"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде Үлгілі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінің Үлгілі ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Жақыпбай көшесінің 2- тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 3- тұйық көшесін Бауыржан Момышұлы тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 5-тұйық көшесін Домалақ ана тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 6-тұйық көшесін Қайнар тұйық көшесіне;
Массив Үлгілі 1-тұйық көшесін Медеу тұйық көшесіне;
Массив Үлгілі 2-тұйық көшесін Тұмар тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 3-тұйық көшесін Жақсылық Үшкемпіров тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 4-тұйық көшесін Байзақ батыр тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 5-тұйық көшесін Шерхан Мұртаза тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үлгілі ауылдық округінің әкімі | М. Досмұратов |
