"Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 220 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №153 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 5, 6, 23-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік мекемелердің ережелерін мемлекеттік қайта тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің м.а. Ә. Жақанбаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы " " _________ № ____ қаулысына 1-қосымша


"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, №222.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      3) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      спорттық шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және олардың заңнамада белгіленген тәртіппен орындалуын бақылау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

      әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды өткізеді;

      2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;

      3) спорт түрлері бойынша облыс командаларын даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      7) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      9) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      13) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      14) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      15) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыс командаларының құрамдарын қалыптастырады және бекітеді;

      15-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыс командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

      15-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, облыс бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;

      16) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      18-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      18-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      18-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;

      18-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;

      18-5) спорттық медицина және оңалту ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;

      18-6) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      18-7) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      18-8) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      18-9) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;

      18-10) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес облыста мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

      18-11) облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

      2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада беліленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қоладанады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандырыған мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қаратал ауданының балалар мен жсөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Панфилов ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Талдықорған қаласы "Өркен" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үстел ойындары және спорттық туризмнен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі;

      22)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимп" кәсіпқой регби клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      24)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      25)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      26)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орталық бассейні" су спорты түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      27)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жастар" спорт сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      28)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының волейбол бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      29)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимпиадалық емес спорт түрлерінен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      30)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының бокс бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      31)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу облысының дзюдо бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      32)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      33)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұлттық спорт түрлерінен "Жетісу" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      34)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Олимпиадалық спорт түрлерінен облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      35)"Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жетісу" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "____" ________ № ___ қаулысына 2-қосымша


"Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында денсаулық сақтау жүйелері және облыс халқын медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі, № 87.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

      4) медициналық қызметтер көрсету кезінде сапаның, стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;

      6) тізбесі заңнамада айқындалған Жетісу облысының халқын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;

      басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1)денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      2)денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтер (көмек) көрсету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;

      3)мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4)ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен мамандарының кәсіби құзыреттілегіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;

      5)медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      6)мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтауды қамтамасыз етеді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу қызметтерін сатып алуды ұйымдастырады;

      7)денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік дәріханалар желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнінде шаралар қабылдайды;

      8)денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      9)халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулардың алдын алуды және емдеуді ұйымдастырады;

      10)Жетісу облысының халқын және қандастарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және уақытша бейімдеу және детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;

      11)төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      12)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жеткізушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады;

      13)Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунды-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сатып алуды жүзеге асырады:

      амбулаториялық деңгейде - уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес;

      стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде;

      14)медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

      15)статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асырады;

      16)Жетісу облысының денсаулық сақтау ұйымдарында мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      17)персоналды басқарудың біртұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Басқармада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын іске асырады;

      18)бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнатады және дамытады;

      19)өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      20)өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау, мемлекеттік құпиялар, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      21)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тұрақтылығын және бюджет қаражатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі үшін пайдалануды қамтамасыз етеді;

      22)медициналық қызметтердің сапасын жоғарылату бойынша шаралар қабылдайды;

      23)қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      24)халыққа профилактикалық екпелер жүргізуді ұйымдастырады;

      25)Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      26)Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      27)биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;

      28)жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;

      29)жеткен нәтижелерге (KPI) байланысты басшылардың қызметін ұйымдастыру;

      30)шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына, олардың орынбасарларына, бас (аға) бухгалтеріне лауазымдық жалақы мөлшерін, сыйақы беру және басқа да ынталандыру жүйесін айқындау;

      31)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      32)денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

      2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      3)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ескелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      5)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      6)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      7)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      8)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      9)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Текелі қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      10)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      11)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      13)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық кардиологиялық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      14)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық көпсалалы клиника" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісу облысының фтизиопульманология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      16)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      17)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      18)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      19)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      20)шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 Талдықорған қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      21) "Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      22)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      23)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      24)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Күншуақ" облыстық балаларды оңалу орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      25)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      26)шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған жоғары медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      27)"Облыстық мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      28)"Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      29)"Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" _______ №_____ қаулысына 3-қосымша


"Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі оның атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік басқарудың энергия, жылу, сумен, газбен жабдықтау саласындағы саясатын жүзеге асыру, жоспарларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге, құрастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

      2) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында коммуналдық қалдықтардың айналымын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;

      3) облыстың елді мекендерінің (шегінде) шекарасы аясында суды бұру, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сұрау және алу;

      белгіленген тәртіппен басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;

      2) міндеттері:

      жоғары тұрған органдардың бұйрықтарын орындау;

      энергетика саласына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, коммуналдық қызметтерді инженерлік коммуникацияларды жеткізу, сондай-ақ Жетісу облысының елді мекендеріндегі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу бойынша бағдарламалардың жобаларын әзірлеу және енгізу;

      қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау тұрғысынан мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгіну;

      талап қою қызметін жүзеге асыру;

      барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында Басқарманың мүдделерін білдіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық меншікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге ұсыну;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді, сондай-ақ жергілікті бюджеттің инвестициялық жобасын қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджетті салуға арналған жобалау алдындағы және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту;

      3) қолданыстағы құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуды, сондай-ақ кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, модернизациялауды, реконструкциялауды, қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес шығыстар көлемін негіздеу үшін бюджеттік өтінімдер мен келесі жоспарлау кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын қалыптастыру;

      5) мемлекеттік мекеменің қызметі мен мемлекеттік функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      6) тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының негізінде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте облыстық коммуналдық меншікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігі деңгейіне беру туралы шешім қабылдау үшін ұсыныс енгізу;

      8) уәкілетті органға облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;

      9) облыс аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінімдерді қалыптастыру және уәкілетті органға жіберу;

      10) сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру үшін комиссия құру;

      11) тауарлық және сұйытылған мұнай газының тұтыну нормаларын бекіту;

      12) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

      13) газ тарату жүйелерін және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерін жабдықтау құрылыстарын салу, жаңғырту және (немесе) қайта жаңарту жобаларын келісу;

      14) коммуналдық меншіктегі газ және электр желілері құрылысын ұйымдастыру;

      15) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін енгізудің өлшемшарттарына сәйкес ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекітеді;

      16) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

      17) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

      18) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы ақпарат беру, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мәлімет ұсыну .

      19) елді мекендер үшін жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      20) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған жер асты суларының жобалық құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      21) ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келісу;

      22) жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысын бақылау;

      23) Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау;

      24) қазандықтар мен жылу желілерін жоспарлы жөндеуді үйлестіру (магистральдық, кварталішілік);

      25) энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті жоғарылату шараларын тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында келісім жасау, сондай-ақ энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

      26) энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      27) тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану үшін кондоминиум объектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының аудандық, қалалық бөлімдерінің жұмысына мониторинг жүргізу;

      28) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      29) қалдықтарды жою және орналастыру бойынша объектілерді салуды қамтамассыз етуді ұйымдастыру;

      30) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу ережелерін бекітуге ұсыну;

      31) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, өңдеуді және көмуді ұйымдастыру;

      32) объектілер мен кешендердің бағынысты аумағында салу (қайта құру, кеңейту, жаңарту, күрделі жөндеу) жоспарланған объектілердің мониторингін жүзеге асыру;

      33) есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

      34) жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;

      35) кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жобаларды іске асыру

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде өзінің орынбасарлары мен басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      4) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларының орынбасарларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      5) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшысын және басшының орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;

      7) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүмдесін білдіреді;

      8) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйым:

      "ЖетісуГазСервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады