Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2-тармағына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл ауданының әкімі | А.Абдинов |
| Алакөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 353 қаулысына қосымша |
Алакөл ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1)қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2)психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2.Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1)ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (директоры);
2)Меңгеруші (ауылдық клуб);
3)музыкалық жетекші;
4)әдіскер;
5)көркемдік жетекші;
6)режиссер;
7)дыбыс операторы;
8)аккомпаниатор-концертмейстр;
9)би үйірмесінің жетекшісі;
10)барлық атаудағы әртіс;
11)жетекші (ұжым, үйірме);
12)мәдени ұйымдастырушы;
13)бағдарламашы;
14)дыбыс технигі;
15)кітапханашы.
