Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 331 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы су ресурстары және

      ирригация министрлігінің

      Су ресурстарын пайдалануды,

      реттеу және қорғау жөніндегі комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі

      Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы " 13 " қазан № 331 қаулысына 1- қосымша

Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісінің атауы

Су объектісінің орналасқан жері

Су қорғау аймақтарының ені, (метр)

Су қорғау белдеулерінің ені (метр)

1

Сарыбұлақ (Ащыбұлак, Қарасу) өзені

Ескелді ауданы, Талдықорған қаласы

500

35-75

2

Теректі өзені

Ескелді ауданы

500

35-75

3

Көктал өзені

Ескелді ауданы

500

55-75

4

Ақсу өзені

Ақсу ауданы, Сарқан ауданы

500

35-75

5

Басқан өзені

Сарқан ауданы, Ақсу ауданы

500

35-50

6

Өсек өзені

Панфилов ауданы

500

35-75

7

Теңтек өзені

Алакөл ауданы

500

35-75

8

Шажа (Чиже, Чажа) өзені

Ескелді ауданы, Текелі қаласы

500

35-100

9

Сарқан өзені

Сарқан ауданы

500

35-100

10

Лепсі өзені

Сарқан ауданы

500

35-55

11

Қорғас өзені

Панфилов ауданы

500

35-75

12

Борохудзир өзені

Панфилов ауданы

500

35-100

13

Бүйен өзені

Ақсу ауданы

500

35-55

14

Қызылағаш өзені

Ақсу ауданы

500

35-75

15

Ақешкі өзені

Ақсу ауданы

500

35-75

16

Шынжылы өзені

Алакөл ауданы

500

35-100

17

Мұқаншы өзені

Көксу ауданы, Қаратал ауданы

500

35

18

Быжы өзені

Кербұлақ ауданы, Қаратал ауданы

500

35-55

19

Жаманты өзені

Алакөл ауданы

500

35-55

20

Сасықкөл көлі

Алакөл ауданы

500

100

21

Жалаңашкөл көлі

Алакөл ауданы

500

100

22

Сарықұл өзені

Алакөл ауданы

500

50

23

Жарлыөзек өзені

Көксу ауданы

500

35-75

24

Мұқры өзені

Көксу ауданы

500

50

25

Сарқан өзені, кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шегінде:
24-267-002-773

Сарқан ауданы

500

35

      Ескертпе: су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының координаттары бекітілген жобалық құжаттама және картографиялық материалдарда көрсетілген.

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы " 13 " қазан № 331 қаулысына 2 - қосымша

Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Жерүсті су объектілерінде:

      1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

      2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

      3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

      4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

      6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

      7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

      2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

      3. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

      4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

      5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.

      6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады