"Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 16 мамырдағы № 251 бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу
№ | Мемлекеттік орган | ССтипендия | |
студенттерге | магистранттарға | ||
1. | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі | 1014 | 5 |
2. | Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі | 0 | 0 |
Қазақстан Республикасы мәдиниет және ақпарат министрлігі | 17 | 1 | |
3. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | 4 | 1 |
4. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 45 | 1 |
Барлығы | 1080 | 8 |