"Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 259 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесінде:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттарында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары";

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады