"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-30) – 177-56) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша және инновациялық қызметті мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.".
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру және дамыту;
5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
6) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру.".
15-тармақ мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2), 48-3), 48-4), 48-5), 48-6), 48-7), 48-8), 48-9), 48-10), 48-11), 48-12), 48-13), 48-14), 48-15), 48-16), 48-17), 48-18), 48-19), 48-20), 48-21), 48-22), 48-23), 48-24), 48-25), 48-26) және 48-27) тармақшалармен толықтырылсын:
"48-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
48-2) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
48-3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
48-4) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
48-5) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
48-6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
48-7) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын әзірлеу;
48-8) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;
48-9) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;
48-10) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
48-11) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
48-12) жобалардың инновациялылығы өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту;
48-13) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;
48-14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын пайдалану арқылы жәрдем көрсету;
48-15) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
48-16) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде келісу;
48-17) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын инновациялық және технологиялық даму бөлігінде келісу;
48-18) ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
48-19) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
48-20) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту;
48-21) цифрлық трансформация және 4.0 индустриясын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
48-22) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қарау үшін жетекшілік ететін бағыттардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
48-23) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
48-24) құзыреті шегінде әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
48-25) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
48-26) құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
48-27) Венчурлік қорларды қоса қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |
