Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8- тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 9- тармағына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 244 "Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115101 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.С.Абдинов |
