"Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету" және "Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер" кәсіби стандарттарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 қаражелтоқсандағы № 429 бұйрығы

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету" кәсіптік стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер" кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Қалиақпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Бұйрығына 1-қосымша

Кәсіптік стандарт: "Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: "Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету" кәсіптік стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламарын қалыптастыруға, және қызметкерлердің кәсіби қызметті стандарттау саласында жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті біліктілік деңгейлерін анықтауға, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған.

      2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

      1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) инвентаризация – бұл материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғын тексеру және анықталған мөлшерді бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру процесі;

      4) интермодальды тасымалдау – бұл жүк бірлігін (бір пакеттегі бірнеше жүкті) әртүрлі көлік түрлері арқылы бір оператордың ұйымдастыруымен және біртұтас көлік құжаты бойынша тасымалдау;

      5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      7) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      8) көлік логистикасы – тасымалдау процесіне қатысушылардың тасымалдаудың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктердің қозғалысына мониторингті қамтитын көліктің (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі оңтайлы маршрут бойынша жүктерді тасымалдауды (тасымалдауды)жоспарлау және басқару жөніндегі өзара байланысты

      іс-қимылдарының жиынтығы;

      9) көлік экспедициясы – бұл әртүрлі көлік түрлерімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға және мамандандырылған экспедиторлық ұйымдар жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға ілеспе қызметтерді ұсынуға бағытталған қызмет;

      10) қорларды басқару – бұл қорлардың оңтайлы көлемін анықтау және оны сақтау, сондай-ақ олардың қаржыландыруын қамтамасыз ету процесі;

      11) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

      12) логгерлер – тоңазытқыштардағы температураны өлшейтін және тіркейтін құрылғылар;

      13) логистикалық орталықтар – бұл жүктің өңделуі мен сақталуымен айналысатын, қажет болған жағдайда олардың кедендік рәсімделуін жүзеге асыратын кәсіпорындар;

      14) логистикалық тоңазытқыш терминал – бұл тоңазытқыш қоймалары бар логистикалық терминалдар, олар тез бұзылатын жүктің ағымын елдің басқа аймақтарына ұйымдастыруға қызмет етеді;

      15) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      16) рефрижератор – ұл белгілі бір температуралық режимді сақтауды қажет ететін жүктерді тасымалдауға арналған тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған мамандандырылған көлік құралы;

      17) суық тізбекті қызмет көрсету – бұл сақтау және тасымалдау кезінде оңтайлы температураны, ең алдымен иммунобиологиялық типтегі медициналық препараттарды, сондай-ақ тасымалдау мен сақтаудың арнайы температуралық жағдайларын талап ететін, тұтынушыға жеткізу кезінде белгіленген нормативтік жарамдылық мерзімі шегінде жүк сапасының сақталуын қамтамасыз ететін тез тез бұзылатын немесе мұздатылған жүктерді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және практикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі жөніндегі қызмет түрі;

      18) ТБ-өнім – тез бұзылатын өнім, арнайы тасымалдау, сақтау және өткізу шарттарын қажет ететін, белгіленген мерзімде сатылуы тиіс тез бұзылатын өнім;

      19) температураға тәуелді жүк – тасымалдау кезінде белгілі бір температуралық режимді қамтамасыз ететін жылжымалы құрамды (изотермиялық фургондар, тоңазытқыштар) қолдануды талап ететін жүктер;

      20) тоңазытқыш (суық) тізбек – бұл салқындатылған ортада сақтауды қажет ететін тауарларды сақтау мен тасымалдауға арналған қызметтер кешені;

      21) халықаралық тасымалдар – бұл жүктерді кез келген көлік түрімен тасымалдау, және оның халықаралық сипатқа ие болуы (жіберу және жеткізу орны әртүрлі елдерде орналасқан, тасымалдау шетелдің аумағы арқылы жүзеге асырылады);

      22) экспедиторлық құжаттар – клиенттің экспедиторға құқықтары мен міндеттерін бергенін растайтын құжаттар, сондай-ақ халықаралық құжаттар, оның ішінде Халықаралық сауда-өнеркәсіп палатасы мойындаған Халықаралық Экспедиторлық қауымдастықтар федерациясы қабылдаған құжаттар;

      23) ИСО (ISO, International Organization for Standardization, Халықаралық стандарттау ұйымы) – стандарттар шығарумен айналысатын халықаралық ұйым;

      24) Incoterms (International commercial terms) – сөздік форматындағы халықаралық қағидалар, ол жеке сипаттағы сыртқы сауда саласында, ең алдымен франкоға (ағылш. free — "тазарту") - сатушыдан сатып алушыға жауапкершіліктің ауысу орындары;

      25) TQM/СМК (Total Quality Management, әмбебап сапа менеджменті) – барлық ұйымдық процестердің сапасын үздіксіз арттыруға бағытталған жалпыұйымдық әдіс;

      26) WMS (Warehouse Management System, Қойманы басқару жүйесі) – бұл профильдік кәсіпорынның қойма жұмысының бизнес-процестерін басқаруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады

      1) БА – басшы, маман және басқа да лауазымдардың біліктілік анықтамалығы;

      2) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      3) ҚР ЖҚҚ – Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидалары;

      4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

      5) ТЖКБ – техникалық және кәсіби білім;

      6) ТМҚ – тауарлық-материалдық құндылықтар;

      7) ХАТ – халықаралық автомобиль тасымалдары;

      8) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету".

      5. Кәсіптік стандарттың коды: H128.

      6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:

      H Көлік және қоймалау:

      52 Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі;

      52.2 Қосалқы көлік қызметі;

      52.21 Құрлықтағы жол көлігінің қосалқы қызметі;

      52.21.9 Құрлық көлігінің өзге де қосалқы қызметі.

      7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: "Жеткізу тізбегіндегі суық тізбекті қызмет көрсету" кәсіби стандарты әртүрлі көлік түрлерімен тасымалданатын, арнайы температуралық режимді қажет ететін тез бұзылатын немесе мұздатылған жүктерді тасымалдау мен сақтау ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл талаптар тауардың тұтынушыға жеткізілген кезде оның белгіленген нормативтік сақтау мерзімінде сапасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

      1) Логистика маманы (көлік түрлері бойынша суық тізбек маманы) –

      4 СБШ-нің деңгейі;

      2) Көлік менеджері (суық тізбекті жеткізуді логистика менеджері) –

      5 СБШ-нің деңгейі;

      3) Жүргізуші-экспедитор (рефрижератор жүргізушісі) – 2 СБШ-нің деңгейі.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

9. Кәсіптің карточкасы "Логистика маманы (көлік түрлері бойынша суық тізбек маманы)":

Топтың коды:

2432-0

Қызмет атауының коды:

2432-0-008

Кәсіптің атауы:

Логистика маманы (көлік түрлері бойынша суық тізбек маманы)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

4

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

11-параграф. "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген)
Жүктерді тасымалдау экспедиторы

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)

Біліктілік:

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Техникалық және кәсіптік білім немесе жалпы орта білім және кемінде 2 жыл практикалық жұмыс өтілі

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

2432-0-006 - Логистика маманы

Қызметтің негізгі мақсаты:

Температураға тәуелді жүктерді әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдауды ұйымдастыру

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Жүктерді (температураға тәуелді жүктерді) тасымалдауды ұйымдастыру;
2. Көлікті оңтайлы жүктеуді, сондай-ақ жалдамалы көлікті тартуға шығындарды азайту мақсатында жүкті дұрыс түсіруді мониторингтеу;
3. Жол жүру барысында қажетті температуралық режимнің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Жүктерді (температураға тәуелді жүктерді) тасымалдауды ұйымдастыру



1-дағды:
Тасымалдауға келіп түскен өтінімдерді өңдеу

Машықтар:
1.Жүкке қатысты тауар-көліктік ілеспе құжаттардың, рұқсат беру құжаттарының (ветеринариялық, санитариялық сертификаттар, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер және т.б.), сондай-ақ жүктерді кедендік рәсімдеуге қажетті өзге де құжаттардың олардың талаптарға сәйкестігін (көлік құралдарының нөмірлерінің, пломбалардың, таңбалаудың және тауар-көліктік ілеспе құжаттардағы жүк атауларының сәйкестігін) тексеру;
2.Клиенттердің/кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлар мен болжамдар әзірлеу;
3.Жүк жөнелтушінің талаптары мен тілектерін ескере отырып, жүк жеткізу маршруттары мен сызбаларының экономикалық және техникалық негіздемелерін қалыптастыру;
4.Зақымдалған/еріген күйде келген жүкке қатысты сақтандыру рәсімдеріне байланысты құжаттарды ресімдеу;
5.Программалық қамтамасыз етуді пайдалану.

Білімдер:
1. Ішкі еңбек тәртібін, жүктерді қабылдау және жіберу тәртібін, негізгі жеткізушілер мен жүк алушылардың мекенжайларын, жүктерді қабылдау және жіберуге арналған құжаттардың нысандарын, оларды ресімдеу мен сүйемелдеуді, еңбек қорғау нормаларын, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны және өртке қарсы қорғауды білу;
2. Көлік заңнамасының негіздері;
3. Бұзылғыш азық-түлік өнімдерінің халықаралық тасымалдары және оларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілетін куәлікті алу тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүкті тасымалдауға қажетті көлік түрі мен типін, сондай-ақ температуралық режимін анықтау

Машықтар:
1. Әртүрлі жүктерді әртүрлі көлік түрлерінің тоңазытқыш қондырғыларын пайдалана отырып тасымалдау үдерісін ұйымдастыру;
2. Температуралық режимдердің (мұздатылған/терең мұздатылған жүктер) сақталуын қамтамасыз ету;
3. Қажетті көлік түрі мен типін таңдау және қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу;
4. Жүктерді сақтау, тиеу және түсіру кезінде температуралық талаптардың сақталуын бақылау.

Білімдер:
1. Жүктерді тасымалдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету шарттары, соның ішінде температуралық режимдерді (мұздатылған/терең мұздатылған жүктер) сақтау;
2. Еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары;
3. Көлік құралдары мен контейнерлердің жүк операциялары кезіндегі шамамен тоқтап тұру нормалары;
4. Халықаралық жүк қатынастары туралы келісімдер және автомобильдік пен әуе жүк тасымалын реттейтін халықаралық конвенциялар мен келісімдер: Халықаралық автомобильдік жүк тасымалы шарты туралы конвенция, Жүктерді МДП кітабын пайдалана отырып халықаралық тасымалдау туралы Кедендік конвенция, Варшава және Монреаль жүйелерінің конвенциялары;
5. Кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың қолданыстағы технологиясы;
6. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарының изотермиялық қасиеттерін және тоңазыту/жылыту жабдықтарының тиімділігін өлшеу мен бақылау әдістері және тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Тасымалдау шарттарын, мерзімдері мен қағидаларын сақтау бойынша шарттық міндеттемелерді қамтамасыз ету

Машықтар:
1. Жүктерді есепке алу, тапсыру және қабылдау, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткіштерді тауар-көліктік ілеспе құжаттарымен салыстырып тексеру;
2. Жүк тасымалы бойынша төлемдер мен алымдарды есептеу;
3. Көлік ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты жинау және талдау, олардың рейтингін жасау.

Білімдер:
1. Қолданыстағы тарифтер, салықтар, жеңілдіктер мен тасымалға берілетін артықшылықтар жүйесі, жүктерді жеткізу құнын анықтау әдістері, жүкті жеткізудің көлік-технологиялық сызбаларын оңтайландыру әдістері;
2. Көлік заңнамасының негіздері және көлік бойынша халықаралық келісімдер мен конвенциялар;
3. Тасымалдау шарттары мен ережелерін сақтау нормалары;
4. Жүктерді әртүрлі көлік түрлерімен және типтерімен тасымалдау нормалары, жүктердің буып-түйілуінің (тары) негізгі зақымдары мен ақаулары;
5. Жылжымалы құрамның (рефрижераторлық көлік құралдарының) изотермиялық қасиеттерін және тоңазыту/жылыту жабдықтарының тиімділігін өлшеу мен бақылау әдістері мен тәртібі, оларды тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға пайдалану;
6. Құжаттамамен аналитикалық жұмыс және рейтинг жасау.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-дағды:
Жүкті тасымалдауға тапсырысты қажетті шарттарды, мерзімдерді және тасымалдау қағидаларын көрсете отырып ресімдеу

Машықтар:
1. Көлік қызметін көрсету процесінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2. Әртүрлі көлік түрлерімен және типтерімен жүк тасымалдау талаптарына сәйкес көлік құралдарының санитариялық жағдайын, түрі мен типінің тасымалданатын жүктің ерекшеліктеріне сәйкестігін тексеру;
3. Қабылданатын және берілетін жүктерді ілеспе құжаттамамен есепке алу және салыстыру процесін ұйымдастыру және оған басшылық жасау;
4. Жүкті тасымалдауға қажетті температуралық жағдайлары бар көлік құралын фрахттау процесін ұйымдастыру.

Білімдер:
1. Жүктердің жіктелуі және оларды орау, жеке жүктерді таңбалау тәсілдері, ішкі еңбек тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері;
2. Тауарға ілеспе, көлік-экспедициялық, төлем, сақтандыру және талап-шағым құжаттарын ресімдеу тәртібі, тауартану негіздері;
3. Автомобиль, теміржол, әуе, су көліктерімен жүк тасымалдау қағидалары (мұздатылған/терең мұздатылған жүктерге қойылатын температуралық талаптарды ескере отырып);
4. Көлік инфрақұрылымы (жолдардың, теңіз және өзен порттары мен айлақтарының, әуежайлардың, көлік тораптарының өткізу және тасымалдау мүмкіндіктері), жүктердің орналасқан жерін анықтау әдістері;
5. Маршруттық жоспарларды, KPI есептеу үшін Excel бағдарламасын жетік меңгеру.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Көлікті оңтайлы жүктеуді, сондай-ақ жалдамалы көлікті тартуға шығындарды азайту мақсатында жүкті дұрыс түсіруді мониторингтеу



1-дағды:
Жүктің көлік құралдарына орналастыру нормаларын бейімдеу

Машықтар:
1. Жүктерді әртүрлі көлік түрлерімен және олардың типтерімен тасымалдау талаптарына сәйкес тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу, орналастыру және орналастыру (жүктеу);
2. Жүктердің қаптамасының (тары) жағдайын көлік құралдарымен тасымалдау талаптарына және ілеспе құжаттамаға сәйкес тексеру;
3. Жүктерді тиеу және түсіру кезінде температуралық режимдердің сақталуын қамтамасыз ету;
4. Жүктерді әртүрлі көлік түрлерімен және олардың типтерімен тасымалдау және қайта тиеу талаптарына және ілеспе құжаттамаға сәйкес тиеу-түсіру жабдықтарының бар-жоғын және жарамдылығын тексеру.

Білімдер:
1. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы, тиеу-түсіру операциялары кезінде көлік құралдары мен контейнерлердің күту нормативтері, тиеу-түсіру жұмыстарының орындалу нормалары, жүктерді орналастыру және орналастыру ережелері, еңбекті ұйымдастыру негіздері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы;
2. Жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау, жүктерді тасымалдау және сақтау технологиялары, жүктерді тасымалдауға арналған құрылғылардың жарамдылығын бағалау көрсеткіштері;
3. Жүктердің қаптамасының (тары) қажетті жағдайлары — жүктерді әртүрлі көлік түрлері мен типтерімен тасымалдау талаптарына және тиісті ілеспе құжаттамаға сәйкес.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүкті орналастыру нормаларының сақталуын бақылау

Машықтар:
1. Жетіспеушілік туралы құжаттарды жасауға қатысу;
2. Жүктердің бүлінуі туралы құжаттарды жасауға қатысу;
3. Көлік құралдарының әртүрлі түрлері мен түрлеріне жүктерді төсеу нормаларын сақтау.

Білімдер:
1. Жүктерді әртүрлі түрдегі және типтегі көлік құралдарымен тасымалдау нормалары, жүктің қаптамасының (тарысының) негізгі бүліну түрлері мен ақаулары;
2. Экспедиция ұйымының жұмысына қатысты қажетті көлемдегі нормативтік құжаттар, жүктің кем шығуы немесе бүлінуі туралы құжаттардың нысандары және оларды толтыру тәртібі;
3. Жүктерді әртүрлі түрдегі және типтегі көлік құралдарына орналастыру нормалары;
4. Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары кезінде көлік құралдары мен контейнерлердің тұрып қалу шамамен нормалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Жол жүру барысында қажетті температуралық режимнің сақталуын бақылауды жүзеге асырады



1-дағды:
Қозғалыс және тұрақ барысында температуралық режимнің сақталуын бақылау

Машықтар:
1. Жүктің белгіленген мерзімде жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, температуралық режимдерді сақтай отырып жұмыстарды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
2. Бағыныштыларға тапсырма қою дағдылары;
3. Байланыс және коммуникация құралдарының көмегімен жүк иелерін және кәсіпорынды жүктің қозғалысы туралы жедел түрде хабардар ету;
4. Жүктің қозғалыс мәртебесін қадағалау, клиентті/қойманы және кедендік брокерді хабардар ету;
5. Жүктерді қайта бағыттауды жүзеге асыру, жоғалған жүктерді іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Білімдер:
1. Көлік инфрақұрылымы (жолдардың, теңіз, өзен порттары мен айлақтардың, әуежайлардың, көлік тораптарының өткізу және тасымалдау мүмкіндіктері), жүктердің орналасқан жерін анықтау әдістері;
2. Тасымалдау шарттары мен ережелерін сақтау нормалары;
3. Жүк операциялары кезіндегі көлік құралдары мен контейнерлердің тоқтап қалуының шамамен нормалары;
4. Жүктерді қайта бағыттау ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Температуралық режим бұзылған жағдайда көлік қызметін жеткізушімен талап-арыздық жұмыстарды жүргізу

Машықтар:
1. Көлік қызметтерін жеткізушілермен шағым жұмыстарын жүргізу;
2. Талаптармен талдамалық жұмыстар жүргізу және жүктердің сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
3. Факторлар мен оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау.

Білімдер:
1. Көлік заңнамасының және көлік жөніндегі халықаралық келісімдер мен Конвенцияның негіздерін;
2. Коммерциялық актілерді ресімдеу Ережелерін, талаптарды білу;
3. Көліктің әртүрлі түрлері мен түрлерімен жүктерді тасымалдау нормаларын, жүктердің қаптамасының (ыдысының) зақымданулары мен ақауларының негізгі түрлерін;
4. Шарттар мен мерзімдерді сақтай отырып, әртүрлі жүктерді тасымалдау қағидаларын.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық
Мақсаткерлік
Тәртіптілік

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

3

Жүктерді тасымалдау экспедиторы

10. Кәсіптің карточкасы "Көлік менеджері (суық тізбекті жеткізуді логистика менеджері)":

Топтың коды:

2432-0

Қызмет атауының коды:

-

Кәсіптің атауы:

Көлік менеджері (суық тізбекті жеткізуді логистика менеджері)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

99-параграф. "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
Экспедиция меңгерушісі

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)

Мамандық:
Автокөлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)

Біліктілік:

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жоғары білім (бакалавриат, маман) немесе техникалық және кәсіптік білім (орта буын маманы, қолданбалы бакалавриат) және кемінде 5 жылдық тәжірибелік жұмыс өтілі

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін температуралық режимді қажет ететін өнімдердің жеткізу тізбегінің үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Компаниядағы материалдық-техникалық жабдықтауды басқару;
2. Компаниядағы тез бұзылатын (ТБ) өнім қорларын басқару;
3. Негізгі тәуекелдерді басқару;
4. ТБ-өнімді (тез бұзылатын өнімді) тарату;
5. ТБ-өнімнің (тез бұзылатын өнімнің) халықаралық тасымалдауын ұйымдастыру.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Компаниядағы материалдық-техникалық жабдықтауды басқару



1-дағды:
Логистикаға арналған бюджетті әзірлеу және оның орындалуын бақыла

Машықтар:
1. Барлық қатысушы құрылымдардың экономикалық тиімділігін талдау;
2. Барлық қатысушы құрылымдардың бюджетін бақылау әдістерін жасау;
3. Логистикаға арналған бюджетті жоспарлау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу;
4. Бюджеттік құжаттаманы қалыптастыру.

Білімдер:
1. Бюджеттеу негіздері
2. Бюджеттің жұмсалуын бақылау әдістері
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер
4. MS Office жұмысын жүргізуге арналған бағдарламалар

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Сатып алуды жоспарлау, жеткізушілерді үйлестіру және іздеу, жеткізу бойынша келісімшарттар жасау

Машықтар:
1. Сауда ұсыныстарын, оларды келісу және талқылау хаттамаларын, ниеттестік келісімшарттарды, ынтымақтастық жоспарларын дайындау;
2. Келісімшарттық, ұлттық және халықаралық нормалар мен ережелерді қолдану;
3. Келіссөз жүргізу және клиенттердің қажеттіліктерін анықтау;
4. MS Office бағдарламалық пакетін пайдалану.

Білімдер:
1. Келісімшарттық шарттарды рәсімдеу, түсіндіру және дауластыру ережелері;
2. Логистикалық жұмысты құқықтық қамтамасыз етудің негіздері;
3. Бюджеттік жоспарлау бойынша нормативтік-құқықтық актілер;
4. Жұмыс жүргізуге арналған MS Office бағдарламалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Логистикалық жоспарлар мен болжамдарды құру

Машықтар:
1. Клиенттердің/кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлар мен болжамдар құру;
2. Қажетті температура режимдерін ескере отырып тиімді тасымалдау маршруттарын есептеу;
3. Маршруттағы ауытқуларды қадағалау құралдарын (GPS-навигаторлар) пайдалану;
4. TMS, IoT, WMS, GPS сияқты сандық құралдарды қолдану;
5. Барлық тасымалдау жолы бойынша тоңазытқыштағы температураны тіркейтін логгерлерден ақпаратты өңдеу.

Білімдер:
1. Логистикада болжам жасау және жоспарлау принциптері;
2. Барлық көлік түрлерінде жүктің тасымалдану ережелері;
3. Кеден заңнамасының және көлік заңнамасы мен техникалық реттеу ережелерінің негіздері;
4. Тез бұзылатын өнімді (ТБ-өнім) тасымалдау кезінде маршруттарды құрастыруға арналған бағдарламалар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Компаниядағы тез бұзылатын (ТБ) өнім қорларын басқару



1-дағды:
Қажетті температуралық режимді сақтау есебінен қорларға кеткен шығындарды бағалау

Машықтар:
1. Қорға қажеттілікті есептеу;
2. Қорларды толықтыру кестесін құру және бақылау;
3. Түгендеу шығындарын азайту.

Білімдер:
1. Қорларды жоспарлау және басқару әдістері мен тәртібі;
2. Логистикалық ақпараттық жүйелер және олардың функциялары;
3. Суық тізбек принциптерін, нормативтік талаптарды (GPS, GDP, HACCP), тез бұзылатын тауарлардың ерекшеліктерін және сақтау технологияларын түсіну.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Түгендеу және қорлардың жай-күйін бақылау

Машықтар:
1. Түгендеу жүргізу бойынша рәсімдерді/нұсқаулықтарды әзірлеу;
2. Түгендеу жүргізу;
3. Түгендеу бойынша тиісті актілерді жүргізуді жүзеге асыру.

Білімдер:
1. Түгендеу түрлері;
2. ТМҚ есептеу әдістері;
3. Қойма түрлері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Негізгі тәуекелдерді басқару



1-дағды:
Жабдықтарды, көлік құралдарын және өнімді сақтандыру

Машықтар:
1. Тасымалдау және сақтау кезінде тәуекел көздерін талдау (еріту/зақымдану/жоғалу);
2. Сақтандыру бойынша сауда ұсыныстарын жинау және талдау;
3. Сақтандыру бойынша сауда ұсыныстарын біріктіру және талдау.

Білімдер:
1. Жүктерді көліктік сақтандыру ережелері;
2. Жүк тасымалын сақтандыру түрлері;
3. Сақтандыру заңнамасының негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Тауарлардың сақталуын және тасымалдаушылардың жауапкершілігін қамтамасыз ету шараларын әзірлеу

Машықтар:
1. Жүктердің сақталмау себептерін (еріту/жүктің зақымдануы) анықтау үшін сауда актілерін талдау;
2. Жеткізушілермен жұмысын қадағалау;
3. Талаптарды талдау және жүктің сақталуын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу.

Білімдер:
1. Өнімді тиеу схемалары мен әдістері;
2. Түрлі көлік түрлеріндегі тоңазытқыш қондырғыларына қойылатын талаптар;
3. Көлік заңнамасының негіздері;
4. Сауда актілерін, талаптарды рәсімдеу ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-еңбек функциясы:
ТБ-өнімді (тез бұзылатын өнімді) тарату



1-дағды:
Тарату арналары мен олардың тиімділігін әзірлеу

Машықтар:
1. Өнімді сату нарықтарын талдау;
2. Бәсекелестік деңгейін қадағалау;
3. Тарату арналарының тиімділігін талдау.

Білімдер:
1. Өнімді сату арналарының түрлері;
2. Маркетингтің негіздері;
3. Көлік заңнамасының негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Өнімді қабылдау, өңдеу және одан әрі жөнелтуді үйлестіру

Машықтар:
1. Өнімді сақтау әдістері мен технологияларын анықтау;
2. Шарттар мен мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
3. Қорларға кететін шығындарды азайту.

Білімдер:
1. Өнімді өңдеудің түрлері;
2. Түрлі көлік түрлеріндегі тоңазытқыш қондырғыларына қойылатын талаптар;
3. Көлік заңнамасының негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

5-еңбек функциясы:
ТБ-өнімнің (тез бұзылатын өнімнің) халықаралық тасымалдауын ұйымдастыру



1-дағды:
Жүктің қозғалысын бақылау және жүкті қоса берілетін барлық құжаттардың дұрыс жасалуы/толтырылуын қадағалау

Машықтар:
1. Жүктің ілеспе құжаттарының, рұқсат беру құжаттарының (ветеринариялық, санитариялық сертификаттар, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер және т.б.), кедендік ресімдеуге қажетті басқа да құжаттардың сәйкестігін тексеру (көлік құралдарының нөмірлерінің, пломбалардың, таңбалаудың және тауар атауларының ілеспе құжаттармен сәйкестігін тексеру);
2. Зақымдалған немесе еріген жүк келген жағдайларда жүктің сақтандыруына байланысты құжаттарды ресімдеу;
3. Жүктің қозғалыс мәртебесін бақылау, клиентті/қойманы және кедендік брокерді хабардар ету;
4. Жүктерді қайта бағыттауды жүзеге асыру, жоғалған жүктерді іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Білімдер:
1. Жүк операциялары кезінде көлік құралдары мен контейнерлердің тоқтауына арналған үлгілік нормалар;
2. Жүктің бағыттарын қайта бағыттау ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүктерді жеткізуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда қайта тиеу және аралық қоймаларда сақтау, келісімшартта көрсетілген мерзімде және температуралық режимдерді сақтау арқылы (мұздатылған/терең мұздатылған жүктер)

Машықтар:
1. Жүктерді тасымалдауға қажетті температуралық режимі бар көлік құралын жалға алу процесін ұйымдастыру;
2. Сақтау кезінде температуралық талаптардың сақталуын қадағалау;
3. Жүктің тиеу және түсіру ережелерінің сақталуын қадағалау.

Білімдер:
1. Температуралық талаптарды ескере отырып (мұздатылған/терең мұздатылған жүктер) автомобиль, теміржол, әуе және су көліктерімен жүктерді тасымалдау ережелері;
2. Халықаралық жүк тасымалы бойынша келісімдер және автомобиль мен әуе тасымалын реттейтін халықаралық конвенциялар мен келісімдер: Халықаралық жолмен жүк тасымалдау туралы келісім (КДПГ), МДП кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалының кедендік конвенциясы, Варшава және Монреаль жүйелері конвенциялары;
3. Кеден органдарымен өзара әрекеттесудің қазіргі технологиясы;
4. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көліктерді салқындату/жылытудың изотермиялық қасиеттерін және жабдықтардың тиімділігін өлшеу мен бақылау әдістері мен тәртібі;
5. Келіссөздер жүргізу және хат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін шетел тілі (ағылшын) деңгейі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Тәртіптілік
Төзімділік пен еңбексүйгіштік

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

4

Көлік түрлері бойынша суық тізбекті жабдықтау маманы

11. Кәсіптің карточкасы "Жүргізуші-экспедитор (рефрижератор жүргізушісі)":

Топтың коды:

8322-9

Қызмет атауының коды:

8322-9-005

Кәсіптің атауы:

Жүргізуші-экспедитор (рефрижератор жүргізушісі)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

2

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:


Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Техникалық және кәсіби білім (еңбек өтілісіз) немесе негізгі орта білім және кемінде 1 жылдық тәжірибесі бар практикалық жұмыс тәжірибесі

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Термиялық режимге тәуелді жүктерді автокөлікпен белгіленген маршрут бойынша, белгіленген мерзімде сапалы жеткізу

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Бекітілген автокөліктің техникалық жарамды күйін қамтамасыз ету;
2. Жүкті тасымалдау кезінде оның сақталуын қамтамасыз ету;
3. Жүк тасымалдауды қауіпсіздік шараларын сақтай отырып және қамтамасыз ете отырып орындау (халықаралық тасымалдарды қоса алғанда). Еңбек және демалыс режимдерін сақтау.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Бекітілген автокөліктің техникалық жарамды күйін қамтамасыз ету



1-дағды:
Автокөліктің техникалық жағдайын сақтау және бақылау

Машықтар:
1. Автокөліктің электрондық таблосы арқылы техникалық сипаттамаларын түсіну;
2. Жолға шығар алдында автокөліктің тежеу жүйесін, рульдік басқаруын, жүріс бөлігін, аспасын және басқа да маңызды тораптары мен бөлшектерін бақылау;
3. Техникалық байқау кезінде нұсқаулықтарды сақтау.

Білімдер:
1. Автокөліктердің құрылысын, олардың тораптары мен агрегаттарын, автокөлікті басқару қауіпсіздігіне және жұмыс қабілеттілігіне әсерін білу;
2. Көліктің жолға шығар алдындағы бақылауын қамтамасыз ету.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жанармайдың, техникалық сұйықтықтардың шығынын бақылау және автокөлікке ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау

Машықтар:
1. Жанармай мен техникалық сұйықтықтардың шығынын бақылау;
2. Кабинаның, кузовтың, қаңқаның, жүріс бөлігі мен аспаның жарамдылығын тексеру;
3. Қарапайым агрегаттар, тораптар мен бөлшектерге техникалық қызмет көрсету;
4. Қарапайым ақауларды жою үшін бекіту жұмыстарын орындау;
5. Көлік құралдарының электр жабдықтарының қарапайым аспаптары мен агрегаттарына жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

Білімдер:
1. Орташа күрделіліктегі арнайы құралдар мен қондырғыларды, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелері, өңделетін материалдардың қасиеттері;
2. Салқындатқыш сұйықтықтардың, майлардың және жанармайдың мақсаты мен қолдану ережелері;
3. Электротехника және электроника, металдар технологиясы бойынша негізгі мәліметтер.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Көлік құралдарының уақтылы қажетті техникалық қызмет көрсетуден өтуі, сақтандыру полистерін алу, көлікті уақтылы дезинфекциядан өткізу

Машықтар:
1. Көлік құралын ақауларын анықтау және ірі бұзылулардың алдын алу мақсатында сервис орталықтарында тұрақты техникалық қызмет көрсетуден және уақтылы жөндеуден өту;
2. Көлікті дезинфекциядан өткізу қызметін алу;
3. Уақтылы техникалық байқаудан өту;
4. Көлік құралына міндетті сақтандыру рәсімдеу.

Білімдер:
1. Техникалық қызмет көрсетуден өту тәртібі мен ережелері;
2. Көлік құралына сақтандыру полистерін рәсімдеу ережелері;
3. Көлік құралын дезинфекциядан өткізу тәртібі (азық-түлік тасымалдаған жағдайда айына бір рет);
4. Техникалық байқаудан өту ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүкті тасымалдау кезінде оның сақталуын қамтамасыз ету



1-дағды:
Жүк автокөлікте орналастырылуы мен тиеу тәртібін бақылау

Машықтар:
1. Жүкті төсеуді, оны бекітуді және ось бойынша орналастыруды орналастыру;
2. Жүктің төселуін, оның бекітілуін және ось бойынша орналасуын бақылау;
3. Тоңазытқыштың берілген температурасын бақылау.

Білімдер:
1. Жүктің автокөлікте тиеу, орналастыру және бекіту ережелері;
2. Жүктің жолдағы бүтіндігін және қауіпсіздігін бақылау ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Салқындатқыш жабдықты бақылау және қызмет көрсету, мөрдің бүтіндігін тексеру

Машықтар:
1. Көлік құралының электрондық таблосы бойынша автокөліктің техникалық сипаттамаларын түсіну;
2. Рефрижераторлық – тоңазытқыш камералармен жұмыс істей білу;
3. Жол жағдайында белгіленген жұмыс технологиясының сақталуын қамтамасыз ету;
4. Жүк тасымалдау барысында оның бүтіндігін және сақталуын бақылау;
5. Тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда алғашқы қажетті шараларды қабылдай білу.

Білімдер:
1. Рефрижератордың құрылымы және температура режимінің өзгеруіне әсер ететін факторлар;
2. Еңбек қауіпсіздігі техникасы;
3. Сақталуын қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді қою және шешу тәсілдері, қағидаттары мен әдістері туралы;
4. Рефрижераторлық камераларды басқарудың ерекшеліктері;
5. Тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі мен реттілігі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүк салғыштан тауарларды тиеу және түсіру кезінде қатысу, жүк орындарының санын және қаптаманың көрінетін зақымдануларын бақылау

Машықтар:
1. Тасымалдау қызметтерін тапсырыс берушінің өкілдерімен өзара әрекеттесу;
2. Қабылдау-тарату құжаттарын рәсімдеу;
3. Қабылдау немесе түсіру кезінде тауарды накладная бойынша қайта есептеу.

Білімдер:
1. Қабылдау-тарату құжаттарын рәсімдеуге арналған ережелер мен нұсқаулықтар;
2. Орындаған жұмыстар актісін рәсімдеуге арналған ережелер мен нұсқаулықтар;
3. Тасымалдау қызметтерін көрсету туралы келісімді рәсімдеуге арналған ережелер мен нұсқаулықтар.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдауды қауіпсіздік шараларын сақтай отырып және қамтамасыз ете отырып орындау (халықаралық тасымалдарды қоса алғанда). Еңбек және демалыс режимдерін сақтау



1-дағды:
Барлық қауіпсіздік шараларын сақтау және жылдық, рейс алдындағы және рейс соңындағы медициналық тексеруден өту

Машықтар:
1. Қажетті біліктілік деңгейін сақтау;
2. Денсаулық жағдайын қадағалау;
3. Жолда жүріс ережелері мен мінез-құлық этикасын, жұмыс пен демалыс режимін сақтау;
4. Жыл сайынғы, рейс алдындағы және рейс соңындағы медициналық тексеруден өту, медициналық кітапшаға белгі қою;
5. Жол қозғалысы ережелерін сақтау.

Білімдер:
1. Бірінші медициналық көмек көрсету ережелері;
2. Еңбек пен демалыс ұйымдастыру ережелері;
3. ҚР Жол қозғалысы ережелері және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері;
4. Еңбек қауіпсіздігі, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жолда автокөлікті басқару (жолдың жабындысы мен ауа райына байланысты жылдамдықты, жұмыс және демалыс режимдерін таңдау), жол қозғалысы ережелерін сақтау

Машықтар:
1. Көру мүмкіндігі шектеулі және халқы аз жерлерде навигациялық спутниктік жүйенің картасы, компасы және аспаптары бойынша қозғалысты жоспарлау;
2. Тез бұзылатын жүктерді уақтылы жеткізу үшін жылдамдық режимін сақтау;
3. Шектеулі көріну жағдайында навигациялық аспаптарды пайдалана отырып, нақты уақыттағы маршрутты есептеу және түзету.

Білімдер:
1. Жүргізушінің қалыпты және қалыптан тыс (қатты сындарлы) қозғалыс режимдерінде әрекеттері;
2. Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері;
3. Еңбек қауіпсіздігі, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жол парақтарын жүргізу, барлық белгілерді бақылау

Машықтар:
1. Тасымалдау процесін реттейтін көліктік-ілеспе және көліктік-экспедициялық құжаттарды ресімдеу;
2. Тұрақты тексерулермен және диагностикамен автомобильдердің техникалық жағдайын бақылау;
3. Жол парақтарындағы жүгіріс, отын шығыны және техникалық жай-күйі туралы белгілерді тексеру;

Білімдер:
1. Қаржылық, тауарға ілеспе, көліктік-экспедиторлық, көліктік, кедендік, сақтандыру және шағым құжаттарын рәсімдеу тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Бейімділік
Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық
Тәртіптілік
Дәлдік
Сыпайылық
Мейірімділік

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

2

Жүк көлігінің жүргізушісі

4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      12. Мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

      Орындаушы:

      С.Қ. Өзбеков, +7 (717) 298 33 02, transport@transport.gov.kz.

      13. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

      Жоба жетекшісі:

      С.Қ.Өзбеков.

      E-mail: transport@transport.gov.kz.

      Телефон нөмірі: +7 (717) 298 33 02.

      14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2025 жылғы

      15. 3, 31 шілде.

      16. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2025 жылғы

      17. 12 қараша.

      18. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

      19. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 жыл.

      20. Болжамды қайта қарау күні: 2028 жылғы 31 желтоқсан.

  Бұйрығына 2-қосымша

Кәсіптік стандарт: "Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: "Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер" кәсіби стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламарын қалыптастыруға, және қызметкерлердің кәсіби қызметті стандарттау саласында жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті біліктілік деңгейлерін анықтауға, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған.

      2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

      1) автомобиль көлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) – автомобиль көлігінің жылжымалы құрам бірлігі. Оған автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, троллейбустар, автомобиль тіркемелері, седельді тартқыштарға арналған жартылай тіркемелер, сондай-ақ белгілі бір жүк түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер мен әртүрлі, негізінен көлікке қатысы жоқ жұмыстарды орындауға арналған арнайы автомобильдер жатады;

      2) алғашқы көмек – зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсетілгенге дейін көмек көрсетуші тұлғалар орындай алатын іс-шаралар кешені;

      3) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      4) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      5) диспетчерлік қызмет – жүк тасымалдарын жедел диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын қызмет;

      6) жол парағы – диспетчер тарапынан көлік құралы жүргізушісіне берілетін, көлік құралының жұмысын есепке алуға арналған құжат

      7) жүк – бұл экспедиторға тасымалдауды ұйымдастыру үшін берілетін кез келген мүлік, оның ішінде контейнерлер мен поддондар;

      8) жүк алушы – автомобиль көлігімен тасымалдау шартына сәйкес жүктi қабылдауға уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға;

      9) жүк жөнелтуші – жүкқұжаттарда көрсетілген және жүкті жөнелтетін тұлға;

      10) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      11) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      12) кәсіптік стандарт (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      13) көлік жүкқұжаты – теміржол, су жолдары, әуе және автомобиль көлігі арқылы жөнелтілетін жүктерді тасымалдауды ресімдеуге арналған жүкқұжат бастапқы құжат болып табылады;

      14) көлік құралы – жүк автомобилі, тартқыш, тіркеме, жартылай тіркеме (автопойыздар: тіркемесі бар жүк автомобилі – тіркемелі автопойыз, жартылай тіркемесі бар тартқыш – седельді автопойыз);

      15) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

      16) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      17) ұшу – жөнелту орнынан межелі жерге дейінгі бір бағыттағы жүріс;

      18) сапар – барып-қайту жолы (шеңберлі рейс);

      19) тахограф – автокөлік құралында орнатылатын, жүргізушілер мен экипаж мүшелерінің жылдамдығын, еңбек және демалыс режимін тіркеуге арналған бақылау құрылғысы;

      20) тауар-көлік жүкқұжаты – көлік құралдарының қатысуымен оларды өткізу кезінде тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) қозғалысын есепке алуға арналған жүкқұжат және жүк жөнелтушіден есептен шығаруға және оларды жүк алушыдан кіріске алуға негіз болып табылады;

      21) Incoterms (International commercial terms) – халықаралық ережелер сөздік форматында беріліп, сыртқы жеке сауда саласында ең кеңінен қолданылатын сауда терминдерінің бірмәнді түсіндірілуін қамтамасыз етеді. Олар, ең алдымен, "франко" (ағылшынша free – "тазарту") ұғымына қатысты, яғни жауапкершіліктің сатушыдан сатып алушыға ауысу орнын айқындайды;

      22) EDI (Electronic data interchange, электрондық деректермен алмасу) – ұйымдар арасында құрылымдалған цифрлық ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін, белгілі бір регламенттер мен берілетін хабарламалардың форматтарына негізделген стандарттар мен конвенциялар сериясы;

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) АКҚ – автомобиль көлік құралы;

      2) АТЖШ – апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі жедел шақыру;

      3) БА – басшы, маман және басқа да лауазымдардың біліктілік анықтамалығы;

      4) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      5) ЕСТР – халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысын реттеуге қатысты Еуропалық келісім;

      6) ЖЖМ – жанар-жағармай майы;

      7) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

      8) ТЖКБ – техникалық және кәсіби білім;

      9) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер.

      5. Кәсіптік стандарттың коды: H127.

      6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:

      H Көлік және қоймалау:

      52 Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі;

      52.2 Қосалқы көлік қызметі;

      52.29 Өзге де көліктік қосалқы қызмет;

      52.29.9 Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер;

      7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Кәсіптік стандарт "Автомобиль көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер" кәсіптік стандарты келісімшартқа сәйкес автомобиль көлігіндегі жүктерді тасымалдауға байланысты экспедициялық қызметтерді ұйымдастыру және орындау талаптарын анықтайды, оның ішінде тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, жүктеу–түсірме жұмыстарын ұйымдастыру, жеткізу шарттарын бақылау және көлік процесінің қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:

      1) Көлік бойынша менеджері (логистика менеджері) – 6 СБШ-нің деңгейі;

      2) Тарификатор (автомобиль көлігінде) – 2 СБШ-нің деңгейі;

      3) Көлік бойынша менеджері (автомобиль тасымалдары бойынша) - 5 СБШ-нің деңгейі;

      4) Саяхатшы-көлік жүргізуші – 3 СБШ-нің деңгейі;

      5) Диспетчер (жүк көліктерін сүйемелдеу) – 4 СБШ-нің деңгейі;

      6) Автокөлік компаниясының басшысы – 7 СБШ-нің деңгейі.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

9. Кәсіптің карточкасы "Көлік бойынша менеджері (логистика менеджері)":

Топтың коды:

2432-0

Қызмет атауының коды:

-

Кәсіптің атауы:

Көлік бойынша менеджері (логистика менеджері)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
67-параграф. Менеджер

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)

Мамандық:
Көлік қызметтері

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жоғары білім (бакалавриат, маман) және кемінде 2 жылдық тәжірибелік жұмыс өтілі

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Жүктерді автомобиль көлігімен ең төменгі шығындармен оңтайлы маршруттар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Автомобиль көлігінде жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру
2. Жүктерді тасымалдау бойынша автокөлік жұмысын ұйымдастыру

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Автомобиль көлігінде жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру



1-дағды:
Жүк тасымалдарын автомобиль көлігімен жоспарлау

Машықтар:
1. Жүктерді автомобиль көлігімен жөнелту пунктінен жеткізу пунктіне дейін тасымалдаудың ықтимал маршруттарын, схемаларын айқындау (әзірлеу);
2. Алынған деректер негізінде белгіленген уақыт ішінде жеткізу мөлшерлемелері мен мерзімдерін есептеу;
3. Бар деректер негізінде тасымалдау құнын есептеу;
4. Коммерциялық ұсынысты дайындау үшін қажет деректерді мердігерлерден сұрату;
5. Коммерциялық ұсынысты құрастыру және келісу;
6. Клиентпен келісілмеген жағдайда, қажет болғанда, коммерциялық ұсыныстың баламалы нұсқаларын әзірлеу;
7. Клиентпен байланыс ұстап тұру;
8. Клиент деректеріне сәйкес көлік құралдарын тапсырыс беру;
9. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған шарттардың негізгі талаптарын айқындау;
10. Жеке компьютерде қажетті бағдарламаларды, оның ішінде кеңселік қосымшаларды қолдана отырып, сондай-ақ факсимильдік және көшірмелік кеңсе техникасымен жұмыс істеу;
11. Әртүрлі электрондық құжаттарды электрондық және кәдімгі пошта арқылы жіберу және қабылдау.

Білімдер:
1. Коммерциялық ұсыныстың құрылымы;
2. Тасымалдау құнын есептеу әдістемесі;
3. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
4. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
6. Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары;
7. Автомобиль көлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
8. Негізгі бағыттар бойынша негізгі тасымалдаушылардың қолданыстағы тарификация жүйелері;
9. Тасымалдауларға арналған тарифтер, жеңілдіктер және жеңілдетілген жүйелер;
10. Тасымалдауда қолданылатын жылжымалы құрам түрлері мен параметрлерінің негіздері (жүк көтергіштігі, жүк сыйымдылығы, жүк бөлігінің габариттік өлшемдері);
11. Жүкті тиеу немесе түсіру операцияларының нормалары мен нормативтері;
12. Жолақы мен алымдарды есептеу ережелері;
13. Жеке компьютер және корпоративтік бағдарламалар;
14. Электрондық құжат айналымы негіздері, электрондық құжат алмасу сервистері, EDI;
15. Келіссөздер жүргізу және іскерлік хат алмасу үшін жеткілікті деңгейде (қажет болған жағдайда) ағылшын тілін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүк және коммерциялық жұмысқа бақылау

Машықтар:
1. Жылжымалы құрамды олардың жүк көтергіштігі мен сыйымдылығына белгіленген нормаларға сәйкес ұтымды пайдалануын бақылау;
2. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын ұйымдастыруды бақылау;
3. Жүк тасымалдау және көлік экспедициясы шарттарының орындалуын бақылау;
4. Жүктерді тасымалдау ережелерінің, соның ішінде халықаралық қатынастардағы және рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылау;
5. Көрсетілетін қызмет көлемін және компания табысын, оның ішінде халықаралық автомобиль жүк тасымалдарынан түсетін табысты бағалау;
6. Қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын, олардың лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындауын бақылау.

Білімдер:
1. Автомобиль көлігіндегі негізгі технологиялық үдерістер;
2. Компания қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
3. Есеп беру нысандары және есептерді тапсыру мерзімдері;
4. Нарықтық шаруашылық жүргізу әдістері және қаржылық менеджмент;
5. Есеп айырысу әдістері, компанияның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу және ішкі резервтерді айқындау;
6. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
7. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
8. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
9. Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары;
10. Автомобиль көлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
11. Жүк операциялары кезіндегі көлік құралдарының бос тұрып қалу нормалары;
12. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты туралы ереже;
13. ЕСТР нормалары;
14. Жүкті тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
15. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүктерді тасымалдау бойынша автокөлік жұмысын ұйымдастыру



1-дағды:
Логистикалық процестерді басқару

Машықтар:
1. Көлік-экспедициялық операцияларды жоспарлау және ұйымдастыру;
2. Тасымалдау маршруттары мен кестелерін әзірлеу;
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік және тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу;
4. Көлік-экспедициялық қызметтердің құнын есептеуді жүзеге асыру;
5. Жүктерді тасымалдау және экспедициялау шарттарын жасасу және сүйемелдеу;
6. Тасымалдауды жоспарлау үшін логистикалық Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз.

Білімдер:
1. Тарифтерді есептеу және көлік және экспедициялық қызметтер құнын қалыптастыру қағидалары;
2. Логистика және жүк ағындарын басқару негіздері;
3. Мемлекеттік және бақылаушы органдармен (оның ішінде көлік инспекциясы, кеден органдары, салық органдары)өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
4. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптары;
5. Көлік-логистикалық қызметте цифрлық және ақпараттық жүйелерді пайдалану негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Көлік-экспедициялық процестерді ұйымдастыру және үйлестіру

Машықтар:
1. Клиенттерге көліктік-экспедициялық қызмет көрсету процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
2. Жүктерді тасымалдау маршруттарын әзірлеу және оңтайландыру;
3. Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау;
4. Көлік-экспедициялық қызметтер мен тарифтердің құнын есептеуді жүзеге асыру;
5. Клиенттермен, тасымалдаушылармен, қоймалармен, кеден және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Білімдер:
1. Көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуге арналған шарт;
2. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі;
4. АТС техникалық пайдалану ережелері;
5. Логистика және жүк тасымалдауды ұйымдастыру негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Күйзеліске тұрақтылық
Аналитикалық ойлау

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

6

Автокөлік компаниясының басшысы

5

Автокөлікпен тасымалдау жөніндегі менеджер

10. Кәсіптің карточкасы "Тарификатор (автомобиль көлігінде)":

Топтың коды:

4311-4

Қызмет атауының коды:

4311-4-005

Кәсіптің атауы:

Тарификатор (автомобиль көлігінде)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

2

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:


Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
негізгі орта білім

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
-

Мамандық:
-

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жұмыс тәжірибесіз

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Жүк тасымалы үшін автомобиль көлігімен тарифтерді есептеу

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Жүк тасымалы тарифтерін автомобиль көлігімен есептеу;
2. Жүк тасымалдарын автомобиль көлігі арқылы жүзеге асыруға өтінімдерді өңдеу.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Жүк тасымалы тарифтерін автомобиль көлігімен есептеу



1-дағды:
Клиенттерден алынған ақпарат негізінде жүк тасымалы тарифтерін есептеу

Машықтар:
1. Жүктерді тасымалдау мөлшерлемелерін, соның ішінде арнайы бағдарламаларды пайдалана отырып, есептеу;
2. Клиенттердің ақпараты негізінде жүктерді тасымалдау мөлшерлемелерін есептеу;
3. Мөлшерлемелерді есептеу үшін клиенттерден ақпарат жинау.

Білімдер:
1. Экспедицияланатын жүктердің тасымал маршруты, байланыс түрлері;
2. Тасымалданатын жүктің түрі, сипаттамасы;
3. Жүк тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу және қолдану тәртібі;
4. Ақпараттық технологиялар және арнайы бағдарламалық өнімдер;
5. Жол бойындағы төлемдер мен алымдар;
6. Жеңілдіктер мен маусымдық тарифтердің жарамдылық мерзімі;
7. Еңбек ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, санитарлық талаптар, өрт қауіпсіздігі талаптары;
8. Ішкі еңбек тәртібі ережелері;
9. Кәсіби және іскерлік этика негіздері;
10. Конфликтология негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Клиенттердің өтініштерімен жұмыс істеу

Машықтар:
1. Клиенттердің өтінімдерін өңдеп, жүктерді тасымалдау мөлшерлемелерін есептеу үшін қажетті ақпараттың (құжаттаманың) бар-жоғын талдау;
2. Клиенттермен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
3. Есептеулер мен жоспарлау үшін жетіспейтін деректерді жинауды және өзектендіруді қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Жүк тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру ережелері;
2. Транзиттік елдерде және тағайындалған елде жол жүру шарттары, алынатын төлемдердің мөлшері, ақылы инфрақұрылымға қолжетімділік;
3. Ішкі еңбек тәртібі ережелері;
4. Кәсіптік және іскерлік этика негіздері;
5. Конфликтология негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдарын автомобиль көлігі арқылы жүзеге асыруға өтінімдерді өңдеу



1-дағды:
Өтінімдерді рәсімдеу

Машықтар:
1. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға өтінімдерді ресімдеу және өңдеу;
2. Офистік қосымшаларды қоса алғанда, қажетті бағдарламаларды қолдана отырып, дербес компьютерде факсимильді және көшірмелі ұйымдастыру техникасында жұмыс істеу;
3. Корпоративтік АТ жүйелерін пайдалана отырып, тасымалдауға өтінімдер бойынша құжат айналымын жүзеге асыру.

Білімдер:
1. Өтінімдерді қабылдау, рәсімдеу және өңдеу тәртібі;
2. Жүк қабылдау, тапсыру және жөнелтуге арналған құжаттар тізімі;
3. Жеке компьютер және офис бағдарламалары;
4. Кеңсе техникасы, байланыс және коммуникация құралдары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Өңделген өтінімдерді есепке алу

Машықтар:
1. Өңделген өтінімдерді есепке;
2. Түскен өтінімдерді жүйеге тіркеу;
3. Өтінімдерді белгіленген рәсімдерге сәйкес өңдеу;
4. Өңделген өтінімдер бойынша есептер қалыптастыру.

Білімдер:
1. Өтінімдерді қабылдау, рәсімдеу және өңдеу тәртібі;
2. Ішкі іскерлік құжат айналымы;
3. Еңбек ұйымдастыру және қорғау негіздері, ішкі еңбек тәртібі ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Дәлдік
Орындаушылық

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

3

Саяхатшы-көлік жүргізушісі

11. Кәсіптің карточкасы "Көлік бойынша менеджері (автомобиль тасымалдары бойынша)":

Топтың коды:

2432-0

Қызмет атауының коды:

-

Кәсіптің атауы:

Көлік бойынша менеджері (автомобиль тасымалдары бойынша)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
67-параграф. Менеджер

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)

Мамандық:
Автокөлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік:

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

Жоғары білім (бакалавр, маман) және кемінде 3 жылдық тәжірибесі бар жұмыс тәжірибесі

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

2432-0-003 - Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер
2432-0-007 - Көліктік-экспедициялық қызмет саласындағы маман

Қызметтің негізгі мақсаты:

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды және экспедициялауды ұйымдастыру

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Жүк тасымалдау және экспедирлеу процесін автомобиль көлігі арқылы ұйымдастыру;
3. Жүк тасымалдау және экспедициялау қызметінің нәтижелерін бақылау автокөлікте;
4. Жүк тасымалдау және автокөлік тасымалдау экспедициясы қызметін дамыту саласындағы стратегияны әзірлеу.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру



1-дағды:
Жүк тасымалдауды техникалық-экономикалық талдау жүргізе отырып жоспарлау

Машықтар:
1. Жүк тасымалдау мен экспедиторлық қызметтің құнын, сондай-ақ жеткізу мерзімдерін (соның ішінде халықаралық қатынаста) тапсырыс берушіден алынған деректер негізінде коммерциялық ұсынысты дайындау үшін есептеу;
2. Коммерциялық ұсынысты құрастыру, оны талқылау және тапсырыс берушімен келісу;
3. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру және орындау мәселелерін талқылау үшін тапсырыс берушімен тұрақты байланыс орнату;
4. Жүкті тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген көлемде тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті автокөліктер санын есептеу;
5. Жүк тасымалдаудың ең қысқа мерзімде және минималды шығынмен орындалуы үшін оңтайлы маршруттар мен схемаларды әзірлеу;
6. Жүк тасымалдауға арналған шартты және көлік экспедициясы шартын дайындау.

Білімдер:
1.Тасымалдау мен экспедиторлық қызмет құнын есептеу әдістемесі;
2. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
3. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
6. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
7. Автомобилдердің негізгі түрлері мен параметрлері;
8. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде төленетін кедендік баждар мен алымдарды есептеу ережелері;
9. Жанар-жағармай шығынының эксплуатациялық нормалары, толық қалпына келтіруге арналған амортизациялық төлемдер, шиналардың тозу нормалары;
10. Жүргізушілердің жалақысы мен қызметтік шығындарын есептеу негіздері;
11. Коммерциялық ұсыныстың құрылымы, оны әзірлеу тәртібі және тапсырыс берушімен келісу;
12. Автокөлік жолдарының желісі және жол бойындағы сервистік нысандардың орналасуы.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жеке түрдегі тасымалдауларға (халықаралық) және жеке түрдегі жүктерге (қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты) рұқсат құжаттарын алу

Машықтар:
1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларына рұқсат алу, қажетті шетелдік рұқсат формаларын алу;
2. Қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттар алу;
3. Рұқсат беру бақылауына жататын жүктерді тасымалдау кезінде нормативтік талаптардың сақталуын қадағалау.

Білімдер:
1. Отандық тасымалдаушыларды халықаралық автомобиль тасымалдарына жіберу қағидалары;
2. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары;
3. Ірі габаритті және ауыр жүктерді тасымалдау қағидалары;
4. Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары;
5. Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары;
6. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүктерді тасымалдау және экспедициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде құжаттарды дайындау және жүргізу

Машықтар:
1. Тапсырыс берушіден тасымалдауды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрау;
2. Тапсырыс беруші ұсынған құжаттардың дұрыс рәсімделгенін тексеру;
3. Кедендік рәсімдеу үшін құжаттар пакетін дайындау;
4. Сақтандыру компаниясы үшін құжаттар пакетін дайындау;
5. Келісімшарттар мен қосымша келісімдер шарттарына сәйкес тапсырыс берушіге шоттар шығару;
6. Тапсырыс берушіге шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін рәсімдеп, бекітуге жіберу;
7. Құжаттарды курьер немесе экспресс-хат арқылы жеткізуді қамтамасыз ету және құжаттардың тапсырыс берушіге жеткізілгенін бақылау;
8. Жүктердің тағайындалған жерге келгені туралы ақпараттың түсуін тіркеу.

Білімдер:
1. Халықаралық жүктерді автомобильмен тасымалдау шарттары туралы конвенция;
2. Халықаралық автокөлік қатынастары жөніндегі келісімдер;
3. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
4. "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
5. "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
6. Жүктерді автомобиль транспортында тасымалдау ережелері;
7. Үлкен көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
8. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
9. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
10. Автокөлік техникалық пайдалану ережелері;
11. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін ұйымдастыру, тахографтарды қолдану ережелері;
12. Келісімшарттар мен қосымша келісімшарттарды, қосымшаларын рәсімдеу тәртібі;
13. Түрлі жүктерді тасымалдауды және экспедирлеуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар тізімі;
14. Тасымалдау мен экспедирлеуді ұйымдастыру барысында іскерлік хат алмасу ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдау және экспедирлеу процесін автомобиль көлігі арқылы ұйымдастыру



1-дағды:
Жүк тасымалдауды көлік-экспедициялық қызметпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру

Машықтар:
1. Жүк тасымалдауды ұйымдастыруға қатысатын мамандарға мақсаттар мен операциялық міндеттерді анықтау;
2. Көлік-экспедициялық қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің тапсырмалары мен міндеттерін орындауын бақылау;
3. Жүктеу, тиеу, тауар-көлік құжаттарын рәсімдеу және қалыптастыру, сондай-ақ тасымалданатын жүктің жеткізілу мерзімдерін ескере отырып, көліктің келу кестесін жасау;
4. Тасымалдаулардың орындалу барысы туралы ақпараттың келуін бақылау.

Білімдер:
1. Автомобиль көлігі арқылы тасымалдауды басқару негіздері;
2. Автокөлікте көлік-экспедициялық қызметтерді ұйымдастыру негіздері;
3. Персоналды басқару әдістері;
4. Автотасымалдауды және экспедирлеуді ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
5. Арнайы, қауіпті, қапталмаған (негабаритті) және ауыр жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың ерекшеліктері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Автотранспорт қызметтері нарығындағы мердігерлермен жұмыс істеуді ұйымдастыру

Машықтар:
1. Автокөлікнарығында қажетті қызметтердің тізімін анықтау;
2. Мердігерлер нарығын жедел мониторингтен өткізу;
3. Келісімдерге қол қою және келісу мақсатында мердігерлермен келіссөздер жүргізу және жұмыс істеу;
4. Жүк тасымалы мен экспедиторлық қызметтерді орындау, сондай-ақ тасымалды сүйемелдеу үшін мердігерге құжаттарды тапсыру;
5. Мердігерлердің шоттарын төлеуді бақылау.

Білімдер:
1. Маркетинг және менеджмент негіздері;
2. Негізгі мердігер серіктес компаниялардың, олардың басшылары мен тікелей орындаушыларының мекен-жайлары;
3. Келісімшарттық жұмыс негіздері, мердігерлермен келісімшарттар жасау тәртібі;
4. Шоттарды төлеу тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Көлік және экспедициялық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу

Машықтар:
1. Клиенттермен шағымдық мәселелер бойынша келіссөз жүргізу;
2. Шағымдардың пайда болуына себеп болған факторларды анықтау;
3. Шағымдардың туындауына кінәлі тұлғаларды және қатысты қызметкерлерді анықтау;
4. Шағымдардың алдын алу шараларын әзірлеу;
5. Қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін клиенттермен өзара әрекеттесу;
6. Жеткізушілердің жұмыс тиімділігін мониторингтеу, жеткізушілер рейтингін құру;
7. Жеткізушілер тарапынан сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда клиенттердің шағымдарын жеткізушілерге жолдау;
8. Клиенттердің ең жиі қоятын сұрақтары мен шағымдарының тізімін жасау.

Білімдер:
1. Азаматтық құқық негіздері;
2. Тасымалдау-экспедиторлық және логистикалық қызметтің құқықтық негіздері;
3. Жүк тасымалының автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылу ережелері;
4. Үлкен көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
6. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
7. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
8. Шағымдық құжаттарды қарау тәртібі және шағымдарға байланысты хат-хабар жүргізу ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдау және экспедициялау қызметінің нәтижелерін бақылау автокөлікте



1-дағды:
Жүк тасымалдау қызметінің негізгі көрсеткіштерін бақылау

Машықтар:
1. Компания бөлімшелерінің есептерін талдау;
2. Жүк тасымалының өзіндік құнын төмендетуге және тасымалдау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды әзірлеу;
3. Жүк сапасының нақты көрсеткіштерін бақылау: жеткізудің уақтылығы, клиентті хабардар ету, жүкті сақтау;
4. Белгіленген кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша қолда бар деректерге негізделген аналитикалық материалдар дайындау.

Білімдер:
1. Компанияның мақсаттары мен міндеттері;
2. Көлік қызметінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі;
3. Автомобиль көлігімен тасымалдауды және экспедирлеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
4. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелері;
5. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
6. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
7. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелерім
8. Автомобиль көлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
9. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдері;
10 Есепті кезеңге арналған компанияның көлік қызметі көрсеткіштерінің жоспары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Тасымалдау қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін бақылау

Машықтар:
1. Шығындарды бақылау жүйесін құру;
2. Тасымалдау қызметінің қаржылық көрсеткіштерін бақылау, мысалы: тасымалдаудың рентабельділігі, жалпы пайда жоспарының орындалуы, таза пайда жоспарының орындалуы және т.б.;
3. Жоспарланған және нақты көрсеткіштерді салыстыру арқылы қызмет нәтижелерін талдау;
4. Анықталған теріс ауытқуларды бағалау;
5. Теріс ауытқуларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6. Қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын бақылау.

Білімдер:
1. Қаржылық менеджмент және маркетинг негіздері
2. Жүйелік талдау әдістері
3. Тасымалдау қызметін басқарудың тиімділігін талдау әдістері
4. Қаржылық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі
5. Нәтижелілікті бағалаудың негізгі критерийлері
6. Автотасымалдау экономикасы

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдау және автокөлік тасымалдау экспедициясы қызметін дамыту саласындағы стратегияны әзірлеу



1-дағды:
Инновациялық даму стратегиясы және заманауи технологияларды қолдану

Машықтар:
1. Жолдар мен автокөліктің жағдайы, өту және айналып өту маршруттары, жол бойындағы сервис объектілерінің орналасқан жері туралы ақпараттық базаларды құру;
2. Жүк тасымалдау кезінде спутниктік навигация жүйелерін енгізу, жүктің орналасқан жері мен жағдайы туралы ақпарат алу мүмкіндігімен;
3. Компанияның автотранспорт құралдарында апаттар мен төтенше жағдайларда жедел шақыру жүйесін енгізу;
4. Пневмоподвескасы бар автокөліктер үшін салмақ өлшеу жүйелерін енгізу;
5. Компания бөлімшелерінің қызметін, автопаркті, жанар-жағармай шығынын және т.б. қадағалау үшін заманауи бақылау жүйелерін енгізу.

Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық және көлік саласын дамыту стратегиясы мен бағдарламалары;
2. Жүк тасымалдары жүзеге асырылатын негізгі халықаралық және ішкі автокөлік дәліздері;
3. Спутниктік навигация жүйесінің негізгі принциптері;
4. АКЖШ жүйесін және тиісті жабдықты пайдалану негіздері;
5. Автокөліктердің салмақ өлшеу жүйесінің жұмыс істеу негіздері;
6. Автопаркті, жанар-жағармай шығынын, бейнебақылау және басқа да бақылау жүйелерін басқару негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Автотранспорт паркін толықтыру стратегиясы, материалдық-техникалық базаны нығайту және компанияның көлік қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Машықтар:
1. Компанияның автотранспорт паркін толықтыруға арналған ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу;
2. Қажетті автокөліктерді сатып алу мақсатында жеткізушілермен, лизингтік компаниялармен және екінші деңгейлі банктермен іздеу және келіссөз жүргізу;
3. Көлік қызметтері нарығының сұранысына сүйене отырып, автопаркты қалыптастыру саясатын құру;
4. Компанияның көлік қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оны арттыруға арналған ұсыныстар әзірлеу.

Білімдер:
1. Автокөлік құралдарының негізгі техникалық және эксплуатациялық сипаттамалары, олар жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады;
2. Автокөлік құралдарын сатып алу, тіркеуге қою, алғашқы тіркеу үшін алынатын төлемдер мен утилизациялық алымдарды төлеу, кедендік баждарды төлеу, көліктің типін мақұлдау немесе көліктің конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті алу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүктерді тасымалдау қызметтерін көрсету кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу

Машықтар:
1. Мүмкін болатын тәуекелдерді анықтап, тәуекелдерді басқару стратегиясын түзету;
2. Жоспарланған тасымалдау көлемінің азаюынан, пайдалану және қаржылық шығындардың өсуінен туындайтын мүмкін болатын шығындарды бағалау және мүмкін болатын теріс салдарды азайту мақсатында жылдам әрекет ету қабілетіне ие болу;
3. Ақша қаражаттарының жоғалуы немесе толық алынбауымен байланысты коммерциялық тәуекелдерге жедел жауап беру;
4. Тасымалдау және экспедициялық қызметтен күтілетін кірістілік деңгейімен байланысты қаржылық тәуекелдерді бағалау;
5. Жүкті тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау.

Білімдер:
1. Тәуекелдерді басқарудың негіздері;
2. Логистикалық тәуекелдердің классификациясы;
3. Анықталған логистикалық тәуекелдерді басқару әдістері мен құралдары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Күйзеліске тұрақтылық

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

6

Менеджер логист

3

Келіссөздер жүргізу дағдылары

12. Кәсіптің карточкасы "Саяхатшы-көлік жүргізуші":

Топтың коды:

8322-9

Қызмет атауының коды:

8322-9-005

Кәсіптің атауы:

Саяхатшы-көлік жүргізуші

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

3

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген.
42-параграф. Экспедитор

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)

Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)

Мамандық:
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Біліктілік:

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

3331-0-009 - Жүктерді тасымалдау жөніндегі экспедитор

Қызметтің негізгі мақсаты:

Жүктің тағайындалған жерге уақытында жеткізілуін және оны алушыға бүтін-бояулы түрде, зақымсыз және шығынсыз тапсыруын ұйымдастыру, сонымен қатар тасымалдауға кететін шығындарды үнемдеу

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Жүктің жөнелтуші қоймасынан қабылдануы, сандық көрсеткіштердің жүк жүкқұжат мен қоса берілген құжаттармен сәйкестігінің тексерілуі;
2. Жүктің, оның қаптамасының (тарасының) бүтіндігін тексеруге қажетті әрекеттерді орындау;
3. Жүктің қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін такелаждық құрал-жабдықтарды және автомобиль көлігінің санитарлық жағдайын тексеру;
4. Жүк көлігінің кузовына жүкті тиеу, түсіру және орналастыру кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын және олардың дұрыс орындалуын бақылау;
5. Жүкті тасымалдау кезінде маршрут бойымен соңғы нүктеге дейін жеткізуге және оның тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау;
6. Жеткізілген жүкті қабылдаушыға тапсыру, қабылдау-сату құжаттарын рәсімдеу.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Жүктің жөнелтуші қоймасынан қабылдануы, сандық көрсеткіштердің жүк жүкқұжаттар мен қоса берілген құжаттармен сәйкестігінің тексерілуі



1-дағды:
Жүкті қабылдап, оның атауы, жүк орамдарының саны, брутто салмағы және таңбалау тауарды сүйемелдейтін құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексеру

Машықтар:
1. Экспедирленетін жүктің қабылдау орнына келгені туралы құжаттарды рәсімдеу және тиеу аймағына кіру рұқсатын алу;
2. Жүкті қабылдау, сапалық және сандық көрсеткіштерді сүйемелдейтін құжаттармен салыстыру;
3. Бір транспорт құралында тасымалдау кезінде жүктің үйлесімділігін анықтау.

Білімдер:
1. Жүк тасымалдау бойынша автомобиль көлігі ережелері;
2. Көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
5. Транспорттық операцияларға қатысты жүк жөнелтуші ұйымның ішкі тәртіп, бұйрық және нұсқаулық ережелері;
6. Жүкті жүк жөнелтушіден экспедитормен қабылдау тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүктің қабылдануы мен автокөлікпен тасымалдауға экспедиторлық қызмет көрсету туралы құжаттарды (келісімшарттарды) рәсімдеу

Машықтар:
1. Жүкті экспедиторлық тасымалдау үшін барлық қажетті рәсімдерді сақтай отырып, транспорттық экспедиция келісімшартын рәсімдеу;
2. Жүк жөнелтуші ұсынған құжаттардың түпнұсқалығын, жүк туралы мәліметтердің және жүргізуші мен экспедитор жұмысына әсер етуі мүмкін басқа ақпараттардың дұрыстығын тексеру;
3. Санитарлық, фитосанитарлық, кедендік, транспорттық және басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен өтуге қажетті құжаттар мен ақпараттың бар-жоғын тексеру.

Білімдер:
1. Халыққа және ұйымдарға транспорттық-экспедициялық қызмет көрсетуге байланысты көлік-іліспе, көлік-экспедициялық, сақтандыру және талап арыздық құжаттарды рәсімдеу ережелері мен тәртібі;
2. Курьерлік қызмет және экспресс-хат тасымалдау қызметін көрсету ережелері;
3. Санитарлық, фитосанитарлық, кедендік, транспорттық және басқа мемлекеттік бақылау түрлерінен өту тәртібі.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүктің, оның қаптамасының (тарасының) бүтіндігін тексеруге қажетті әрекеттерді орындау



1-дағды:
Жүктің, қаптаманың (тараны) бүтіндігін тексеру

Машықтар:
1. Жүк пен қаптамада (тарада) ойық, зақымдану, тотығу және басқа көрінетін ақаулардың бар-жоғын тексеру;
2. Жүктің бүтіндігін жүк жіберуші ұсынған және қосымша құжаттарда көрсетілген мәліметтермен салыстыра отырып тексеру;
3. Фирмалық орау таспасы болмаған жағдайда немесе қайта орау кезінде қайта таразылау жүргізу.

Білімдер:
1. Жүк тасымалдаудың автомобиль көлігімен жүргізілу ережелері;
2. Ірі көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
5. Жүк тасымалдау нормалары, жүктің қаптамасының (тараның) негізгі зақымдану және ақау түрлері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Жүктің қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін такелаждық құрал-жабдықтарды және автомобиль көлігінің санитарлық жағдайын тексеру



1-дағды:
Автотранспорт құралын қажетті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету

Машықтар:
1. Автокөлік құралдарының тиісті жүк түрін тасымалдауға жарамдылығын, оның санитарлық жағдайын тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес анықтау;
2. Белгілі бір температура режимінде тасымалдауға арналған жүк көлігінің конструкциясында қарастырылған қосымша жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тексеру;
3. Көлік құралын талап етілетін санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар;
2. Автокөлік арқылы жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау және сақтау технологиялары, жүктерді тиеу және түсіру үшін көтергіш машиналар мен құрылғылармен ұстауға арналған ілмектер, көздер, шығыңқы бөліктер және басқа да құралдардың жарамдылық көрсеткіштері;
4. Жүк автомобилінің конструкциясында қарастырылған қосымша жабдықты пайдалану нұсқаулықтары (арнайы жүк көліктерімен тасымалдау кезінде).

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүктің қауіпсіз тиеу, түсіру және тасымалдануын қамтамасыз етуге арналған такелаж құралдары мен құрылғылардың бар-жоғын тексеру

Машықтар:
1. Жүк автомобильін тиеуге, тасымалдауға және түсіруге дайындауды қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізу;
2. Механикалық тәсілмен тиеу немесе түсіру жүзеге асырылатын жүк орындарында көтергіш машиналар мен құрылғылармен ұстап алу үшін ілмектер, шығыңқы бөліктер немесе басқа арнайы құралдардың болуын тексеру;
3. Пломбалық сымдардың, ілмектердің, шатырлар мен жабындардың бүтіндігін, еден мен борттардың қосылу жерлеріндегі тығыздағыштарды, жанармай бактарының қақпақтарын, борттық құлыптарды, цистерналардың мойындарының қақпақтарын және басқа жабдықтардың бүтіндігін тексеру (арнайы жүк автомобильдерімен тасымалдау кезінде);
4. Жүк автомобильінің кузовындағы жүктің бекіту құралдарының (көрпелер, тізбектер, сымдар, ағаш блоктар, тіректер, тайып кетпеуге арналған маталар және т.б.) тасымалдаудың қауіпсіздігін, жүктің және автокөліктің бүтіндігін қамтамасыз ететінін тексеру.

Білімдер:
1. Жүк автомобильдерімен жүктерді тасымалдау ережелері;
2. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау және сақтау технологиялары, тиеу және түсіру кезінде көтергіш машиналар мен құрылғылар арқылы ұстауға арналған құралдардың (ілмектер, шығыңқы бөліктер және басқа арнайы құралдар) жарамдылық көрсеткіштері;
3. Жүк автомобильінің конструкциясына енгізілген қосымша жабдықтарды пайдалану нұсқаулықтары (мамандандырылған жүк автомобильдерімен тасымалдау кезінде).

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-еңбек функциясы:
Жүк көлігінің кузовына жүкті тиеу, түсіру және орналастыру кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын және олардың дұрыс орындалуын бақылау



1-дағды:
Жүктің, контейнерлердің, орауыш пен басқа да жүк орындарының орналастырылуы мен орналастырылуын, сондай-ақ бекіткіш құрылғылардың жұмысқа дайын күйге келтірілуін бақылау

Машықтар:
1. Автокөліктің кузовында жүкті орналастыруды бақылау, рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерді сақтау және жүктің осьтер бойынша бөлінуін қамтамасыз ету;
2. Бөлінетін жүктерді тиеу кезінде рұқсат етілген салмақтық-габариттік параметрлерден асуға жол бермеу;
3. Бөлінбейтін ірі габаритті және (немесе) ауыр жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатты уәкілетті органнан алу;
4. Жүктің орналасуы, бекітілуі және орауышының бүтіндігі жөніндегі ескертулерді көлік құжаттарына көрсету;
5. Жүктің көріністі шектемеуін, басқаруды қиындатпауы мен автокөліктің тұрақтылығын бұзбауын тексеру.

Білімдер:
1. Жүкті орналастыру және төсеу нормалары – автокөліктің рұқсат етілген салмақтық-габариттік параметрлеріне сәйкес, жалпы пайдалану жолдарында қозғалу үшін белгіленген талаптарға сай;
2. Бөлінбейтін ірі габаритті және (немесе) ауыр жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат алу тәртібі, Қазақстан аумағында ірі габаритті және ауыр көліктер үшін төлем мөлшерлемелерінің нормалары;
3. Жүк тасымалдау кезінде ерекше қорғауды, жолда күтім жасауды немесе басқа ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктерді тасымалдауға арналған нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттама;
4. Көлік қозғалысы ережелері мен автомобиль жолдары арқылы ірі габаритті және ауыр жүктерді тасымалдау ережелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүктің жүктелуін және түсірілуін оның саны, салмағы, таңбалау және қаптамасының бүтіндігіне сәйкес жүктеу құжаттамасы бойынша бақылау

Машықтар:
1. Жүктің санын, салмағын, таңбалау және қаптамасының бүтіндігін қабылдау және тапсыру;
2. Қаптамадағы таңбалау транспорттық құжаттамада көрсетілген ақпаратқа сәйкестігін, пломбалардың бекітілуін және олардың нөмірін тексеру;
3. Жүкқұжаттарда, буып-түю парақтарында және басқа да ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге нақты тиелген (немесе түсірілген) жүктің сәйкессіздіктерін белгілей отырып, сәйкестігін тексеру.

Білімдер:
1. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру технологиялары;
2. Жүк тиеу-түсіру операциялары кезінде автокөліктің тоқтап тұру нормативтері;
3. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау нормалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

5-еңбек функциясы:
Жүкті тасымалдау кезінде маршрут бойымен соңғы нүктеге дейін жеткізуге және оның тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау



1-дағды:
Жүкті уақытылы жеткізу үшін көлік құралдарының қозғалыс маршрутын әзірлеу және оны жүк жөнелтушімен келісу

Машықтар:
1. Жүкті тағайындалған жерге жеткізу үшін тиімді қозғалыс маршрутын әзірлеу;
2. Көлік құралдарының жол-климаттық жағдайларды ескере отырып, бүкіл маршрут бойынша жанармай шығынын анықтау;
3. Жүк жөнелтушімен маршрутты және жеткізу мерзімдерін келісу.

Білімдер:
1. Жүктерді тасымалдаудың оңтайлы маршруттары, автокөлік жолдарының, құрылыстардың және олардың инфрақұрылымының жағдайы;
2. Жол-климаттық жағдайларды ескере отырып, жанармай-шикізат шығындарының нормалары;
3. Кәсіби және іскерлік этика негіздері;
4. Конфликтология негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүктің жеткізілу мерзімін анықтау және оны жүк алушымен келісу

Машықтар:
1. Жүктің жеткізілу мерзімін автокөлікпен жүк тасымалдау ережелері мен тәуліктік жол жүру нормаларына сәйкес анықтау;
2. Жолдағы аялдаулар орындарын жүргізушінің (жүргізушілер экипажының) еңбек және демалыс режимін ескере отырып ЕСТР талаптарына сай белгілеу;
3. Жол бойында тасымалдың барлық кезеңінде ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Автокөліктің жүкпен тәуліктік жүріс нормалары, автокөлікпен жүк тасымалдау ережелерінде көзделген;
2. Жол бойындағы демалыс орындары, кемпингтер, қонақүйлер, жанармай құю станциялары, тамақтану пункттерінің орналасуы;
3. Жүргізушілердің (жүргізушілер экипажының) еңбек және демалыс режимін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі ережелер;
4. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, автокөлік кәсіпорнының мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта және басқа байланыс құралдары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүкті тоқтау кезінде, қайта тиеу кезінде және түсіру жұмыстарын күту кезінде дұрыс сақтау режимін қамтамасыз ету

Машықтар:
1. Физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, жүкті тасымалдау мен сақтаудың режимі мен шарттарын ескере отырып, оны тасымалдауды және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
2. Қауіпті және тез бұзылатын жүктер, сондай-ақ тірі жүк және жануарлардан алынатын шикі өнімдер сияқты ерекше режимдегі жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру;
3. Жүктің нақты түріне қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдаудың аралық кезеңдерінде (аялдамалар, ауыстырып тиеу, түсіруді күту) жүкті сақтаудың температуралық, ылғалдылық және санитарлық режимдерінің сақталуын бақылау.

Білімдер:
1. Тасымалданатын жүктердің классификациялық белгілері, физика-химиялық қасиеттерінің ұқсастығы, тасымалдау, қайта жүктеу режимі мен тәсілі, сондай-ақ тасымалдау барысында үйлесімділігі;
2. Қауіпті және тез бұзылатын жүктерді, сондай-ақ тірі жануарлар мен мал өнімдерін сақтау және тасымалдау режимдері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

6-еңбек функциясы:
Жеткізілген жүкті қабылдаушыға тапсыру, қабылдау-сату құжаттарын рәсімдеу



1-дағды:
Жүкті қабылдаушыға беру

Машықтар:
1. Жүкті қабылдаушының қабылдауын қадағалау;
2. Пломбалар мен орамдардың таңбалау тасымалдау құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келуін тексеру;
3. Тапсырыс берушімен келісілген түсіру кезінде құжаттағы алынған белгілерді тексеру.

Білімдер:
1. Жүк қабылдау-сертификаттау бойынша автокөлікпен жүк тасымалдау ережелері;
2. Жүктің қабылданғаннан кейін қабылдаушыға тапсыру құжаттарын рәсімдеу тәртібі мен ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жеткізілген жүктің бір бөлігінің жетіспеушілігі немесе зақымдануы анықталған кезде актілерді жасауға қатысу

Машықтар:
1. Жүктердің жетіспеуіне, бүлінуіне және басқа да тиісті құжаттарға актілер жасауға қатысу;
2. Офистік қосымшаларды қоса алғанда, қажетті бағдарламаларды қолдана отырып, дербес компьютерде факсимильді және көшірмелі ұйымдастыру техникасында жұмыс істеу;
3. Жүктің жетіспеуіне немесе бүлінуіне актілерді ресімдеу кезінде тасымалдауға қатысушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Білімдер:
1. Жүктің қабылдануы мен тапсыру тәртібі;
2. Жүктердің жетіспеушілігі немесе зақымдануы туралы құжат формалары және оларды толтыру тәртібі;
3. Кәсіби және іскерлік этика негіздері;
4. Конфликтология негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүктің қабылданғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ жол парағын және тауар-тасымалдау құжаттарын рәсімдеу

Машықтар:
1. Қабылдау-тапсыру, тауар-көлік құжаттамаларын ресімдеудің дұрыстығын тексеру;
2. Көлік құжаттарының барлық міндетті бағандарының толық және дұрыс толтырылуын бақылауды жүзеге асыру;
3. Қабылдау-беруді ресімдеу кезінде құжаттамада көрсетілгендермен жүк туралы нақты деректерді салыстырып тексеру.

Білімдер:
1. Тауар-тасымалдау құжаттарын рәсімдеуге қатысты автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
2. Іскерлік және кәсіби этика негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Дәлдік

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

4

Жүк көлігінің жүргізушісі

2

Тарификатор (автомобиль көлігінде)

13. Кәсіптің карточкасы "Диспетчер (жүк көліктерін сүйемелдеу)":

Топтың коды:

3159-0

Қызмет атауының коды:

3159-0-001

Кәсіптің атауы:

Диспетчер (жүк көліктерін сүйемелдеу)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

4

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
27-параграф. Диспетчер

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)

Біліктілік:

Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)

Мамандық:
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Біліктілік:

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, арнайы бағдарлама бойынша оқытылуы және басқару (өндіріс) процесін жедел реттеу бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:

3157-2-001 - Автомобиль көлігінің диспетчері

Қызметтің негізгі мақсаты:

Автотранспорт арқылы көлік-экспедициялық қызмет көрсету процесін диспетчерлік сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Жүк тасымалдау процесін ұйымдастыру операцияларын тасымалдауды басқару ақпараттық технологияларын қолданып орындау;
2. Жүктерді экспедициялау барысында тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындау және оңтайлы шешімдерді таңдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3. Жүктерді тасымалдау жоспары мен тапсырмаларын орындауды бақылауды қамтамасыз ету.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Жүк тасымалдау процесін ұйымдастыру операцияларын тасымалдауды басқару ақпараттық технологияларын қолданып орындау



1-дағды:
Жүк жөнелтуші мен жүк алушы өкілдерін тасымалдау процесінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету

Машықтар:
1. Жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға тасымалдау процесінің барысы туралы қажетті ақпарат беру;
2. Қажет болған жағдайда, клиенттермен тасымалдау маршруттарын өзгерту мәселелерін келістіру;
3. Тасымалдаудың барлық кезеңдерінде жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен тұрақты байланыста болу.

Білімдер:
1. Жүк көліктерімен жүктерді тасымалдау ережелері;
2. Үлкен көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Жүк тасымалдау (жүк жөнелтушінің/жүк алушының өтініші) және транспорттық экспедиция келісімшарттарының шарттары;
5. ЖҚҚ техникалық пайдалану ережелерінің негізгі ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүк жөнелтуші/жүк алушымен келісілген маршрут бойынша тасымалдау шарттары мен ерекшеліктері туралы жүргізушілерді нұсқау беру

Машықтар:
1. Жүргізушілерді жүк тасымалдау маршруттары мен қашықтығы, жол-климаттық жағдайлар, мүмкін болатын қауіптер және маршрут өзгерістері туралы хабардар ету;
2. Жүргізушілерге маршрут бойынша қосымша тиеу пункттерінің мекенжайларын хабарлау;
3. Қауіпсіз тасымалдау мен жүктердің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін алынған ақпаратты жүргізушілерге жеткізу;
4. Жүргізушілерге (жүргізуші құрамына) еңбек және демалыс режимін қатаң сақтау туралы уақтылы ақпарат беру.

Білімдер:
1. Маршрут бойынша кәсіпорындардың мекенжайлары және олардың жұмыс режимі;
2. Тасымалдау, қабылдау, сақтау, қорда ұстау, тауарларды өткізу және экспедиторлық қызмет көрсету ережелерін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар;
3. Жол қауіпсіздігі үшін автомобиль жолдарының маршруттары мен схемалары, олардың жағдайы және қозғалыс шарттары;
4. Жүргізушілердің (жүргізуші экипажының) еңбек және демалыс режимін, ЕСТР нормаларын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жүк тасымалдауды орындау үшін қажетті жол парақтарын, жүк-тасымалдау жүкқұжаттар және басқа да құжаттарды толтыру, беру және қабылдау

Машықтар:
1. Жол парақтарын толық қажетті мәліметтерді енгізіп толтыру, беру және қабылдау;
2. Жол парақтарын қозғалыс журналына тіркеу;
3. Жүк-тасымалдау жүкқұжаттарын дұрыс толтырылғанын тексеру (мөрлердің, реквизиттердің, жүктің қабылданғаны мен тапсырылғаны туралы белгілердің болуы);
4. Жол парақтарында орын алған бұзушылықтарды анықтап, басшылықты хабардар ету.

Білімдер:
1. Автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңы;
2. Автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдау шарты туралы конвенция;
3. Жүк тасымалдауларын автомобиль көлігімен жүзеге асыру ережелері;
4. Үлкен көлемді және ауыр жүк тасымалдау ережелері;
5. Қауіпті жүк тасымалдау ережелері;
6. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
7. Автокөліктерді техникалық пайдалану ережелері;
8. Жол парақтарын, жүк-тасымалдау жүкқұжаттарын рәсімдеу және өңдеу тәртібі, техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштерді есепке алу;
9. Есеп журналдарын жүргізу тәртібі, есеп формалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-дағды:
Жүк тасымалдау процесінің және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау барысын ағымдағы түрде есепке алу

Машықтар:
1. Жүктің тиеу, түсіру және тасымалдау әдістерінің қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін бақылау;
2. Жүк жөнелту және қабылдау жұмыстарына байланысты кешенді іс-шаралардың орындалуын бақылау;
3. Жүктің төселуі мен тасымалдануы кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау;
4. Бөлінетін жүктерді тиеу кезінде және бөлінбейтін ірі өлшемді, ауыр жүктерді тиеу кезінде рұқсат етілген салмақ және көлем нормаларының бұзылмауын, арнайы рұқсаттың болуын бақылау.

Білімдер:
1. Жүктерді автокөлікпен тасымалдау ережелері;
2. Ірі өлшемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Рұқсатнамалық жүйені қолдану ережелері;
5. АТС техникалық пайдалану ережелері;
6. Жүк тиеу-түсіру жұмыстары мен қоймада сақтау кезінде қолданылатын қолданыстағы нұсқаулықтар;
7. Қазақстан Республикасының жалпы пайдалану жолдары бойынша автокөліктердің жүруіне рұқсат етілген өлшемдік және салмақтық параметрлері;
8. Автокөліктердің жол жүрісіне арналған маусымдық шектеулер;
9. Тауарларды қабылдау, сақтау, қоймалау, өткізу және экспедициялық қызмет көрсету ережелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

5-дағды:
Жүк тасымалдау өтінімдері бойынша жүк жіберушілермен/жүк алушылармен келіссөздер жүргізу және автокөлікті тиеуге беру уақыты мен орнын келісу

Машықтар:
1. Тасымалдауды тиімді бақылау және ұйымдастыру мақсатында клиенттермен келіссөздер жүргізу;
2. Қажет болған жағдайда тапсырыс берушілермен өтінімдерді келісу және оларға қажетті өзгерістер енгізу;
3. Тараптардың талаптарына сәйкес тасымалдау бойынша құжаттарға өзгерістер енгізу.

Білімдер:
1. Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттары, оның ішінде диспетчерлік қызмет туралы ережелер, тасымалдауды бақылау диспетчерінің лауазымдық нұсқаулығы;
2. Автотранспорт және экспедиция саласындағы қызметті реттейтін көлік заңнамасының және оның ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерінің негіздері;
3. Түрлі жүк түрлерін тиеу, түсіру және тасымалдау әдістері мен шарттары;
4. Жүк тасымалдау келісімшарттарының (жүк жөнелтуші/жүк алушы өтінімдері) және көлік экспедициясы шарттарының шарттары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Жүктерді экспедициялау барысында тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындау және оңтайлы шешімдерді таңдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру



1-дағды:
Тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдауды оперативті басқару

Машықтар:
1. Жүктердің қозғалыс процесін, олардың сақталуын, маршрутты сақтауын және уақытында өтуін қадағалау;
2. Логистика, жүктердің қозғалысы туралы ақпаратты талдау және жоспарланған маршруттан, қозғалыс кестесінен, тасымалдау және транспорттық экспедиторлық шарттардан ауытқулардың себептерін анықтау;
3. Ақпарат жинау және тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезеңдерін, мерзімдерін және әдістерін түзету;
4. Жүкті жіберушілерге/алушыларға тасымалдаудың алдын ала келісілген шарттарынан ауытқулар және олардың себептері, сондай-ақ тасымалдауды басқару бойынша қабылданған шешімдер туралы хабарлау.

Білімдер:
1. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелері;
3. Ірі көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау ережелері;
4. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Рұқсат беру жүйесін қолдану ережелері;
6. Автомобиль көліктік құралы техникалық пайдалану ережелері;
7. Жүктерді тасымалдау, қабылдау, сақтау, қоймалау, сатылым және экспедиторлық қызмет көрсету ережелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
8. Еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелері мен нормалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Көліктің жұмысындағы қалыптан тыс тоқтап қалулар мен ақауларды жою бойынша әрекеттерді орындау

Машықтар:
1. Автокөліктің тоқтап қалуы мен оның себептері туралы ақпаратқа ие болу;
2. Жолдағы проблемалық учаскеден айналып өту үшін баламалы маршрутты анықтау және оны жүргізушіге толық хабарлау;
3. Бос автокөлікті оралу бағытында жүктеуді қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Еңбек ұйымдастыру және басқару негіздері;
2. Жүк тасымалдау, қабылдау, сақтау, қоймаға орналастыру, тауарларды өткізу және экспедиторлық қызмет көрсету ережелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
3. Кәсіби қарым-қатынас әдістері және келіссөз жүргізу тәсілдері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Жол парақтарында тиісті техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштерді есептеу жүргізу

Машықтар:
1. Автотранспорттың нақты жүріс қашықтығын анықтау;
2. Жанармай шығынын анықтау;
3. ЖСМ шығыны бойынша есептер құрастыру.

Білімдер:
1. Автокөлік жолдарының негізгі маршруттары мен схемалары;
2. Кәсіпорында қолданылатын автокөлікті ұстауға арналған ЖСМ және басқа шығындар нормалары;
3. Автокөліктік құралдарды техникалық пайдалану ережелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

4-дағды:
Қажет болған жағдайда автопаркті уақытында техникалық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Машықтар:
1. Жүргізуші құрамы арасында тасымалдауды орындау кезінде көлік тәртібін сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу;
2. Штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету және басшылықты уақтылы хабардар ету;
3. Қажетті жағдайларда (техникалық ақаулық, авария) жылжымалы құрамға техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Білімдер:
1. "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
2. Автокөлік құралын техникалық пайдалану ережелері;
3. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
4. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері мен нормалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы:
Жүктерді тасымалдау жоспары мен тапсырмаларын орындауды бақылауды қамтамасыз ету



1-дағды:
Тұрақты байланыс орнату және сақтау: клиенттермен (жүк жіберушілер/жүк алушылар) және тиеу-түсіру пункттерімен

Машықтар:
1. Жүк тасымалдау және экспедиторлық қызмет көрсету бойынша қызмет алушылармен транспорттық кәсіпорынның жұмысын үйлестіру;
2. Тасымалдау және қосымша қызметтерге арналған өтініштерді қабылдау;
3. Көліктік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу;
4. Диспетчерлік қызметтің жұмысын оңтайландыруға арналған ұсыныстар әзірлеу және іс-шаралар жүргізу.

Білімдер:
1. Жүк тасымалдауды автомобиль көлігімен жүзеге асыру ережелері;
2. Автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру негіздері;
3. Жүк тиеу-түсіру және қоймалаумен байланысты жұмыс кезінде қолданыстағы нұсқаулықтар;
4. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитарияның ережелері мен нормалары;
5. Іскерлік және кәсіби этика негіздері;
6. Кәсіби этика негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Көлікті тасымалдау бойынша ауысымдық жоспар мен тапсырмаларды ұйымдастыру және реттеу

Машықтар:
1. Тасымалдау маршруттарын және ауысымдық-күндік жоспарларды әзірлеу;
2. Қозғалыстағы автокөліктің қажеттілігін есептеу;
3. Жұмыс объектілері мен жүк жөнелтушілер/жеткізушілер өтініштері бойынша автокөліктерді жоспарлау, шығару кестесіне сәйкес;
4. Жүргізушілерге тасымалдау тапсырмаларының шарттары бойынша нұсқау беру;
5. Автокөліктің уақытында шығуын қадағалау;
6. Егер автокөлік жоспар бойынша шықпай қалса, оны ауыстыру.

Білімдер:
1. "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
2. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
3. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
4. Жүк автокөлігімен тасымалдау ережелері;
5. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелері мен нормалары;
6. Автокөлік тасымалын ұйымдастыру негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-дағды:
Автотранспорт құралдарының жұмыс нәтижелерін жедел есепке алу, бақылау және талдау жүргізу

Машықтар:
1. Жүргізушілерге ауысымдық тапсырмаларды дайындап, олардың орындалуын бақылау;
2. Жол парақтары бланктарын есепке алу, оларды беру және уақтылы қайтарылуын, реквизиттердің дұрыс толтырылуын және мөрлердің қойылуын бақылау;
3. Көлік процесінің бұзылуы, жүк жетіспеушілігі немесе зақымдану жағдайларын тергеу;
4. Ауысымдық-күндік жоспар-тапсырманың орындалуын талдау;
5. Жедел бұйрықтар журналының тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету.

Білімдер:
1. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелері;
2. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
3. Жүк тасымалының автомобиль көлігі арқылы жүргізу ережелері;
4. Автокөлік тасымалын ұйымдастыру негіздері;
5. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелері мен нормалары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Аналитикалық ойлау
Эмоционалды тұрақтылық
Қарым-қатынас
Орындаушылық

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

6

Автокөлік тасымалдары жөніндегі менеджер

3

Автотасымалдау экспедиторы (жүргізуші-экспедитор)

14. Кәсіптің карточкасы "Автокөлік компаниясының басшысы":

Топтың коды:

1325-1

Қызмет атауының коды:

1325-1-044

Кәсіптің атауы:

Автокөлік компаниясының басшысы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

7

СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:


БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:

"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген).
91-параграф. Ұйымның директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы)

Кәсіптік білім деңгейі:

Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)

Мамандық:
Көлік қызметтері

Біліктілік:
-

Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)

Мамандық:
Көлік қызметтері

Біліктілік:
-

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті кәсіптік қызмет бойынша басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Формалды емес және информалы біліммен байланыс:


Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:


Қызметтің негізгі мақсаты:

Көлік-экспедициялық компанияның қызметін ұйымдастыру және бақылау

Еңбек функциялардың сипаттамасы

Еңбек функцияларының тізбесі:

Міндетті еңбек функциялары:

1. Көлік-экспедициялық қызметті ұйымдастыру;
2. Көлік-экспедициялық қызметтерді ұсыну саласында компания қызметін стратегиялық басқару.

Қосымша еңбек функциялары:


1-еңбек функциясы:
Көлік-экспедициялық қызметті ұйымдастыру



1-дағды:
Көлік-экспедициялық қызметті ұйымдастыру

Машықтар:
1. Көлік экспедициясы шарттарымен көзделген жұмыстарды (жүктi тиеу, түсіру, сұрыптау, жеткізу және әкету және т.б.) ұйымдастыру;
2. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға деген жалпы сұраныс пен тапсырысты түсіну және тіркеу;
3. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға түскен тапсырыстардың жүзеге асырылуын модельдеу және болжау;
4. Келіп түсетін және жөнелтілетін жүктер, тасымалдау төлемдері, жеткізу мерзімдері, тасымалдау шарттары мен басқа да тасымалдау, тиеу-түсіру және коммерциялық операциялар бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмысты ұйымдастыру;
5. Жүктерді тиеу, түсіру, жеткізу және әкету бойынша операциялық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру және түзету;
6. Жүк қабылдау-тапсыру пункттерінің жұмысын ұйымдастыру;
7. Барлық тәуекел түрлері бойынша кепілдіктер беруді ұйымдастыру;
8. Жүк операциялары кезіндегі көліктің бос тұрып қалуын қысқарту, өткізу қабілетін арттыру, қоймалар мен алаңдарды, автокөліктің кіреберіс жолдарын тиімді пайдалану, тиеу-түсіру машиналары мен механизмдерін, көлік құралдарын ұтымды пайдалану шараларын әзірлеу;
9. Озық әдіс-тәсілдерді, еңбек ұйымдастырудың тиімді үлгілерін, жүк және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу.

Білімдер:
1. Автомобиль көлігіндегі негізгі технологиялық үдерістер;
2. Жүктерді тасымалдау ережелеріне, тасымалдауды құжатпен ресімдеуге, рұқсат беру жүйесіне, кедендік рәсімдерге, жүкті тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты ұлттық және халықаралық заңнама;
3. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
4. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
6. Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары;
7. Автомобиль көлігіндегі көлік тарифтерін құру принциптері;
8. Жүкті тасымалдау, бекіту, орау және таңбалау шарттарына қойылатын стандарттар;
9. Жүкті тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
10. Жүк тасымалына және коммерциялық операцияларға арналған құжаттама;
11. Жүктерді күзету тәртібі туралы ережелер;
12. Жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
13. Жүк операциялары кезіндегі көлік құралдары мен контейнерлердің бос тұрып қалу нормалары;
14. Халықаралық автомобиль жүк тасымалы нарығының ерекшеліктері, рұқсат беру жүйесінің қолданылуы;
15. Маршруттар мен бағыттардың ерекшеліктері, сондай-ақ транзиттік мемлекеттердің аумағы арқылы өту шарттары;
16. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы ережелер;
17. Жүк және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері;
18. Актілік-претензиялық жұмыстың негіздері;
19. Келіссөздер жүргізу және іскерлік хат алмасу үшін жеткілікті деңгейде (қажет болған жағдайда) ағылшын тілін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Жүк және коммерциялық жұмысқа бақылау

Машықтар:
1. Жылжымалы құрамның жүк көтергіштігі мен сыйымдылығына белгіленген нормаларға сәйкес ұтымды пайдаланылуын бақылау;
2. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындауды ұйымдастыруды бақылау;
3. Жүк тасымалы және көлік экспедициясы шарттарының орындалуын бақылау;
4. Жүк тасымалдау ережелерінің, соның ішінде халықаралық қатынастардағы және рұқсат беру жүйесінің талаптарының сақталуын бақылау;
5. Көрсетілетін қызметтердің көлемін және компания табыстарын, оның ішінде халықаралық автомобиль жүк тасымалдарынан түсетін табыстарды бағалау;
6. Қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын, лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындауын бақылау.

Білімдер:
1. Автомобиль көлігіндегі негізгі технологиялық үдерістер;
2. Компания қызметкерлерінің штаттық кестесі және лауазымдық нұсқаулықтары;
3. Есеп беру нысандары және есептерді тапсыру мерзімдері;
4. Нарықтық шаруашылық жүргізу әдістері және қаржылық менеджмент;
5. Есеп айырысу, компанияның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, ішкі резервтерді айқындау әдістері;
6. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері;
7. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелері;
8. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
9. Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары;
10. Автомобиль көлік құралдарын техникалық пайдаланудың ережелері;
11. Жүк операциялары кезіндегі көлік құралдарының бос тұрып қалу нормалары;
12. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты туралы ережелер;
13. Жүкті тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
14. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері;
15. Өндірістік сипаттағы жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу әдістемелері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-еңбек функциясы:
Көлік-экспедициялық қызметтерді ұсыну саласында компания қызметін стратегиялық басқару



1-дағды:
Компанияның қызмет саясатын мен стратегиясын, оларды іске асыру тетігін әзірлеу

Машықтар:
1. Компанияның қызмет саясатын, стратегиясын айқындау, даму бойынша стратегиялық мақсаттар қою;
2. Көлік пен көлік-экспедициялық қызметтер нарығының даму үрдістерін айқындау, болжау және талдау;
3. Негізгі бәсекелестерді және нарықтағы бәсекелестік жағдайларын анықтау;
4. Операциялық қызметті стратегиялық талдау әдістері мен құралдарын қолдану;
5. Компанияның операциялық қызметі саласындағы міндеттерді тұжырымдау;
6. Компания мақсаттарына сәйкес іске асыру жоспарын құрастыру;
7. Компания стратегиясының орындалуына мониторинг жүргізу.

Білімдер:
1.Стратегиялық менеджмент, маркетинг, өндірісті ұйымдастыру, заманауи бизнес-технологиялар, қаржылық басқару негіздері;
2. Көлік-экспедициялық қызметтер нарығында қызмет атқаратын жетекші компаниялардың құрылымы, жұмыс істеу тәртібі, мақсаттары мен міндеттері;
3. Көлік қызметіне қатысты стратегиялық, мақсатты бағдарламалар, нормативтік құқықтық актілер;
4. Көлік және көлік-экспедициялық қызметтің даму үрдістері;
5. Азаматтық заңнама негіздері;
6. Стратегияларды, бизнес-жоспарларды, келісімдер мен шарттарды әзірлеу тәртібі;
7. Шарттық жұмыстың негіздері;
8. Жүк жеткізудің көлік схемаларын оңтайландыру тәсілдері, амалдары мен әдістері;
9. Сыртқы экономикалық қызмет негіздері (Incoterms, көлік құқығы бойынша халықаралық конвенциялар, кеден заңнамасының негіздері);
10. Электрондық құжат айналымы негіздері, электрондық құжаттар алмасу сервистері, EDI;
11. Келіссөздер жүргізу және іскерлік хат алмасу үшін жеткілікті деңгейде (қажет болған жағдайда) ағылшын тілін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды:
Компания қызметі стратегиясының іске асырылуына мониторинг жасау және бақылау

Машықтар:
1. Таңдалған стратегияны бағалау;
2. Стратегияның орындалуын және компания қызметінің мақсаттарына қол жеткізілуін бағалау және бақылау;
3. Компанияның, оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін түзет.

Білімдер:
1. Экономикалық индикаторлар жүйесі;
2. Стратегияны іске асырудың әртүрлі кезеңдерінің мақсаттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
3. Компания қызметіндегі күшті және әлсіз жақтар;
4. Бақылауға қиын сыртқы факторлар;
5. Тәуекел-менеджмент негіздері.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:

Жауапкершілік
Стратегиялық ойлау
Күйзеліске тұрақтылық
Тез шешім қабылдай білу
Командада жұмыс істей білу
Аналитикалық ойлау

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:


СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:

СБШ-нің деңгейі:

Кәсіптің атауы:

6

Менеджер логист

4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      15. Мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

      Орындаушы:

      С.Қ. Өзбеков, +7 (717) 298 33 02, transport@transport.gov.kz.

      16. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

      Жоба жетекшісі:

      С.Қ. Өзбеков

      E-mail: transport@transport.gov.kz.

      Телефон нөмірі: +7 (717) 298 33 02.

      17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2025 жылғы

      18. 3, 31 шілде.

      19. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2025 жылғы 12 қараша.

      20. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

      21. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 жыл.

      22. Болжамды қайта қарау күні: 2028 жылғы 31 желтоқсан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады