Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі Бурыл ауылының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бурыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің Бурыл ауылының кейбір құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      бірінші көшесі Бақдаулет көшесіне;

      екінші көшесі Бірлік көшесіне;

      үшінші көшесі Ақжүрек көшесіне;

      төртінші көшесі Шаңырақ көшесіне;

      бесінші көшесі Достық көшесіне;

      жетінші көшесі Арай көшесіне;

      сегізінші көшесі Байғазы көшесіне;

      тоғызыншы көшесі Үшарал көшесіне;

      оныншы көшесі Тұлпар көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Б. Дуйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады