Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 291 бұйрығы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Мелдебекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі міндетін
атқарушының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 291 бұйрығына қосымша

Білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз ету жөніндегі білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары

р/т №

Көрсетілетін қызметтер түрі

Өлшем бірлігі

Қосымша құн салығынсыз баға, теңгемен

1

2

3

4

1.

Білім беру жүйесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1 баспа табақ

335 663,77

2.

Білім беру процесін жүргізуді ұйымдастыру (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары)

1 баспа табақ

285 697,07


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады