Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы "Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 387 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 476 қаулысы

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданы әкімдігінің Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2023 жылғы 12 қазандағы № 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 187144, Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 73-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін;

      3. Осы қаулы 2026 жылдың 1қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады