезінде жерасты суларын алу жобасын келісу;
80-12) арнаулы су пайдалануға рұқсат беру кезінде жерасты суларын алу және пайдалану шарттарын келісуді жүзеге асыру;
80-13) қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектерді жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы бойынша және KAZRC стандарттары бойынша пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 80-11) және 80-12) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нағаспаев |