Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" №193 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 311 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V ҚРЗ Заңының 27- бабының 9-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданы әкімдігінің Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2025 жылғы 19 мамырдағы №193 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №210479, Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 312-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін;

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Халелов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көксу аудандық мәcлихатының төрағасы Ж. Бейсенбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады