"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 18 мамырдағы № 34 шешімі;
2) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы №34 "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 84 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З.Оспанова |
