"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Министрдің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 425 бұйрығымен бекітілген Ғылымды дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
"43-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережені әзірлейді;".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | С. Нұрбек |
