"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:
2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.
3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
3) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2026 жылғы 8 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
11 (12)-сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан– 2026 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;
5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
Ғ. Бейсембаев |