"Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 372/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 372/НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 7 наурыздағы
№ 82/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.

      2. Көтермелеу геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың нысаны болып табылады.

      3. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеу мақсатында мынадай төсбелгілер белгіленеді:

      1) "Құрметті геодезист";

      2) "Құрметті картограф";

      3) "Үздік геодезист";

      4) "Үздік картограф".

      Төсбелгілер осы Жүйеге 1-қосымшаға сәйкес сипаттама бойынша дайындалады.

2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау

      4. Төсбелгілермен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Министрлікте мүшелері тақ саннан тұратын Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы жетекшілік ететін вице-министрдің бұйрығымен кәсіби мереке – Жерге орналастыру, геодезия және картография күнін мерекелеуге дейін екі ай мерзімге бекітіледі.

      5. "Құрметті геодезист", "Құрметті картограф", "Үздік геодезист" және "Үздік картограф" төсбелгілермен марапаттау туралы ұсыныстарды Министрлікке:

      Министрліктің Геодезия және картография департаментінің басшысы;

      облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары;

      мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары;

      өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары енгізеді.

      6. Марапаттау туралы ұсыныстар Министрлікке осы Жүйеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағын қоса бере отырып, кәсіптік мереке –Жерге орналастыру, геодезия және картография күнін мерекелеуге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі және оны Комиссия келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      7. Жұмыскердің төсбелгілермен марапатталуға лайықтылығы және лайықсыздығы туралы шешімді Комиссия хаттамамен ресімделетін ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылдайды. Хаттама негізінде жетекшілік ететін вице-министрдің марапаттау туралы бұйрығы шығарылады.

      8. Төсбелгімен марапатталған тұлғаға осы Жүйеге 3-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес куәлік беріледі.

      9. Төсбелгі кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан төмен орналасады.

      10. Бiр төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

      11. Төсбелгіні тапсыруды салтанатты жағдайда Министрлік басшылығы жүргізеді немесе марапатталатын тұлға жұмыс істейтін ұжымда жүргізіледі.

      12. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеген кезде тиісті кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып жазба енгізеді.

      13. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеудің барлық түрін есепке алуды Министрліктің кадр қызметі жүзеге асырады.

      14. Көтермелеудің ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері

      15. "Құрметті геодезист" төсбелгісімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, ерекше еңбегі және геодезиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.

      16. "Құрметті картограф" төсбелгісімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, ерекше еңбегі және картографиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.

      17. "Құрметті геодезист" және "Құрметті картограф" төсбелгілерімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.

      18. "Үздік геодезист" төсбелгісімен геодезия саласында бастамашылдық пен кәсібилік танытқаны, лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.

      19. "Үздік картограф" төсбелгісімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында бастамашылдық пен кәсібилік танытқаны, лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      20. "Үздік геодезист" және "Үздік картограф" төсбелгілерімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      Аталған төсбелгілермен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласын дамытуға ерекше үлес қосқан өзге де тұлғалар марапатталады.

  Салалық көтермелеу жүйесіне
1-қосымша

Төсбелгілердің сипаттамасы

      "Құрметті геодезист" және "Құрметті картограф" төсбелгілері өзара сары түсті сақинамен жалғанған аспа және қалып түрінде дайындалады.

      "Үздік геодезист" және "Үздік картограф" төсбелгілері өзара сары түсті сақинамен жалғанған аспа және қалып түрінде дайындалады.

      Барлық аспалардың (медальдардың) артқы жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының нышанының фрагменті – сәулелі күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран (бүркіт) орналастырылады. Фоны жылтыр, бейнелері шығыңқы және күңгірттелген.

      "Құрметті геодезист" – бес бұрышты қалып көгілдір түсті муар таспасынан жасалады, оның ортасында ұлттық өрнек, ал өрнектің бүйірлерінде сызық салынады.

      Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.

      Медальдің шеңберіне алтын түстес "Құрметті геодезист" деген жазу, ал ортасына қарай жер шарының бейнесі орналастырылады, оның ішінде мензуласы бар геодезист. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.

      "Құрметті картограф" – бес бұрышты қалып көгілдір түсті муар таспасынан жасалады, оның ортасында ұлттық өрнек, ал өрнектің бүйірлерінде сызық салынады.

      Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.

      Медальдің шеңберінде алтын түстес "Құрметті картограф" деген жазу, ал ортасында Қазақстан Республикасының картасы орналасқан жер шарының бейнесі орналасады. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.

      "Үздік геодезист" – тікбұрышты қалып сары түсті металдан (жез) және сол жағына ұлттық өрнек салынған көгілдір түсті муар таспасынан жасалады.

      Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.

      Медальдің шеңберінде алтын түстес "Үздік геодезист" деген жазу, ал ортасында ішінде геодезиялық аспап тахеометр орналасқан жер шарының бейнесі орналасады. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.

      "Үздік картограф" – тікбұрышты қалып сары түсті металдан (жез) және сол жағына ұлттық өрнек салынған көгілдір түсті муар таспасынан жасалады.

      Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.

      Медальдің щеңберінде алтын түстес "Үздік картограф" деген жазу, ал ортасында жер шарының бейнесі орналастырылады, оның ішінде лупа Қазақстан Республикасының картасын бейнелейді. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.

  Салалық көтермелеу жүйесіне
2-қосымша
Нысан

_____________________________________________________ (берілген жері)

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________

      2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ___________________________________

      (ұйымның нақты атауын көрсету керек)

      3. Жынысы _______________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері _______________________________________

      5. Білімі __________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________

      7. Үйінің мекенжайы _______________________________________________

      8. Жалпы жұмыс өтілі ______________________________________________

      9. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы еңбек өтілі

      _________________________________________________________________

      10. Кандидаттың айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген мінездеме

      __________________________________________________________

      11. Кандидатура талқыланды және ұсынылды

      ________________________________________________________________

      (ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________

      талқыланған күні, хаттаманың нөмірі)

      Марапатталуға ұсынылады ___________________________________________

      (көтермелеу түрінің атауы)

      _________________________________________________________________

      ______________________________________________ _______________

      Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) жылғы "___"_____

      (толтырылған күні)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Салалық көтермелеу жүйесіне
3-қосымша

Куәліктің сипаттамасы

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көк түсті қатты мұқабада бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан дайындалады.

      Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төмен жағында "Куәлік", "Удостоверение" деген жазу бар.

      Ішкі сол жақ жапсырмада жазба бар: жоғарғы жағында – мемлекеттік органның атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде.

      Куәліктің сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті бар.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      __________________________________________

      (тегі, фамилия)

      __________________________________________

      (аты, имя)

      __________________________________________

      (әкесінің аты (болған жағдайда), отчество (при его наличии)

      куәлік №____

      удостоверение

      _____________ төсбелгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік берілді

      Настоящее удостоверение выдано о том, что он (она) награжден (а) нагрудным знаком

      Лауазымы __________________________________________________

      Должность (тегі, инициалдары, қолы) (фамилия, инициалы, подпись)

      "_" _____________ _____ жыл/год

      Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады