БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшада:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде орнатылған автоматтандырылған өлшеу станциясымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларында:
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде орнатылған автоматтандырылған өлшеу станциясымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |