Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген);
2) "Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212-08 болып тіркелген).
3. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
Жобаны ұсынушы:
| Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы | Н. Егембердиев |
| Жамбыл облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" _________ | |
| № _____ қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін арналған орындар
№ | Су объектісінің атауы | Көпшілік демалатын орын | Орналасқан жері |
1 | Сеңгірбай су қоймасы | жағажай |
Жамбыл ауданы, |
2 | Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы | жағажай |
Жуалы ауданы, |
3 | Қарабастау бұлағы | жағажай |
Жуалы ауданы, |
4 | Гавайи-Қордай жаппай демалыс орны | жағажай |
Қордай ауданы, |
5 | Алмаз су қоймасы | жағажай |
Қордай ауданы, |
6 | Орталық саябақтағы көл | жағажай |
Сарысу ауданы, |
7 | Ақбұлақ жаппай демалыс орны | жағажай |
Сарысу ауданы, |
8 | Жартас су қоймасы | жағажай |
Талас ауданы, |
9 | Пионер су қоймасы | жағажай |
Талас ауданы, |
10 | Тасөткел су қоймасы | жағажай |
Шу ауданы, |
11 | Шу өзені | жағажай | Шу ауданы, Белбасар ауылы, Ақ жайлау демалыс орнының маңы |
12 | Шу өзені | жағажай | Шу ауданы, Төле би ауылы, Меркі-Бұрылбайтал тас жолы 109 шақырым Шу өзені арқылы өтетін көпірдің жанында |
