Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің ауылдарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы № 52-2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылының шекараларының жалпы көлемі 644,5326 гектар болып белгіленсін.

      2. Ақсай ауылдық округі Диқан ауылының шекараларының жалпы көлемі 895,3859 гектар болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Мұртаза
      Мәслихат төрағасы З. Бүрлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады