"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 139 бұйрығы

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "158-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме экипажы құрамына кіре алатын жағдайларды уәкілетті орган халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      15-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) суға батқан мүлiктi алып тастауға рұқсаттар беру;".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады