Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 100 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесі

      1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

      2. Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс.

      3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады