Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 15-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 408 бұйрығы қосымша |
Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі |
В001 | Педагогика және психология |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау |
В014 | География мұғалімдерін даярлау |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау |
В019 | Әлеуметтік педагогтарды даярлау |
В020 | Арнайы педагогика |
В101 | Дәстүрлі музакалық өнері |
В033 | Дінтану және теология |
В134 | Археология және этнология |
В234 | Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау |
В042 | Журналистика және репортер ісі |
В043 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі |
В044 | Менеджмент және басқару |
В045 | Аудит және салық салу |
В051 | Қоршаған орта |
В056 | Механика |
В057 | Ақпараттық технологиялар |
В059 | Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
В062 | Электр техникасы және энергетика |
В065 | Көлік техникасы және технологиялар |
В126 | Көлік құрылысы |
В162 | Жылу энергетикасы |
В166 | Көліктік имараттар |
В173 | Гидромелиорация |
В175 | Сумен қамтамасыз ету және суды бұру |
В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі |
В069 | Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) |
В070 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру |
В077 | Өсімдік шаруашылығы |
В078 | Мал шаруашылығы |
В079 | Орман шаруашылығы |
В080 | Балық шаруашылығы |
В082 | Су ресурстары және суды пайдалану |
В183 | Агроинженерия |
В083 | Ветеринария |
В084 | Мейіргер ісі |
В085 | Фармация |
ВМ086 | Медицина |
ВМ088 | Педиатрия |
ВМ087 | Стоматология |
ВМ089 | Медициналық-профилактикалық іс |
В090 | Әлеуметтік жұмыс |
В091 | Туризм |
В092 | Тынығу |
В093 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі |
В094 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
В095 | Көлік қызметтері |
В097 | Өрт қауіпсіздігі |