"Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылдың 1 тамызындағы №211 "Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33238 болып тіркелген) сәйкес, село тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеңгір селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кеңгір селосындағы:
"Молодежная" көшесі – "Жібек жолы" көшесі
"Мира" көшесі – "Ұлы Дала" көшесі
"Школьная" көшесі – "Ыбырай Алтынсарин" көшесі,-деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Әкім | Есмағанбетов Р. Ш |
