"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылымының қайта ұйымдастырылуына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 45 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41) және 42) тармақшалар алынып тасталсын;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"49) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы нысаналы капитал қорларының қызметі жөніндегі жұмысты үйлестіру;"
92) және 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
92) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде ауылдық квота бойынша білім алған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмысқа орналасу міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізуді үйлестіру;
93) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларына жастарды орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |