Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 263 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қазандағы № 43-10 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және тиісті аудандық мәслихаттың шешімін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы Строитель 2 көшесі – Байтақ көшесі, Строитель 3 көшесі – Ботан көшесі, Строитель 4 көшесі – Дәстүр көшесі, Строитель 5 көшесі – Сәулет көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық кеңестер, ауыл шаруашылығы, экономика және әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Сарысу ауданының әкімі С. Мамытов
      Сарысу ауданы мәслихатының төрағасының міндетін атқарушы О. Мұқашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады