"Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) енгізілсін.";

      2-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;";

      2-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

      4. "Қаржы орталығы" Акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып белгіленсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне (Е.С. Оспан) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша

Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Пилоттық жобаны жүргізу кезіндегі оның қатысушыларының іс-қимылдарының реттілігін белгілейді.

      2. Пилоттық жобаның мақсаты мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсететін ұйымға кезекке қою, қабылдау процестерінің және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды автоматтандыру мен оған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін бағытталған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауды қамтамасыз ететін жаңа қатысушыларды тарту арқылы ашықтығын қамтамасыз ету және жетілдіру болып табылады.

      3. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ақпараттандыру объектісі – Ұлттық білім беру деректер қорымен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған, қызметтерді алу үшін бизнес-үдерістердің автоматтандырылған орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      2) бос орын – мектепке дейінгі ұйымның атауы мен түрі (бөбекжай, балабақша, санаториялық бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық, арнайы бөбекжай, арнайы балабақша), жұмыс режимі, тәрбиелеу мен оқыту тілі, жас тобы көрсетілген баланы МДҰ-ға қабылдауға арналған бос орын туралы ақпарат;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4) ваучерлік қаржыландыру (бұдан әрі – ваучер) – білім беру қызметтерін алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін төлеуді көздейтін, төлеу көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру негізінде анықталатын қаржыландыру тетігі;

      5) қызмет алушы – баланың ата-анасы немесе заңды өкілі; МДҰ-да – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет көрсетілетін ваучерді алуға үміткер және (немесе) алған бала (бұдан әрі – ваучер ұстаушы);

      6) виртуалды ваучер – бюджет қаражаты арнайы шотты ашусыз МДҰ-ның есеп шотына төленетін ваучер түрі;

      7) ерте брондау режиміндегі бос орын – ваучер ұстаушы Алгоритмнің 13-тармағына сәйкес күту парағына қоюға берілген өтінішінің негізінде үміткер бола алатын бос орын және таңдалған МДҰ-ға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;

      8) қаржылық ваучер – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметтердің кейінгі төлемдері үшін бюджеттік қаражат қызмет алушының екінші деңгейлі банктегі және/немесе Ұлттық пошта операторының арнайы шотына орналастырылатын мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерін төлеу үшін пайдаланылатын ваучер түрі;

      9) кезектілік нөмірі – кезекте тұрған өтініштің осы кезектегі басқа өтініштерге қатысты орны;

      10) кезектілік – осы Алгоритмге сәйкес бір біріне қатысты реттелген және ақпараттандыру объектісінде сәтті тіркелген, ваучер алу үшін кезекке қойылған өтініштердің тәртібі;

      11) қосылу шарты – ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт;

      12) мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) – жалпы білім беретін, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын және жеке дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

      13) архив – ваучерлер берілген қызмет алушының оны алуға мүдделілігі болмауына байланысты ваучер алу мүмкіндігі тоқтатылған, сондай-ақ қызмет алушының тарапынан жіберілген бұзушылықтар немесе осы Алгоритмде көзделген өзге де себептер бойынша кезектен алынып тасталған кезектегі өтініштер ауыстырылатын қойма;

      14) проактивті қызмет – қызмет берушінің бастамасы бойынша қызмет алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      15) уақытша қабылданудың бос орны – санаторийлік МДҰ-ға уақытша кеткен ваучер ұстаушыға МДҰ-да сақталатын орын.

      Бұл ретте уақытша қабылданудың бос орнының осы орынға алынған ваучер ұстаушының санаторийлік МДҰ-ға кеткен ваучер ұстаушы қайтып келгенге дейін қабылдануының шектеулі мерзімі болады;

      16) хабарлама – қызмет алудың белгілі бір кезеңдерінен өту туралы хабарландыру мақсатында ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушының өкіліне жіберілетін электрондық мәтіндік хабарлама;

      17) электрондық шарт – тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ваучер ұстаушыны тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, ваучер ұстаушының МДҰ-да болу кезеңіндегі МДҰ мен қызмет алушы арасындағы өзара қатынастарды реттейтін заңды күші бар құжат;

      18) Кезектілікті есепке алудың және мектепке дейінгі ұйымдарға ваучер берудің бірыңғай базасы (бұдан әрі – Бірыңғай база) – МДҰ-ға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейінгі) кезекке қою жөніндегі бизнес-процестердің автоматты түрде орындалуын, құжаттар қабылдауды, балаларды МДҰ-ға қабылдауды және электрондық шарт жасасуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      19) кейінге қалдырылған ваучер – балалардың МДҰ-дан күтілетін бітіруін ескере отырып, ваучерлерді бөлуге түсетін және оның шеңберінде қаржыландыру ваучер берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң басталатын ваучердің түрі;

      20) күту парағы – ваучер ұстаушылар контингентіне қабылданып үлгерген және МДҰ-мен шарт жасасқан қызмет алушыға ваучерді алу кезінде бос орындар болмаған кезде басқа қалаған МДҰ-ға қабылдануға өтінім беруге мүмкіндік беретін функция.

      4. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) мынадай функцияларды орындайтын білім беруді басқару органы:

      осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Қызмет көрсетушілердің тізбесі) қалыптастырады;

      осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен кезектілікті қалыптастырады;

      ақпараттандыру объектісінде пилоттық жобаны енгізу сәтінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ваучер ұстаушылар контингентін қалыптастырады;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін айқындайды;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген) бұйрығына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – Қағида және Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) сәйкес ұсынады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      2) білім беруді басқару органының тапсырмасы негізінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, Қызмет көрсетушілердің тізбесіне кіретін МДҰ-ға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді және осы Алгоритм мен қосылу шартында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын оператор;

      3) қаржылық ваучер шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін МДҰ-ға кейіннен қолма қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына кепілдік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы;

      4) білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсаттары үшін МДҰ-ны дербес таңдайтын және олармен электрондық шартын жасасатын қызмет алушылар;

      5) қосылу шартына қосылған және электронды шартын жасасқан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Қызмет көрсетушілердің тізбесіне білім беруді басқару органдары енгізген МДҰ-лар;

      6) "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – портал) мемлекеттік қызметтер іске қосылған сәттен бастап Бірыңғай базада қызметтерді алу үшін бизнес-процестерді автоматтандырылған орындауды іске асыратын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы.

2-тарау "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      5. МДҰ-ға жіберу үшін ваучерлер беру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейінгі) кезекке қою (бұдан әрі – кезекке қою) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерімен (бұдан әрі – қызмет беруші) білім беруді басқару органының бөлуіне сәйкес қалалық агломерацияларды қоспағанда, әрбір елді мекен бойынша жеке-жеке жүргізеді.

      6. Кезекке қою үшін қызмет алушының өкілі Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен Алгоритмнің 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды портал немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жібереді.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс уақытынан кейін, демалыс немесе мереке күндері қызмет алушы жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес резидент емес болып табылатын қызмет алушыларға кезекке қою жөніндегі қызметтер осы Алгоритмде көрсетілген тәртіпке сәйкес көрсетіледі.

      Кезекке қоюдың негізгі талаптары Алгоритмнің 2-қосымшасында берілген.

      Алгоритмге 2-қосымшасының 9-тармағына сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту негіздері анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушыға "жеке кабинеті" арқылы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      7. Қызмет алушының өтініші автоматты түрде өтініш жіберу кезінде өңделеді.

      Қызметті беруші ақпараттандыру объектісі арқылы қызметті алушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін, оның ішінде жиынтық сұрау салуларды жіберу арқылы растайды.

      Бұл ретте, қызмет алушының өтініші мынадай жағдайларда жойылады:

      1) санаториялық және арнайы МДҰ-ға, сондай-ақ МДҰ-дағы арнайы топтарға кезекті қоспағанда, баланың осы немесе басқа өңірде кезекте тұруы анықталған;

      2) бала осы немесе басқа өңірдегі мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін МДҰ-ның контингентінде болған жағдайларда жойылады. Бұл ретте, санаториялық және арнайы МДҰ-ға, сондай-ақ МДҰ-дағы арнайы топтарға кезекке қою үшін өтініш берген қызмет алушыға қолданылмайды;

      3) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуі болмағанда.

      Ақпараттандыру объектісінде қызмет берушіден растама алғаннан кейін Алгоритмге 4-қосымшада көрсетілген санатқа кезекке қою жүзеге асырылып, кезектілік нөмірі беріледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жеңілдікті санат расталмаса, баланың жасына қарай өтінішке тиісті санат беріледі.

      Кезек нөмірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін алу үшін кезекке қоюға өтініш берілген күн мен уақытты негізге ала отырып, әр санат бойынша бөлек тағайындалады.

      8. Көру қабілеті, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар, зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балалар үшін МДҰ-дағы арнайы топтарға және арнайы МДҰ-ға (арнайы бөбекжай-бақшалары, арнайы балабақшалар) кезек "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымына және оқыту тіліне сәйкес балалардың туған жылы, бұзушылық түрі бойынша әрбір МДҰ бойынша жеке қалыптастырылады.

      Санаториялық бөбекжай-балабақшалардағы кезек әрбір МДҰ бойынша бөлек және балалардың туған жылына сәйкес қалыптастырылады.

      9. Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, МДҰ-ға кезекке қою өтінішін жолдау үшін баланың жасы ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жастан аспауы тиіс екені ескеріледі (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда).

      Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, бала нақты 6 жасқа толғанда (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда) ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан кейін кезектен шығарылады.

      Өтініштің кезектің жас санатына жатуы күнтізбелік жылдың соңына дейін балалардың толық жасқа толуына сәйкес жүргізіледі.

      10. Кезектер қызмет алушы туралы мәліметтердің және оның жасын жаңарту негізінде кезектің санаттары арасында өтініштерді жылжыту арқылы жыл сайын 30 маусымдағы жағдай бойынша жаңартылады. Өтініштерді кезек санаттары арасында ауыстыру өтінішті беру күні мен уақыты бойынша қатаң түрде санат ішінде түзілетін өтініштердің жаңартылған тәртібіне сәйкес кезек нөмірін жаңартумен қатар жүреді.

      21 санатты қоспағанда, барлық санаттар бойынша кезек толық қанағаттандырылған жағдайда, 1,5 жасқа толған және одан жоғары жастағы балаларға ваучер беруге жол беріледі, бұл ретте ата-ана кезегі басталған сәтте ваучер алудан бас тартқан жағдайда кезектегі орын сақталады.

      11. Қызмет алушы:

      1) кезекке қою үшін өтініш береді;

      2) көшіп кету немесе қажеттілік болмау жағдайында өтінішті кезектен алып тастайды;

      3) кезектілік нөмірін тексереді;

      4) ваучердің берілгендігі туралы хабарлама алады;

      5) ваучерді қабылдау немесе одан бас тарту туралы келісім білдіреді;

      6) ваучерді алады;

      7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген профилактикалық егулерді алуды қамтамасыз етеді;

      8) бос орындар туралы ақпаратқа сәйкес МДҰ-ны таңдайды;

      9) құжаттарды қабылдау және баланы МДҰ-ға қабылдау үшін өтініш береді;

      10) Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес жасалған нысан бойынша электронды шартқа қол қояды.

      Ақпараттандыру объектісі Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес бірінші кезекте тұрған қызметті алушыға Алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес ваучер берілгені туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді МДҰ-да пайдалану туралы келісімін растайды немесе одан бас тартады. Егер ваучерден бас тартылса, кезек жойылады. Егер қызмет алушыдан 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап болмаса, өтініш кезекте белсенді емес болып қалады және 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде ваучерлер алуға қатыспайды.

      Бұл ретте 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде ақпаратандыру объектісінде кезекті жүйеден тыс қалпына келтіруге жалғыз құқығы бар. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда кезек жойылады. Ақпараттандыру объектісінде кезекті жүйеден тыс қайта қалпына келтіруге жол берілмейді.

      Басқа елді мекенге жаңа қызмет орнына жіберу және тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде қызмет алушы өзінің өтінішін кері қайтарып алып, оны жаңа тұрған жері бойынша береді.

      Кезекке қойылғаннан кейін жеңілдік санатын алған жағдайда қызмет алушы осы Алгоритмде көзделген тәртіппен қайта өтініш береді. Бұл ретте бұрын берілген өтініш қызмет алушы тарапынан кері қайтарылуы қажет.

      12. Тәулік бойы жұмыс істейтін және ваучерлерді тарату үдерісін үздіксіз жүзеге асыратын ақпараттандыру объектісі:

      1) кезекке қоюға өтінішті тіркейді (немесе тіркеуден бас тартады), өтінішті архивке орналастырады, ваучер береді;

      2) күн сайын МДҰ-дан балалардың шығуын ескере отырып, сондай-ақ балаларды бір жас тобынан екіншісіне көшіру және жас топтарын жинақтау кезінде, бос орындар туралы ақпаратты МДҰ-дан қабылдайды;

      3) бала 6 (алты) жасқа толған кезде ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан кейін өтінішті кезектен шығарады (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсыныстары бар ерекше қажеттіліктері бар балалардан басқа) және рұқсат етілетін шекті жасқа толуы себепті оны архивке орналастырады;

      4) кезекті жаңартады.

      13. Ваучерді беру және растау сәтінде қалаған МДҰ-да бос орын болмаған кезде қызмет алушы бос орындары бар МДҰ-ны тандайды электронды шарт жасасып, ақпараттандыру объектісінде қалыптастырылған өтініш негізінде МДҰ-ның күту парағына тұра алады. Ваучер ұстаушылар контингентіне енгізіліп қойған қызмет алушы берілген ваучер негізінде МДҰ-ның күту парағына өтініш бере алады.

      МДҰ-да бос орындар пайда болса, ақпараттандыру объектісі бірінші болып күту парағында тұрған қызмет алушыға проактивті тәсілмен хабарлама жібереді. Егер қызмет алушыдан 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде жауап болмаса, қызмет алушы күту парағынан шығарылады, ал хабарлама күту парағындағы келесі қызмет алушыға жіберіледі.

      14. Қызмет көрсетушінің кезекке қою бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қызмет алушының кезекке қою қызметін көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушіге түскен шағымы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушыға "жеке кабинеттен" қызмет берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылған (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

      Қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Кезекке қою бойынша қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

3-тарау. Мектепке дейін ұйымдарға ваучерлерді бөлу тәртібі

      15. МДҰ-да ваучерлерді бөлу итерациялық әдіспен мынадай кезек параметрлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

      1) санат нөмірі – санаттың басымдығын көрсететін реттілік;

      2) санат сипаттамасы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес әр санаттың сипаттамасы;

      3) санат салмағы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес санаттың маңыздылығын анықтайтын басымдық салмағы. Бұл ретте, Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде салмақты оператор анықтайды және ақпараттандыру объектісінде жариялайды;

      4) ваучерлерді бөлгенге дейінгі кезектегі өтініштердің саны – ваучерлерді бөлу басталғанға дейінгі кезектегі өтініштердің саны;

      5) ваучерлерді бөлу – әдіс қолданылғаннан кейінгі бөлінген орындар саны;

      6) ваучерлерді бөлгеннен кейінгі кезектегі өтініштер саны – әдіс қолданылғаннан кейінгі кезекте қалған өтініштер саны;

      7) итерациялардың саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын жалпы итерациялар саны;

      8) әр итерациядағы санаттар саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын әр итерацияда бөлу жүзеге асырылатын санаттар.

      16. Ваучерлерді итерациялар бойынша бөлу үдерісі мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) итерация әр санат арқылы оның нөміріне сәйкес өтеді;

      2) ваучерлерді бөлу санаттың салмағына сәйкес және ваучерлерді бөлуге дейінгі кезектегі өтініштердің санына байланысты мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vi, k = nk, егер nk ≥ ck, онда Vi, k= ck,

      егер nk < ck, онда Vi, k= nk,

      мұнда:

      Vi,k – санат бойынша итерациядағы ваучерлердің саны;

      nk – санаттың салмағы;

      ck – санат бойынша кезектегі өтініштердің саны.

      Бұл ретте, әрбір келесі итерацияда алдыңғы итерацияның нәтижелері бойынша берілген ваучерлер ескеріліп отырып, кезек автоматты түрде жаңартылады және ваучерлер өзгерген жағдайлар бойынша бөлінеді.

      17. Итерация бойынша ваучерлерді беру үлестіру үшін бөлінген ваучерлердің жалпы санына жеткенге дейін жалғасады, оған қол жеткізген кезде итерация тоқтатылады.

      18. Ваучерлерді келесі бөлу осының алдындағы итерация тоқтап қалған сәттен басталады.

      19. Республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аудандарды (бұдан әрі – аудан) қоспағанда, аудандарда ваучерлерді бөлу кезінде бірыңғай итерация ауданның барлық елді мекендері бойынша кезекті қамту арқылы жүреді. Бұл ретте елді мекеннің МДҰ-сында бос орындар болмаған жағдайда аталған елді мекен бірыңғай итерацияға қатыспайды. Елді мекендердің аудан бойынша бірыңғай итерациядағы кезектілігі кезектегі өтініштердің ең көп санынан кезектегі өтініштердің ең аз санына қарай түзіледі.

      20. Кезек санаттарының саны, олардың түрлері, бір-бірінен кейін жүру тәртібі, сипаттамалары және салмағы оператормен келісу кезінде әрбір жеке қызметті берушімен оңтайландыруы және қайта кұрылуы мүмкін.

      21. Санаториялық және Алготритмнің 8-тармағында көрсетілген арнайы МДҰ-ға, МДҰ-дағы арнайы топтарға ваучерлерді бөлу осы МДҰ мен топтардағы орындардың босауына қарай жүзеге асырылады.

      22. Бөлінетін ваучерлердің саны жалпы алғанда:

      1) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттерден қосымша бюджет қаражатын бөлу;

      2) осы Алгоритмде көзделген жағдайларда бұрын берілген ваучерлерді жою;

      3) мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін орналастыруға арналған бюджет қаражатын босату, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу;

      4) МДҰ-дан балалардың күтілетін бітіруі есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте бұл ваучерлер ақпараттандыру объектісінде кейінге қалдырылған ваучер ретінде көрсетіледі.

4-тарау. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      23. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметі (бұдан әрі – балаларды қабылдау қызметі) МДҰ-мен (бұдан әрі – МДҰ қызмет көрсетуші) көрсетіледі. Бұл ретте қызмет алушы ваучерді пайдалануға келісімін растағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органы қалыптастырған Қызмет көрсетушілер тізбесінен МДҰ-ны таңдауды және оған қабылдануды іске асырады.

      24. Балаларды МДҰ-ға қабылдау жөніндегі қызмет портал немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.

      Ақпараттандыру объектісі МДҰ-ның қызмет көрсетушісіне МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің ресми қызметкері үшін ғана жұмыс орнына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, авторизация құралдары арқылы осындай қызметкердің жеке басын дербестендірілген тексеруді қамтамасыз етеді және сол жеке тұлғалардың әртүрлі МДҰ-ның бірнеше жұмыс орындарына қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді. Ақпараттандыру объектісі қызмет алушылардың жеке кабинеттеріне тек қызмет алушылардың дербес құрылғыларынан кіруді қамтамасыз етеді, қызмет алушылардың жеке кабинеттеріне МДҰ қызмет көрсетушілерінің құрылғыларынан кіруді бұғаттайды.

      Балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Алгоритмге 9-қосымшада келтірілген.

      МДҰ-ға қабылдау үшін кезектен қызмет алушыға берілген және қызмет алушы растаған ваучер немесе ағымдағы МДҰ-дан шығарылғаннан кейін жаңа МДҰ-ға қабылдау үшін пайдаланылатын қолданыстағы ваучер негіз болып табылады.

      МДҰ-ны таңдау және баланы қабылдау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ақпараттандыру объектісі қызмет алушының өтінішін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің қарауына жібереді.

      Қызмет алушы барлық құжаттарды жинап, электрондық шартқа қол қойғаннан кейін оларды портал және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы не қағаз жеткізгіште қабылдау үшін ұсынады.

      Ақпараттандыру объектісі құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың Алгоритмге 9-қосымшаның 8-тармағына сәйкестігін тексереді.

      Қызмет алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенге қызметті алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болмаған жағдайда МДҰ қызмет көрсетушісі ақпараттандыру объектісінде есепке алу мерзімін ұзарту қажеттігімен 2 (екі) жұмыс күні ішінде сәйкесіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлайды.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін қызмет алушының "жеке кабинетінде" МДҰ-ға қабылдау бойынша қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Қызмет алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін өз тарапынан оған әрқайсысы ЭЦҚ пайдалана отырып немесе заңнамада көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттандыру объектілері арқылы қол қоя отырып, электрондық шартын жасасумен аяқтайды.

      Шарт жасалғаннан кейін қызмет алушыға баланың МДҰ-ға қабылдануы туралы хабарлама жіберіледі.

      25. МДҰ-ның қызмет көрсетушісі мынадай себептер бойынша баланы МДҰ-ға қабылдаудан бас тартады және/немесе жойады:

      1) ваучер ұстаушының осы Алгоритмнің 23-тармағында көрсетілген мерзімде бір МДҰ-дан тиісті елді мекеннің басқа МДҰ-ға ауысқан жағдайларды қоспағанда, қызмет алушы электрондық шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ұсынбағанда немесе мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынғанда (элктрондық шарт жасалған күнге қатысты күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей берілген баланың денсаулық паспорты және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама);

      2) ұсынылған құжаттарға сәйкес баланы МДҰ-ға қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдер болғанда;

      3) топтардағы ұжымдық иммунитет шекті деңгейінен асып кеткен жағдайда (жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балалардың саны 10%-дан көп). Бұл ретте, баланы МДҰ-ға қабылдаудан бас тартқан жағдайда, қызмет алушыға басқа МДҰ таңдау үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі;

      4) қызмет алушы осы Алгоритмде белгіленген мерзімде МДҰ-ға қабылдануды жүзеге асырмағанда;

      5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенге қызметті алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болмаған.

      26. Ваучердің әрекеті ваучер ұстаушы бір МДҰ-нан екінші МДҰ-ға ауысқан кезде сақталады.

      Ваучер ұстаушы бір МДҰ-нан екінші МДҰ-ға ауысу үшін Қызмет алушы таңдалған МДҰ-ға өтініш береді, оны МДҰ шығу расталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдеуге міндетті.

      Ағымдағы МДҰ-дан шығуды растау қызмет алушы ваучер ұстаушының қатысу табеліне қол қойған немесе қол қоюдан дәлелді бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады.

      Ваучер ұстаушыларды республикалық маңызы бар қаланың және астананың, тиісті агломерациясы бар облыстық маңызы бар қаланың, тиісті ауданының шегінде МДҰ контингентіне қабылдаған кезде бір МДҰ-дан басқа МДҰ-ға ауысуға болады.

      27. Балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша МДҰ қызмет берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым МДҰ қызмет беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      МДҰ қызмет берушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол МДҰ қызмет берушісінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

      Қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      МДҰ-ға қабылдау бойынша қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

5-тарау. Пилоттық жоба шеңберінде ваучер ұстаушылар контингентін қалыптастыру

      28. Ваучер ұстаушылар контингентіне:

      1) виртуалды ваучерлерді автоматты түрде беретін Пилоттық жобаны енгізу сәтінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін алатын балалар;

      2) кезекке қою бойынша қызмет көрсету нәтижелері бойынша қаржылық немесе виртуалды ваучер алған балалар қосылады.

6-тарау. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      29. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында және ақпараттандыру объектісінде жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей немесе ваучерлік қаржыландыруға көшкеннен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін хабарландыру жариялайды және (немесе) орналастырады.

      Қызмет көрсетушілердің тізбесі қызмет қөрсетушінің атауын, БСН-ның, МДҰ-ның жобалық қуатын қамтиды және:

      1) Қызмет көрсетушілер тізбесінен, оның ішінде жоспарлы мониторинг қорытындылары бойынша шығарылған МДҰ-ларды қоспағанда, бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-лардан – автоматты түрде, МДҰ-ның өтініш беруінсіз;

      2) бұдан бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмаған, бірақ Алгоритмнің осы тарауында көзделген талаптарға МДҰ-ның сәйкестігі туралы Комиссияның хаттамасына енгізілген МДҰ-лардан қалыптастырылады.

      30. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған МДҰ Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу туралы өтініш береді және:

      1) "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес шарттарды;

      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес шарттарды;

      3) "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес талаптарды;

      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің арнайы шарттары (бар болса) қолжетімді ортаны;

      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

      7) "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен штат санын қамтамасыз етеді.

      31. Алгоритмнің 30-тармағында көрсетілген МДҰ ақпараттандыру объектісінде бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін анық оқылатын түрде pdf электрондық форматында бекіту жолымен мынадай құжаттарды:

      1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) МДҰ басшының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау жүйелерінің, автоматты өрт жүйесінің, дабыл түймесінің, дауыстық хабарлаудың және домофон жүйесінің болуы туралы ақпаратты;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шартты (сиымдылығы үш топқа дейін);

      4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелерін;

      5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

      32. Алгоритмнің 31-тармағында көрсетілген құжаттар 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылғаннан кейін:

      1) ақпараттандыру объектісі мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz):

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды;

      сыйымдылығы 3 (үш) топтан көп МДҰ үшін медициналық қызметке арналған лицензияларды алады, олардың болуы мен дұрыстығын жүзеге асырады;

      2) білім беруді басқару органы:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды;

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық) сәйкес МДҰ-ның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін;

      Қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді қабылдайды және бар-жоғын, жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады.

      33. Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша білім беруді басқару органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарламаны МДҰ-ға жібереді:

      1) МДҰ өтініші Алгоритмге 10-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмейді және (немесе) толтырылмаған не ішінара толтырылған;

      2) электрондық форматта ұсынылған құжаттар Алгоритмнің 31-тармағының бірінші абзацының талаптарына сәйкес келмеуін қоса алғанда, Алгоритмнің 31-тармағында көзделген құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкес келмеуі;

      3) өтініште көрсетілген МДҰ ҰБДҚ-да тіркелмеген.

      Хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде МДҰ ақпараттандыру объектісінде осы Алгоритмге сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады. Белгіленген мерзімде МДҰ өтініші оған қоса берілген құжаттармен бірге ұсынылмаған жағдайда білім беруді басқару органы МДҰ-ға негізделген және дәлелді бас тарту жібереді.

      34. Білім беруді басқару органы МДҰ-ның қайта жіберген өтінішімен қоса берілген құжаттарды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта қарау нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы МДҰ хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктерді жоймаған жағдайда МДҰ-ға Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізуден негізді және дәлелді бас тарту жолдайды.

      Алгоритмнің 33-тармағында және осы тармағында көзделген бас тартуды және хабарламаны МДҰ-ға білім беруді басқару органы ақпараттандыру объектісінде және (немесе) өтініште көрсетілген электрондық поштаға не электрондық пошта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген пошта мекенжайына жібереді.

      35. Білім беруді басқару органы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды осы Алгоритмде көзделген талаптарға сәйкестігін растағаннан кейін келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Aлгоритмнің талаптарына сәйкестігін айқындау үшін МДҰ-ға шығу жүзеге асырылады.

      Шығуды жүзеге асыру мақсатында білім беруді басқару органы Комиссия құрады.

      Келесі күнтізбелік жылға арналған Комиссияның құрамы білім беруді басқару органының шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Бұл ретте ваучерлік қаржыландыруға көшпеген аймақтар үшін Комиссияның құрамын басқа мерзімде бекітуге жол беріледі.

      Комиссияның құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан олардың тең үлесін қамтамасыз ете отырып қалыптастырылады.

      Комиссия төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, бірақ комиссия төрағасын қоса алғанда, кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.

      Білім беруді басқару органының басшысы және (немесе) оны алмастыратын тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органы Комиссияның жаңа құрамын қалыптастырған және бекіткен кезде тоқтатылады.

      Комиссия төрағасын қоспағанда, Комиссия мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауыс берген ұсынысы қабылданды деп есептеледі.

      36. Шығу нәтижелері бойынша Комиссия осы Алгоритмге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      37. Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде қызмет көрсетушіның атауын, БСН-ның, қызмет көрсету мекенжайын, жобалық қуатын қамтитын Қызмет көрсетушілер тізбесін өзектендіреді және Комиссия хаттамасы жарияланған күні білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      38. МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізуден бас тарту Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін оның қайта өтініш беруіне кедергі келтірмейді, бірақ бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте болмауы керек.

      39. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-да 3 (үш) жылда бір рет Алгоритмнің 30-тармағының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

      Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, білім беруді басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.

      МДҰ-ға жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімдері көрсетілген хабарламаны білім беруді басқару органы бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жасайды және МДҰ-ның танысуы үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      40. Осы алгоритмнің нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде МДҰ комиссия хаттамасын алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімшеге басшы қол қойған растайтын құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.

      Анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органын МДҰ-ны қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды.

      41. Білім беруді басқару органы мынадай жағдайларда:

      1) Комиссияның тиісті хабарламасын алғаннан кейін МДҰ жоспарлы мониторинг шеңберінде анықталған бұзушылықтар МДҰ-мен жойылмаған кезде;

      2) саны 10 (он) асатын МДҰ-дағы көрсетілетін қызмет алушылардың саны бойынша анық емес ақпарат беру бөлігінде тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша бұрмалау фактісі анықталған кезде;

      3) Алгоритмнің 31-тармағында көзделген құжаттарды верификациялау қорытындылары бойынша деректердің қателігі анықталған кезде МДҰ мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде оператордың хабарламасына сәйкес;

      4) білім беруді басқару органына МДҰ-ның орналасқан жерінің өзгеруі (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) туралы хабарлама берілмеген жағдайда, сондай-ақ Алгоритмнің 46-48-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастайды.

      42. Білім беруді басқару органдары ақпараттандыру объектісінде қызмет көрсетушілердің тізбесін тұрақты негізде өзектендіреді және операторды хабардар етеді.

      МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау оны осы Алгоритмге сәйкес Қызмет көрсетушілер тізбесіне қайта енгізуге кедергі келтірмейді, бірақ ол шығарылған күннен бастап 3 (үш) айдан ерте болмауы керек.

      МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастаған кезде ақпараттандыру объектісі бұл жайында осы МДҰ күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қызмет көрсетушілер тізбесінен басқа МДҰ-мен электронды шартын жасасатын қызмет алушыларын хабардар етеді және көрсетілген мерзім ішінде ваучерді жоймай-ақ осы МДҰ-да қаржыландырудың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      43. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың МДҰ қызметіндегі және осы Алгоритм талаптарындағы бұзушылықтар бойынша өтініштері негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      44. Орналасқан жері (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) өзгерген кезде МДҰ білім беруді басқару органына орналасқан жері (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) өзгергенге дейін 1 (бір) ай бұрын хабарлайды.

      Орналасқан жерін өзгерту (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мерзімдерін көрсете отырып, МДҰ басшысы қол қойған хабарлама білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық форматта жіберіледі.

      Хабарламаны тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) МДҰ-ға білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберіледі.

      45. Орналасқан жерінің өзгергені (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) туралы хабарлаған МДҰ хабарлама тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырылады.

      46. Білім беруді басқару органын хабардар еткен күннен бастап бір ай ішінде МДҰ мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) МДҰ басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;

      3) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса).

      Көрсетілген құжаттар МДҰ-мен білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық форматта жіберіледі.

      47. Алгоритмнің 46-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркегеннен кейін білім беруді басқару органы ақпараттандыру объектісі және (немесе) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы алады және мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) № 29/қе бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.

      48. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алгоритмнің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасап, оны білім беруді басқару органдарының ақпараттандыру объектісінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.

      Білім беруді басқару органы комиссия хаттамасының негізінде қызмет көрсетушінің атауын, БСН-ның, қызмет көрсету мекенжайын, МДҰ-ның жобалық қуатын көрсете отырып, Қызмет көрсетушілер тізбесін өзектендіреді.

7-тарау. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезіндегі Пилоттық жоба қатысушыларының әрекеттері

      49. Пилоттық жоба аясында мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру оның қатысушыларының мынадай дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:

      Білім беруді басқару органы:

      1) Алгоритмге сәйкес:

      пилоттық жобаны іске асыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін;

      Қызмет көрсетушілердің тізбесі мен ваучер ұстаушылардың тізімін қалыптастырады;

      2) Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі мен Қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін және ата-аналық төлемінің рұқсат етілегн ең жоғары мөлшері, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, тамақтану үшін және өзгерістер енгізу кезінде операторға ұсынып, бір уақытта бекітеді;

      3) операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:

      ваучер ұстаушылардың қатысу табельдерін МДҰ деректерімен салыстыру мақсатында тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділікті (логин және құпия сөз);

      тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының білім беруді басқару органы қалыптастырған көлемі шегінде оператор қаржыландыруға берген өтінішке сәйкес көлемде және мерзімдерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді;

      Қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін және қызмет алушылардың тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы жібереді;

      4) Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде оператордың қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының сомасын азайту және мерзімін қысқарту туралы қосымша келісімдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында бұзу немесе жасасу жөнінде шаралар қабылдайды, білім беруді басқару органы Тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдердің бұзылуына немесе жасалуына байланысты осындай МДҰ қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбайды;

      5) ваучер ұстаушылардың қатысу табелінде көрсетілген ақпаратты растау мақсатында қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді;

      6) оператордың хабарламасы бойынша, Алгоритмнің 41-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастайды;

      7) ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушылардың, екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қосылу шартының талаптарымен келісуін қамтамасыз етеді;

      оператор:

      8) Қызмет көрсетушілер тізбесін және ваучер ұстаушылар тізімін оларда келтірілген деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      Қызмет көрсетушілердің тізбесінде көрсетілген МДҰ деректерінің (немесе) қызмет алушылар тізімінде көрсетілген қызмет алушылардың деректерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда оператор өзінің тәуекелдерді басқару жүйесінде верификация жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы оларды верификациялау қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде оператор білім беруді басқару органын Қызмет алушылардың тізімінен тиісті емес қызмет алушыларды және (немесе) қызмет көрсетушілердің тізбесінен сәйкес келмейтін МДҰ-ны алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды;

      9) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шекте қаржыландыруға өтініш жібереді;

      10) Пилоттық жобаға қатысушылар арасында тараптардың өзара іс-әрекет жасау талаптарын көздейтін, нысаны оператормен бекітілген қосылу шартын жасасады.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 381-бабына сәйкес Пилоттық жобаға қатысушылар арасында жасалатын қосылу шарты аралас шарт болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-тарауына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес жасалатын тапсырыс шартының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына сәйкес жасалатын қосылу шартының элементтерін қамтиды.

      Пилоттық жобаға қатысушылардың қосылу шартына қосылу тәртібін оператор айқындайды және қосылу шартының бекітілген нысанында көрсетіледі.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартқа өзгерістер білім беруді басқару органының бекітілген бюджеті шегінде біржақты тәртіппен енгізіледі;

      11) виртуалды ваучер кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ қосылу шартында көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МДҰ көрсеткен білім беру қызметтерін қабылдайды не мұндай қызметтерді қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;

      12) қаржылық ваучер кезінде – екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті қызмет алушылардың шоттарына олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен тиісті МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;

      13) тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізеді;

      қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:

      14) қызмет алушы екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының мобильді қосымшасында және (немесе) ақпараттандыру объектісінде тіркеу жөніндегі нұсқаулықты жолдай отырып, қаржылық ваучерді таңдаған кезде ваучер ұстаушылардың атына банктік шот ашады.

      Банк шоттарын ашу осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оның шеңберінде екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы қызмет алушылардың банк шоттарына аударылатын және кейіннен Пилоттық жоба шеңберінде тиісті ваучер ұстаушыларға көрсеткен білім беру қызметтері үшін Қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізілген МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;

      15) қосылу шартында көзделген мерзімдерде ваучер ұстаушылардың расталған қатысу табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты ваучер ұстаушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;

      16) қосылу шартында көзделген мерзімдерде акцептісіз тәртіппен есептен шығарады:

      қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша ваучер ұстаушылардың шоттарынан алынып, операторға аударылады;

      Алгоритмнің 56-тармағына сәйкес ваучер жойылған, ваучер ұстаушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда ваучер ұстаушының банктік шоттарында қалған ақша операторға аударылады;

      17) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты оператормен келісілген нысан бойынша береді;

      18) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін одан әрі операторға беру үшін ҰБДҚ-ға береді;

      19) тиісті ваучер ұстаұшыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде:

      басқа ваучер ұстаушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір ваучер ұстаушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аудару;

      білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде ашылған ваучер ұстаушының банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру фактілеріне жол бермеуге кепілдік береді;

      20) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және ваучер ұстаушылардың қатысу табеліне растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      Қызмет алушы:

      21) қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу келісіміне қосылу туралы өтінішке қол қояды;

      22) қызмет алушымен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;

      23) электронды шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;

      24) ваучер ұстаушының МДҰ қатысу табелін есепті айдан кейінгі айдың 1-10 аралығындағы кезеңде растайды.

      МДҰ толтырған ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу табелінің деректерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.

      Ваучер ұстаушының қатысу табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі, бірақ бұл қатарынан 2 (екі) айдан аспауы қажет.

      Бұл ретте МДҰ-да QR-кодтар пайдаланылатын келуді есепке алудың қосымша электрондық жүйесі енгізілген болса, онда қызмет алушы тарапынан қатысу табелін растау талап етілмейді;

      25) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметі көрсетілетін елді мекенде тұрақты немесе уақытша тіркелудің болуын қамтамасыз етеді;

      МДҰ:

      26) Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге қызмет алушының келісім беруін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес МДҰ мен қызмет алушы арасындағы электронды шартқа енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;

      27) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;

      28) қызметкерлермен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарының болуын қамтамасыз етеді;

      29) ақпараттандыру объектісінде күн сайын ваучер ұстаушылардың қатысу табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      30) ваучер ұстаушының МДҰ-ға қатысу табелің деректерімен қызмет алушының келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ ваучер ұстаушылардың қатысу табелін өзгерту туралы қызмет алушы талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды;

      31) жас топтарын бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидаты бойынша жинақтайды. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша толтырылуы:

      - ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;

      - кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;

      - ортаңғы топ (3 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;

      - ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;

      - мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес.

      Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша толықтырылуы:

      1) топта жас ерекшелігі екі түрлі балалар болған жағдайда:

      - 1 және 2 жастағы – 15 баладан артық емес;

      - 2 және 3 жастағы – 20 баладан артық емес;

      - 3 және 4 жастағы – 25 баладан артық емес;

      - 4 және 5 жастағы – 25 баладан артық емес;

      2) топта жас ерекшелігі үш түрлі балалар болған жағдайда:

      - 2, 3, 4 жастағы – 25 баладан артық емес;

      - 3, 4, 5 жастағы – 25 баладан артық емес.

      Бұл ретте ерте жас және мектепалды жастағы балаларды біріктіре отырып, әртүрлі жас қағидасы бойынша топтар құруға жол берілмейді (мектеп жасына дейінгі балалар саны аз елді мекендерден басқа).

      50. Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер болған кезде топты жинақтау білім беруді басқару органы әрбір осындай ваучер ұстаушыға жан басына шаққанда Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде көзделген жан басына шаққандағы нормативтің кемінде 3 еселенген мөлшерін белгілеген жағдайда, ваучер ұстаушылардың жалпы санын әрбір осындай ваучер ұстаушыға 3 (үш) кеміту есебінен жүзеге асырылады.

      51. 1 шілдеден 31 шілдеге дейін жинақтау кезеңінде кемінде 30 (отыз) күн мерзімге демалыс себебінен уақытша болмаған балалардың орындарына балаларды қабылдауға жол беріледі, бұл ретте қаржыландыру жобалық қуаттан жоғары емес жүзеге асырылады.

      52. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілген білім беру қызметтері үшін ақы төлеу қосылу шартында көрсетілген мерзімде және талаптармен:

      1) мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде келіп жүрген;

      2) медициналық және өзге де ұйымдарда ауру, емделу, оңалту, ата-анасының біріне немесе баланың заңды өкіліне жылына 60 (алпыс) күн мерзімге еңбек демалысын беруі және баланы сауықтыруы себебі бойынша болмаған (анықтама немесе ата-анасының бірінің немесе баланың заңды өкілінің жазбаша өтінішін ұсынған жағдайда) ваучер ұстаушылар үшін жүргізіледі.

      Қызмет алушы ваучер ұстаушының еңбекке уақытша жарамсыздығын (ауру, емдеу, оңалту) растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, медициналық құжаттармен растау болмаған күндері еңбекке уақытша жарамсыздық себебі бойынша болмаған күндер ретінде есептеледі, ал расталмаған күндер ата-анасының күнтізбелік жыл ішінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн шегінде есепке алуды жалғастырады;

      3) МДҰ-да ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде 40 (қырық) жиынтық күннен аспайтын мерзім қабылданған ваучер ұстаушылар үшін жүргізіледі.

      53. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде мынадай жағдайларда қаржыландырылады:

      1) балалар МДҰ-ға бармайтын шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде қолданылу кезеңіне;

      2) МДҰ-ға қабылданған, бірақ МДҰ-да кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізілуі себепті бармайтын балалар үшін (құжаттамалық растамасы болса) бірақ оған жылына 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

      54. МДҰ-ға қатысты қаржыландыруды тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) оператор, уәкілетті орган, білім беруді басқару органы бастамашылық жасаған, ваучер ұстаушылар контингенті бойынша мәліметтерді бұрмалау фактілерін анықтауға байланысты тексерулер жүргізу кезеңінде;

      2) Тапсырыс беруші мектепке дейінгі білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде қаржыландыруды тоқтата тұру туралы талаптарды және (немесе) хабарламаларды орындау сәтіне дейін қатысу табеліне негізсіз енгізілген ваучер ұстаушы үшін бөлінген бюджет қаражатын қайтару туралы талаптар жіберілгеннен кейін.

      55. Ваучер ұстаушыларға қатысты қаржыландыруды тоқтату басқа МДҰ-дан мемлекеттік тапсырыс алатын ваучер ұстаушының деректері қайталанған жағдайда жүзеге асырылады.

      56. Ваучер ұстаушыларға қатысты ваучер мынадай:

      1) ваучер ұстаушы басқа елді мекенге көшкен;

      2) ваучер ұстаушы қайтыс болған жағдайда;

      3) ваучер ұстаушының қатысу табелінде келтірілген деректермен келіспеуі себепті оны растамаған жағдайларды қоспағанда, қызмет алушы қатарынан екі ай бойы осы табельді растамаған жағдайларда жойылады. Елді мекенді Пилоттық жобаға қосу кезінде өтпелі кезеңге аталған мерзім қосылу шартының күнінен бастап 3 (үш) айды құрайды.

      Бұл ретте осы тармақшаның талабы туындаған күтпеген жағдаяттарға байланысты саны осы МДҰ тәрбиеленушілерінің жалпы санының 3%-ынан аспайтын қызмет алушының қатысу табелі расталмаған жағдайға қолданылмайды.

      Ата-аналары немесе заңды өкілдері қатысу табельдерін растауға мүмкіндігі жоқ ваучер ұстаушылардың тізімін басқару органы айқындайды және операторға ұсынады;

      4) заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелді себепсіз ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде ваучер ұстаушы 40 (қырық) жиынтық күннен артық келмеуі және білім беру қазметтерін алмауы, мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Ваучер ұстаушының дәлелсіз себеппен 35 (отыз бес) күнге дейін келмеуінің жиынтық ұзақтығына жеткен кезде ақпараттандыру объектісі қызмет алушыға, сондай-ақ МДҰ-ға ваучер ұстаушының МДҰ-ға келмеуінің жиынтық 40 (қырық) күніне жеткен жағдайда ваучердің күшін жою туралы ескертумен хабарлама жібереді. Ваучер ұстаушының дәлелді себепсіз келмеуінің жиынтық ұзақтығына 40 (қырық) күнге жеткен кезде ақпараттандыру объектісі қызмет алушыға, сондай-ақ МДҰ-ға бармаудың дәлелді себебін растайтын құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда ваучердің күшін жою туралы хабарлама жібереді.

      57. Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін білім беру қазметтерінің сапасы мен көлеміне мониторингтеуді Пилоттық жобаға қатысушылар жүргізеді.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
1-қосымша
Нысан

      Қызмет көрсетушіге

      _________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________жеке

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН),

      _____________________

      тұратын мекен-жайы

Өтініш

      Сізден ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) баланы мынадай елді мекенде:

      қала (кент, ауыл) ____________________________________________

      ваучер алу үшін кезекке қоюды сұраймын.

      Бала:

      1) әскери қызметкерлердің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      2) арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      3) құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің баласы, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      4) мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      5) мүмкіндігі шектеулі баласы (құжаттың көшірмесі);

      6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы баласы;

      7) ата-анасының бірінде мүгедектігібар отбасы баласы;

      8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;

      9) жетім бала;

      10) көп балалы отбасының баласы;

      11) педагогтің баласы;

      12) медициналық қызметкердің баласы;

      13) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсына жатпайтын бала болып табылатынын (қажеттісін көрсетіңіз) хабарлаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы хабарламаларды уақтылы алу үшін "электронды үкімет" веб-порталындағы (мобильді азаматтар базасындағы) және ақпараттандыру объектісіндегі телефон нөмірі туралы өзекті мәліметтерді қолдауға міндеттенемін.

      Мен, білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды, кезектілік құруды, ваучер алуды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі Пилоттық жобаны жүргізу Алгоритіммен танысқанымды және ақпараттандыру объектісіндегі құпияны құрайтын, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісетінімді (келісетінімді) растаймын.

      Электрондық мекен-жайы: _____________

      Қолтаңба _______________ Күні _________________

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
2-қосымша

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Қызмет берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері

2

Қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Электронды үкімет" веб-порталы www.egov.kz;
2) ақпараттандыру объектілері;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызмет көрсету мерзімі


4

Қызметті көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)/ проактивті

5

Қызмет көрсетудің нәтижесі

кезекке қою туралы хабарлама беру (бекітілген нысанда) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

қызмет қызмет алушыларға тегін көрсетіледі

7

 
Жұмыс кестесі

1) қызмет көрсетуші: мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызмет көрсетушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;
2) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінгенде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) ақпараттандыру объектілері: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінгенде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

 
Қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызметтің қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
3) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің, медицина қызметкерінің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) санаториялық МДҰ-ға кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер құжатының электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсетушілер жеке басын куәландыратын құжаттарды, баланың туу туралы куәлігі туралы, ваучер алғанын растайтын мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Резидент еместер үшін:
1) Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) қызмет алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) фтизиатр-дәрігер құжатының электрондық көшірмесі (санаториялық МДҰ-ға кезекке қою кезінде).

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) санаториялық және арнаулы МДҰ-ға, сондай-ақ МДҰ-дағы арнаулы топтарға кезекті қоспағанда, осы немесе басқа өңірде баланың кезекке қойылуын анықтау;
2) осы немесе басқа өңірде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет көрсетілетін МДҰ контингентінде баланың болуы;
3) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болмауы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қызмет алушының қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;

10

Қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Қызмет алушының таңдауы бойынша көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен бірге көрсетіледі.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Сізге 2 қосымшаның 9-тармағында белгіленгін талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты

      ______________________________________________________

      (мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)

      1) _________________________________________________________;

      2) _________________________________________________________;

      3) _________________________________________________________;

      4) _________________________________________________________.

      Алгоритмде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылды.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
4-қосымша

Кезектілік санаты

Санат нөмірі

Санаттың сипаттамасы

Санаттың салмағы

1

Әскери қызметкерлердің, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметкерлерініңінің балалары, 5 жасқа толған, кезекке қойылған күні бойынша

3

2

Әскери қызметкерлердің, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметкерлерініңінің балалары, 2 мен 5 жас аралығында, кезекке қойылған күні бойынша

2

3

Мүмкіндігі шектеулі балалар, 2 жастан жоғары, жалпы білім беретін балабақшаларға, кезекке қойылған күні бойынша

2

4

5 жасқа толған, ата-анасының бірінде мүгедектігі бар балалар, кезекке қойылған күні бойынша

2

5

2 мен 5 жас аралығындағы, ата-анасының бірінде мүгедектігі бар балалар, кезекке қойылған күні бойынша

2

6

5 жасқа толған, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, кезекке қойылған күні бойынша

2

7

2 мен 5 жас аралығындағы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, кезекке қойылған күні бойынша

2

8

5 жасқа толған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

9

2 мен 5 жас аралығындағы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

10

5 жасқа толған, көпбалалы отбасындағы балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

11

2 мен 5 жас аралығындағы, көпбалалы отбасындағы балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

12

5 жасқа толған, педагогтеардің, медициналық қызметкерлердің балалары, кезекке қойылған күні бойынша

1

13

2 мен 5 жас аралығындағы, педагогтеардің, медициналық қызметкерлердің балалары, кезекке қойылған күні бойынша

1

14

кезекте тұрған, жасы бойынша 5 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

15

кезекте тұрған, жасы бойынша 5 жасқа толған егіз балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

16

2 мен 5 жас аралығындағы егіз балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

17

МДҰ қатарынан кемінде 6 ай қатарынан барған кезде 2 жастан 6 жасқа дейінгі коммерциялық негізде МДҰ-ға баратын балалар кезекке қойылған күні бойынша

1

18

кезекте тұрған, жасы бойынша 4 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

19

кезекте тұрған, жасы бойынша 3 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

20

кезекте тұрған, жасы бойынша 2 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

21

жасы бойынша 1 жасқа толған балалар немесе одан кіші кезекте тұрған балалар

0

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
5-қосымша

      Мен, ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      _________________________________________________________________,

      (және баланың жеке деректерін тегі, аты ,әкесінің аты (болған жағдайда))

      "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"/"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметтерін алу үшін талап етілетін менің жеке дерегімді және баланың жеке деректерін жинауға және өңдеуге, оның ішінде қол жеткізуге келісемін, сондай-ақ мынадайларға келісім беремін:

      1) қызмет көрсету мақсатында тұлғаларға дербес деректерді беру;

      2) қызметтер көрсету мақсатында оларды құру процесінде дербес деректерді трансшекаралық беруді.

      Қызмет көрсету кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

      Осы келісім қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейінгі барлық кезең ішінде қолданылады.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
6-қосымша
  Нысан

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

      Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі

      "мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы) басшысы атынан

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір жағынан және екінші жағынан

      _________________________________________________________________

      (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының)

      біреуі ____________________________________________________________-_

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.

      1.2. Осы шартқа қол қою арқылы баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі мектепке дейінгі ұйым қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырған қосылу шартына қосылады.

      Баланың ата анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қосылу шартына қосылуы:

      мектепке дейінгі ұйым қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында, оның ішінде оған барлық қосымшаларда орналастырған қосылу шартының талаптарымен және баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің қосылу шартының барлық талаптарын ескертулерсіз және қарсылықтарсыз толық көлемде оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын куәландырады;

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде сенім білдірушінің дербес деректерін қосу шартын тараптардың жинауы мен өңдеуіне оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритміне сәйкес тәрбиеленушілерді қабылдауды іске асыруға;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      4) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мектепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;

      5) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;

      6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;

      7) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 60 (алпыс) күнге дейін мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде баланың орнын сақтауға;

      8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;

      9) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асыруға;

      10) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін шығаруға;

      11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарын сақтауға;

      12) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрмет көрсетуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсету;

      ата-аналардың (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда) міндеттеледі.

      2.2. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс күндері және демалыс күндері тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетуге;

      2) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылғанда, тәрбиеленуші 40 (қырық) күннен астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген, дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;

      3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;

      5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;

      6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.

      2.3. Ата-ана немесе баланың занды өкілі:

      1) Жарғымен анықталған ережелерді орындауға, осы шарттың талаптарын сақтауға;

      2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;

      3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;

      4) баланы алкогольді немесе наркотикті мас күйдегі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туысқандарына мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;

      5) мектепке дейінгі ұйымды баланың бармайтыны туралы алдын ала уақытында хабардар етуге;

      6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;

      7) мектепке дейінгі ұйымға себепсіз бармай қалуды болдырмауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш және одан астам уақыт болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген медициналық анықтаманы ұсынуға;

      8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;

      9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара қарым-қатынас жасауға;

      10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;

      11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:

      әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге;

      кибермәдениет пен кибергигиенаға тәрбиелеуге;

      12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;

      13) баласының мектепке дейінгі ұйымға баруын қатамасыз етуге;

      14) мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және екінші деңгейдегі банктің/Ұлттық пошта операторының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген ваучер ұстаушының баланың қатысу табелін растауға не келіспеушілік себептерін көрсете отырып, ваучер ұстаушының баланың қатысу табелінде көрсетілген деректермен келіспеушілікті жіберуге міндеттеледі.

      Мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және екінші деңгейдегі банктің/Ұлттық пошта операторының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген ваучер ұстаушының баланың қатысу табелі қатарынан екі ай бойы қатарынан расталмаған жағдайда, ондағы деректермен келіспеу себебінен расталмаған жағдайларды қоспағанда, ваучер жойылады.

      2.4. Ата-ана немесе баланың занды өкілі:

      1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;

      2) баланың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;

      3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;

      4) осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;

      5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      2.5. Ата-ана МДҰ-мен осы Шартты жасаса отырып, осы МДҰ-да оның баласы үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды көздейтін қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді.

      3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі:

      Баланың тамақтануы үшін _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 60 (алпыс) күннен артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.

      4. Тараптардың жауапкершілігі:

      Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Дауларды шешу тәртібі:

      1) осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді;

      2) тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      6. Форс-мажор:

      1) су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды;

      2) билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады;

      3) Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарынының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

      7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі:

      1) шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Бұл ретте осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келуге және осы Шарттың талаптарын жақсартуға бағытталуға тиіс;

      2) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді;

      3) шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін;

      4) Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайы және қолы:

Мектепке дейінгі ұйым
_____________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
Мекенжайы:__________________
Мектепке дейінгі ұйым басшысы:
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
Қолы________________________
Мөр (мемлекеттк ұйымдарға),
(жеке меншік ұйымдарға - болған жағдайда)

Ата-ана:
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
Мекенжайы:_____________________
Төлқұжат деректері: ______________
________________________________
_____________________
Байланыс деректері _______________
Қолы___________________________

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
7-қосымша
  Нысан

Ваучерді беру туралы хабарлама

      Құрметті: ____________________________________________________________

      (қызмет алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Сіздің балаңызға ___________________________________ (баланың аты-жөні (болған жағдайда))

      ___________________ (елді мекеннің атауы) ваучер берілді.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
8-қосымша
  Нысан

Талаптарға сәйкестік/сәйкессіздік туралы хаттама

      ____________________________________

      (ұйымның/мекеменің атауы)

      Күні: __________

      Құрастыру орны: __________

      1. Комиссия (немесе уәкілетті орган) құрамы:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (лауазымы) – комиссия төрағасы

      2) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (лауазымы) – комиссия мүшесі

      3) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (лауазымы) – комиссия мүшесі

      МДҰ-ның мынадай параметрлерге сәйкестігін тексерді:

      1) "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес шарттарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) – сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі көрсетілсін);

      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) - сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі көрсетілсін);

      3) "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) - сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі көрсетілсін);

      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру үшін арнайы жағдайлар (бар болса) және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаның болуына - сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі көрсетілсін);

      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) – сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі көрсетілсін);

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

      7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және қаулыға сәйкес штат санына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес штат санына.

      2. Тексеру қорытындысы бойынша Комиссия мынадай қорытындыға келді:

      МДҰ осы Хаттаманың 1-тармағында көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

      Комиссия төрағасы_______ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшесі_________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшесі_________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
9-қосымша

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі)

1

МДҰ қызмет көрсетушінің атауы

Мектепке мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері

2

Қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "электронды үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
2) ақпараттандыру объектілері;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асады.

3

Қызметті көрсету мерзімі

Өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Қызметті көрсету нәтижесі

баланы МДҰ-ға қабылдау / Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) ақпараттандыру объектілері: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
3) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанындағы анықтама;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы анықтама;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда).
Резидент еместер үшін:
1) алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қызмет алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/е нысанды профилактикалық егу картасы;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығы паспортының" № 052-2/у нысанындағы анықтама;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысанындағы анықтама;
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) қызмет алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) қызмет алушының және (немесе) қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы алгоритмде белгіленген талаптар тізбесіне сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.edu.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру туралы пилоттық
жобаны жүргізу алгоритміне
10-қосымша
  Нысан
  Білім беруді басқару органының басшысына
  ______________________
  (Басшының Т.А.Ә. (бар болса))

Өтініш

      _______________________________________________________ тізімге

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы, БСН)

      мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілер тізіміне қосуыңызды сұраймын.

      Осымен мынаны хабарлаймын:

      1) мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты: _______________;

      2) өтініш берілген күн бойынша нақты тәрбиеленушілер контингенті :_____ бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға _________ бала;

      3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      ____________________________________________;

      (орналастырылған/ орналастырылмаған және қай жылдан бастап орналастырылғанын көрсетіңіз)

      4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру дерекқорының пайдаланушысы болып табылады.

      Осымен мектепке дейінгі ұйым:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптардың;

      2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарының;

      3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларының сақталуын;

      4) Ұлттық білім беру дерекқорында өзінің:

      - тәрбиеленушілері;

      - тәрбиешілері, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпараттың ай сайын толтырылып отыруын;

      5) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-аналық төлемнің, оның ішінде қосымша қызметтер үшін, балалардың тамақтануы үшін төлемінің рұқсат етілген ең жоғары мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қосымша: Тізімге қосылу үшін арналған құжаттар ____ парақта.

      Басшы_______________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні "______" __________ 20____ж.

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 372 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
3-қосымша

Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі

Өңірлер

Аяқталу мерзімі

Жауапты тұлғалар

 

Ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшу

1

Шымкент қаласы

2025 жылдың қантар айынан

Шымкент қаласы әкімдігі, Білім басқармасы

2

Тараз қаласы

Жамбыл облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі

3

Түркістан қаласы

Түркістан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Түркістан қаласының білім бөлімі

4

Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Орал қаласының білім бөлімі

5

Астана қаласы

2025 жылдың қаңтар айынан

Астана қаласы әкімдігі, Білім басқармасы

6

Семей қаласы

2025 жылдың наурыз айынан

Абай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі

7

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Өскемен қаласының білім бөлімі

8

Қарағанды қаласы

Қарағанды облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қарағанды қаласының білім бөлімі

9

Жезказган қаласы

Ұлытау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі

10

Петропавл қаласы

2025 жылдың сәуір айынан

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Петропавл қаласының білім бөлімі

11

Қостанай қаласы

Қостанай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қостанай қаласының білім бөлімі

12

Павлодар қаласы

Павлодар облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Павлодар қаласының білім бөлімі

13

Қонаев қаласы

2025 жылдың мамыр айынан

Алматы облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қонаев қаласы білім бөлімі

14

Қосшы қаласы

Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі

15

Талдықорған қаласы

Жетісу облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Талдықорған қаласының білім бөлімі

16

Ақтөбе қаласы

2025 жылдың маусым айынан

Ақтөбе облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі

17

Атырау қаласы

Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Атырау қаласының білім бөлімі

18

Актау қаласы

Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Маңғыстау қаласының білім бөлімі

19

Қызылорда қаласы

Қызылорда облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қызылорда қаласының білім бөлімі

20

Алматы қаласы

2025 жылдың шілде айынан

Алматы қаласы әкімдігі, Білім басқармасы

      *Ескертпе: облыстық маңызы бар қалалардың аудандары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің шешімі негізінде облыстық маңызы бар қаланың ауысуына қарай ваучерлік қаржыландыруға көшеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады